Без рубрики

ҰЛЫТАУДА 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕЛІК МАРГАНЕЦ КЕНІН ЗАҢСЫЗ ӨНДІРГЕН ТОП ҰСТАЛДЫ

Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндіріп, өңдеумен айналысқан топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерде рекультивация жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Алайда іс жүзінде аумақта ауыр карьерлік техника мен ұсату-жуу жабдықтары бар толыққанды тау-кен байыту кешені жұмыс істеген.

Заңсыз өндірілген марганец кені кейін тауарлық концентратқа дейін өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Өнімді тұрақты түрде тасымалдау үшін күдіктілер теміржол тұйығын да жалға алған.

Тергеу барысында заңсыз жолмен өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асқаны анықталған. Оның жалпы құны 1 миллиард теңгеден көп болған.

Заңсыз өндіру салдарынан жер учаскелеріне де залал келген. Бүлінген аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарының алдын ала есептелген құны 150 миллион теңгеден асады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз кен өндіру схемасына қатысы бар өзге де тұлғаларды және келтірілген залалдың нақты көлемін анықтап жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close