Без рубрики

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЛАРЫН САЙЛАДЫ

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары төраға орынбасарларын сайлады. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай төраға орынбасары қызметіне бұрынғы сенатор Нұрлан Бекназаровтың, «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаеваның және Динара Закиеваның кандидатураларын ұсынды.

Депутаттар ұсынылған кандидатураларды қолдады. Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Закиева Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

Құрылтайдың төраға орынбасарлары жаңа заң шығарушы органның жұмысын ұйымдастыруға және сессия барысында қаралатын мәселелерді үйлестіруге қатысады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close