АҚШ ИРАНҒА ҚАРСЫ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ ДАЙЫНДАП ЖАТЫР
АҚШ Иранға қатысты экономикалық қысымды одан әрі күшейтуді жоспарлап отыр. Вашингтон алдағы шаралар Иранға қарсы теңіз блокадасымен қатар жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент хабарлады. Оның айтуынша, келесі аптада Иранға қатысты жаңа экономикалық шаралар жарияланбақ.
«Келесі аптадағы хабарландыруларға назар аударыңыздар. Біз елді экономикалық оқшаулау тарихында бұрын-соңды болмаған шараларды қолданамыз», – деді Бессент.
Алайда АҚШ Қаржы министрі жоспарланып отырған шектеулердің нақты қандай бағыттарды қамтитынын ашып айтпады. Жаңа шаралардың Иран экономикасының қай салаларына әсер ететіні әзірге белгісіз.
Вашингтон бұған дейін де Тегеранға қарсы санкциялық қысымды күшейтіп, Иранның мұнай экспорты мен қаржы операцияларын шектеуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдаған.
Алдағы аптада жарияланатын жаңа шешімдер АҚШ-тың Иранға қатысты экономикалық саясатының одан әрі қатаюына әкелуі мүмкін.



