Без рубрики

БИБІСАРА АСАУБАЕВА CAIRNS CUP 2026 ТУРНИРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Турнирдің төртінші турында отандасымыз ақ фигуралармен ойнап, Швейцария атынан өнер көрсететін бұрынғы әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Асаубаева партияны 23 жүрісте аяқтап, қарсыласынан басым түсті.

Бұл — Бибісара Асаубаеваның биылғы турнирдегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін шахматшы алғашқы үш турда украиналық Анна Музычукпен, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең түскен болатын.

Осылайша төрт турдың қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаева 2,5 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында келеді.

Қазір жарыс көшін Қытайдың бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъи бастап тұр. Оның еншісінде 3,5 ұпай бар.

Cairns Cup — әйелдер арасындағы беделді шахмат турнирлерінің бірі. Биылғы додада әлемнің үздік шахматшылары бақ сынап жатыр. Бибісара Асаубаева алдағы турларда да жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close