Қоғам

АВИАЦИЯЛЫҚ КӨЛІКТЕГІ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жердің əуе кеңістігінде үнемі мыңдаған ұшқыш аппараттар жүреді (ұшақтар, тік ұшақтар, əуе шарлары, дельтапландар). Олар жолаушыларды, жүктерді тасиды, ғылыми, əскери жəне арнайы тапсырмаларды орындайды. Жыл сайынғы статистика ТЖ – ның авиакөліктерде кездесетін жағдайларының мыңдап саналатынын куəландырады.

Авиа көлікте ТЖ пайда болуы жəне санының өсу ерекшілігі авиа құралдардың үлкен жылдамдықта қозғалуынан, олардың бортында жанар май мөлшерінің көптігі мен жарылғыш заттардың болуынан, адамдардың салонның бекітулі кеңістігінде болуынан, апатқа ұшырайтын əуе кемесінде қауіпсіздікті сақтайтын тиімді шаралардың болмауынан.

Авиа көліктердегі ТЖ кезінде жарақаттанудың жəне қаза болудың негізгі факторы, соққыдан жəне өрттен пайда болған күштер болып табылады. Авиациядағы ТЖ себептері жарылыстар, өрттер, ұшу – қону алқабынан шығып кетуі, əуе кемесінің құлаулары.

Ұшудың қауіпсіздігі:

  • жобалауды қатал регламенттеумен, құрылулармен, əуе кемесін сынаумен жəне əуе кемесін, авиациялық двигателдер мен жабдықтарды сертификаттаумен;
  • техникалық талаптың толық тізімімен жəне əуе кемесінің, олардың элементтерінің, жүйелерінің, агрегаттарының жəне жабдықтарының нормативті сипаттамасымен;
  • оларды дайындау жəне қызмет көрсету жөніндегі міндетті ережелері тізімімен бірге, əуе кемесін пайдаланудың техникалық жүйесімен;
  • əуежайға, аэродрамдарға, эуе жолдарға техникалық талаптармен жəне нормативтермен;
  • əуе қозғалысын басқару ұйымының ережелерімен;
  • авиақозғалысын қамтамасыз ететін, метеоқызметінің жұмыс тəртібімен;
  • авиа окиғаларды тексеру жүйесімен қамтамасыз етіледі. Авиакөліктегі ТЖ – ны төмендету жөнінідегі тұрақты жұмысқа қарамастан əуе кемесінде авариялар мен апаттар жиі кездеседі. Олар авиа тұрақта, ұшу кезінде, отыруға кіру кезінде, отыру кезінде болады.

Авиакөліктегі ТЖ – ның негізгі бөлігі (шамамен 80%) əуежай ауданында болады (тұрақ, ұшу, қонуға кіру, қону). Бұл жерде авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуді – диспетчерлік, старттық, өрттен – құтқару, медициналық, инженерлік, мамандандырылған көліктер, тасымалдаушы, полициялар, АҚҚ сияқты əрбір қызметтің есептемелері кіретін авариялық – құтқару командалары (АҚК) жүзеге асырады. Əуе кемесінен авария туралы ақпарат алған соң АҚҚ шұғыл жұмысқа кірісуге міндетті. Авиа апатта құрбан болғандардың саны тікелей əуе кемесінің қирау дəрежесіне, жылудан зақымдануына жəне өрт кезіндегі тұншығуға, жоғары орналасқан жүктесіктер арқылы борттан құлаған жүктердің адамдарды жарақаттауына, жолаушылар іс

– қимылының ұйымшылдығына жəне үйлесілімділігіне, экипажға, құтқарушыларға байланысты. Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге, оларды көшіруге тіпті мүмкіндік бермейтін үрейлі дүрбелең бөгет жасайды.

Авиакөліктегі ТЖ кезінде адамдарды құтқару жөніндегі алғашқы шаралар, оларды көшірумен байланысты. Əртүрлі топтағы əуе кемесіндегі көшіру мүмкіндігінің бір — бірінен айырмашылығы бар. Олар салондардың құрастырылуына, жолаушылардың санына, қолда бар запасқа жəне авариялардың шығуларға, оларды жұмысқа дайындау уакытына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талабына сəйкес (ИКАО) барлық жолаушылар ТЖ жағдайында борттың бір жағында орналасқан шығу жолы арқылы 90 сек ішінде əуе кемесін тастап кетулері қажет. Апаттық жағдай кезінде барлық негізгі, қызметтік, запас есіктер адмдарды көшіру үшін пайдаланылуы қажет. Ол экипаж кабинасында арнайы жүктесіктерді, құтқарушылар жасаған жүк тесіктерді, желдеткіштерді бұзу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Авариялық шығу құлпының конструкциялары салонның ішінен қалай ашылса сыртынан да олардың солай ашылу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Шығатын есікті іш жағынан экипаж мүшелері немесе жолаушылар ашады. Бұл жұмысты сыртынан құтқарушылар орындайды. Олар авариялық шығуға жылжымалы басқыш, арнайы автокөліктік құралдар алып келеді, арқан жүйелерін іледі. Апаттық шығу есіктерінде құлып тұтқалары қарапайым орнатылған олар көрініп тұрады жəне ашу кезінде үлкен күшті қажет етпейді.

Кейде өрт салдарынан пайда болған фюзеляждың өзгеріске ұшырауы жəне жоғарығы температура есіктердің жəне қол тесіктердің сыналасуына əкеледі. Бұндай жағдайда құтқарушъшар фюзеляжды ашуға кіріседі. Фюзсляждың барлық ұзындығына үлкен қысымдағы электр өткізгіш жəне құбыр жүргізетін гидрожүйелер қойылғандықтан ашу орнына еркін жете алмайды. Олардың зақымдануы косымша қиындықтарға алып келуі мүмкін. Ашудың қолайлы орындары фюзеляжда ақ фонда сары түсті тұмаршалармен (бұрыштармен) белгіленген. Ашылу дискілі араларды, электр өңдейтін машиналарды, арнайы қысқыштарды жəне балталарды қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстарды тез жəне барлық сақтану шараларын қадағалай отырып жүргізу керек.

Əуе кемесінің бортынан көшіру.

ТЖ кезінде əуе кемесінің бортынан адамдарды жəне экипаж мүшелерін көшіру жылжымалы басқыштарды жəне өрт сатыларын, ірі автомобильдердің сыртқы қабын, арқан жүйелерін қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Əуе кемесінің өзінде сонымен қатар, шығатын есік жанында көшіруге арналған арнайы құралдар бар: үрленген басқыштар, матадан жасалған науа, құтқару арқандары.

ТН – 2 үрленген басқыштары (Ил – 62) кіретін есік алдындағы люктің астында немесе (Ту – 154) лақтырмалы платформасында, ТН – 3 басқышы алдыңғы кіру есігінің лақтырмалы платформасына орналасады. ТН – 2 (ТН – 3) үрленген басқышын жұмыс жағдайына алып келу үшін (Ил – 62) люгінің астындағы авариялық есікті ашу қажет, басқышты суыру жəне люкке бекіту қажет. Ту – 154 ке жəне Ту – 134-ке авариялық шығу алдындағы еденге басқыш бекітілген төсемді тастау керек, екі тотыққан көміртекті баллонға жəне басқышқа бұралған, біріктіретін шланг жарылған жоқпа немесе айналып кетпеді ме соны тексерген жөн, содан кейін басқышты қабымен кеменің сыртына шығару керек. Басқышты түзулегеннен кейін тұтқамен екі тотыққан көміртек баллон винтеліне мықтап бұрау керек. Басқыш 10-12 с ішінде газға толады жəне жұмыс жағдайы ұшақтан жерге дейін 45-50° бұрышты алады. ТН – 2 пен жəне ТН – З пен кем дегенде 2 адам басқышпен бір уақытта қатар түсуге рұқсат етіледі. Бір үрленген басқыштың жіберуқабілеті 2,5-3,0 минутта 100 адам.

Матадан жасалған науа, ереже бойынша, шамамен фюзеляждың оң жағындағы шығатын жерінде: Ил – 2 нің люгі астындағы еденде, Ту – 154 тің шығуға жақын багаждағы сөреде, Ту – 134 тің экипаж гардеробында болуы тиіс. Матадан жасалған науа тартпа шұғыл көшіру кезінде қызметтік жəне запас шығулар арқылы адамдарды жерге түсіреді. Ол қоспалы матадан жасалған

«қаптық жамылғы – шатыр». Есікті (люкті) ашқаннан кейін науаны қаптан шығару керек жəне науаның ілмектерін есіктің үстіңгі жəне төменгі бөлігіне іліп қою керек. Науаны жерге тастап, əуе кемесінен кенеп матаны 4-5 м созып тартады. 2 (Ту – 134) немесе 4 (Ту – 154) ілмектерінен ұстап тұрып жолаушыларды төмен түсіреді. Матадан жасалған науамен оның міндетті түрде сақтануымен, бір уақытта 1 адамнан түсіруге рұқсат етіледі.

Əрбір авариялық шығуда, сонымен қатар экипаж кабинасындағы желдеткіштің үстінде немесе люктерде фюзеляждың тіреуішіне бекітілген құтқарушы арқандар бар. Желдеткішті немесе люктерді ашып арқан сыртқа шығарылады.

Ил – 86 жəне Як – 42 ге жолаушыларды жəне экипаж мүшелерін авариялық көшіруге арналған авариялық есіктер бар, олардың ішінде үрлеген басқыштар болады. Есіктердін авариялық ашылуы барысында контейнерлерден баллоннан ауамен толтырылып үрленген науа автоматты түрде шығады. Ил

86 да екі жолды басқыш бір уақытта əуе кемесінен шығуы мүмкін жəне басқышпен 4 адам қатар жүре алады. Як – 42 та бір жолды басқыш, бір уақытта басқышта 2 адам қатар жүре алуы мүмкін.

Авариялық көшіру кезінде құтқарушылар экипажбен бірге жолаушыларға көмек көрсетеді жəне олардың сақтануын қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте балаларды, əйелдерді, қарт адамдарды көшіреді, тек содан кейін барлық қалғандарын көшіреді. Адамдарды зақымданған үрлеген басқыштармен немесе науалармен не болмаса олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін басқа да қауіпті факторлар кезінде көшіруге болмайды.

Ессіз жатқан немесе ауыр дене жарақатын алған жолаушыларды зембілмен, брезентпен, қалқанмен абайлап шығарады жəне арқанның көмегімен жерге түсіреді.

Көшіруді аяқтағаннан кейін құтқарушылар жолаушылар салонындағы жабық орындарды жəне экипаж кабиналарын, сонымен қатар ас үйді. гардеробтарды, санитарлық – гигиеналық жəне жүк бөлмелерін жəне экипаж құрамын тексереді, əйтпесе оларды құтқарылғандардың мəліметтерімен салыстырады жəне тарату кезінде зардап шеккендерді тапқанға дейін іздеуді жалғастырады.

Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу

 Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поездға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты.

Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде əртүрлі авариялар мен апаттардың болуына əкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде түсіндірілетіндер: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы жəне өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар.

Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына:

  • теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері);
  • теміржол құрамы       (локомотивтер,       вагондар,               цистерналар, платформалар);
  • теміржол депосы   (жөндеу   шеберханалары,   қоймалық               ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді.

Теміржол көлігінің ерекше сипатына:

  • жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы — 80-100 т.;
  • составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110;
  • жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер, еңістер, өрлер);
  • қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспеичерлік қызмет ету);

Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды.

Апат орнына құтқарушылар келгенде:

  • барлау жүргізіледі жəне жағдайды бағалайды;
  • қауіпті аймақ шекарасын анықтайды жəне оған қоршау орнатады;
  • зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі;
  • ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру жəне т.б.).

Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған.

Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы жəне вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Əдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады.

Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар:

  • вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан жəне арнайы жасалған люктер арқылы кіруге;
  • зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын жəне көшірілуін ұйымдастыруға;
  • зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті.

Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сыналасып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын жəне ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе əйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.

Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады. Адамдар      үшін                 жолаушылар        вагонында  болған  өрт   ерекше          қауіп төндіреді.     Ішкі     бөлмеде    қолданылатын     тез     жанатын     жəне           жанғыш материалдарды    (ағаш,          пластмассалар,  бояғыш           заттар)    электр  өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Əсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан           уақытта     жиі        кездеседі.            Вагон       дəлізіндегі    өрттің                  таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы          1100  °С, өрттің   жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5- 6т) жəне жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бəрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді жəне оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу.

Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табылады. Олар адамдардың жарақаттануына жəне қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына жəне жолдардың бұзылуына əкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы.

Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін жəне оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет.

Автомобиль көлігінде ІҚЖ жүргізу

 Көліктің барлық түрінің ішінен қайғылы зардап пен материалдық зиянға көп ұшырайтыны саны жағынан автомобиль көлігінің еншісінде. Дүние жүзілік денсаулық сактау ұйымының мəліметі бойынша авто жолдарда аврияның жəне апаттың нəтижесінде жыл сайын əлемде 300 мыңнан көп адам қаза болады, шамамен 8 млн. адам жарақат алады. Соңғы жылдағы əлемдік статистика мұндай ТЖ зардабының ауырлығын жəне тенденцияның өсу санының тұрақтылығын дəлелдейді. Қазақстан Республикасында жыл сайын автожолда 3 мыңнан астам адам қаза болады.

Автокөліктердегі ТЖ негізгі себебі болып соғысу (37,9%), аударылу (16,1 %), басқада оқиғалар (8,9%). Қалаларда жəне елді мекендерде 60%, тас жолдарда 40% авариялар мен апаттар болады, тас жолдарда автомобильдер көбінесе аударылады, қалаларда жəне елді мекендерде соқтығысады. Тас жолдардағы ТЖ зардабы, ереже бойынша, елді мекендерге жəне қалаларға қарағанда ауырырақ. Көбінесе ТЖ шілде – қыркүйек айларында (қарбалас кез – тамыз).

Автокөліктердегі ТЖ негізгі сипаттамасы – тосыннан болуы, көлік құралының кілт тоқтауы, оның өзгеруі, есіктердің сыналануы. Кейбір жағдайларда автомобиль авариялары жарылыстармен, өрттермен, уландыратын заттардың төгілуімен, автомобилдердің құзға, суға түсуімен сипатталады. Автокөлік құралдарының көшкіннің, сел тасқынының, қар басып қалу жəне құлаған тастардың астында қалу жағдайлары жиі болады. Бұл ТЖ ауыр жəне қайғылы зардаптармен ерекшеленеді.

Автокөліктердегі авария адамдардың жарақаттануына жəне қаза болуына əкеледі. Автожолдағы ТЖ – кенеттен болған динамикалық соққының салдарынан, жарылыстан, өрттен болатын əдеттегі жарақат – бұған жаралап алу, сүйектердің сынуы, бас миының шайқалуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, күйіктер жатады.

Автокөлікте ТЖ ішінен ең жиі кездесетіні (қарама – қарсы, бүйір жағымен, жанама) соқтығысу болып табылады.

Кез – келген соқтығысу автомобилдердің қарама – қарсы келген қозғалысында болады. Ол көлік құралының алдыңғы (лобовой) бөлігінің пішінінің өзгеруіне, қозғалыстың күрт тоқтауына, есіктердің сыналасуына, салондағы немесе кабинадағы адамдардың қысылысуына (сығылысуына), əйнектердің тұтас сынуына əкеп соқтырады. Көлік құралы түрінің өзгеру дəрежесі жəне кабинадағы немесе салондағы адамдардың жарақаттану деңгейі қозғалыстың жылдамдығына жəне соғысқан автомобильдің массасына байланысты. 60 км/с жылдамдықта келе жатқан екі жеңіл автомобиль қарама – қарсы соғысқан кезінде алдыңғы бөліктің түрі өзгереді: жүргізуші рульге, ал жолаушы салонның элементтеріне қысылып, басылып қалады. Автомобильдің ұзындығы 0,5 м азаяды. Ал жылдамдықтың 120 км/с ұлғаюы автомобилдердің барлық жан – жағынын түрін өзгертуге жəне салон ішіндегі адамдардың қысылып басылуына əкеледі.

Бүйірімен соқтығысу – бір автомобильдің келесісінің бүйір бұрышының кез – келген бөлігін соғу. Мұның нəтижесі – есіктердің жəне кузовтардың түрін өзгертуге, адамдардың қысылып, басылуына əкеледі. Кейде бүйірінен соққы алған автомобиль аударылады. Бүйір соқтығысуы соққы болған салон жақтағы адамдар үшін қауіпті.

Жанама соқтығысу қарама – қарсы немесе бір бағытта қозғалған кезде болады. Автомобильдер бүйір жағымен соқтығысады. Сонымен қатар адамдар жарақаттанады, көліктің үстіңгі бүйір жақтарының пішіні өзгереді.

Қағу қозғалмайтын (бағана, ағаш, қабырға, дуал, автомобиль) немесе қозғалатын (автомобиль, поезд, трамвай, трактор, велосипед) заттарды барып соғу. Оның сипаттамасы автомобильдің кенеттен тоқтауы, күшті динамикалық соққының пайда болуы, бұл автомобилдің алдыңғы бөлігін зақымдап, салон мен кабинадағы адамдардың жарақат алуына алып келеді. Кей жағдайларда поезға, трамвайға, тролейбусқа жəне автомобильге соқтығысу ТЖ себебі болып табылады. Бұл авариялар ауыр зардаптарға алып келеді.

Аударылу – автокөліктерде өте жиі кездесетін ТЖ – ның бірі. Ол бүйірден соғудың, кілт бұрылудың, автомобильдің жолдың шетіндегі (бойындағы) жардың бетіне шығып кетуінің салдарынан болады. Автомобиль бүйірімен немесе төбесімен аударылады. Əсіресе автомобиль бірнеше рет аударылғанда қауіпті. Бұл сыртының, төбесінің едəуір зақымдануына, салондағы адамдардың қысылып қалуына, олардың жерге құлауына жəне басылуына, бензиннің төгілуіне, жарылысқа, өртке алып келеді.

Авариялар мен апаттардың қауіп төндіретін мөлшерлері уларды, радиациялық – қауіпті, өрт жəне жарылу қаупі бар өнімдерді таситын арнайы автокөліктерді есепке алып қабылданады. Мұндай авариялар мен апаттардың ерекшелігі – жарылыстар жəне төгілулерден кейін адамдардың жарақат алуымен жəне қаза болуымен қатар, қоршаған табиғи ортаның ластануы мүмкін.

Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу үшін құтқарушыларда өрт сөндіру саймандары, жабдықтар, көтеруге арналған машиналар, ауыр заттарды көмкеру жəне ауыстыру, əртүрлі металл кескіндерін кесу, зардап шеккендерді жəне автокөліктерді іздеу құралдары, жарықтандыру, байланыс, қорғау, зардап шеккендерге алғашқы дəрігерлік көмек көрсету, оларды көшіру, тіршілігін қамтамасыз ету, су астындағы жұмыстар, қауіпті заттарды жинастыру жəне залалсыздандыру құралдары болу керек. Кейбір жағдайда жұмыстар альпинистік жабдықтарды пайдаланып жүргізіледі. Ереже бойынша, автомобильдік ТЖ жолда немесе оған тікелей жақын жерде болады. Бұл құтқарушылардың жəне арнайы техникалардың тікелей жұмыс орнына тез жетуін жəне олардың шұғыл жүргізіуін қамтамасыз етеді. Көлік құралдары қар көшкініне, сел тасқынына, тас құлауларға, опырылуларға, күртік қарға тап болғанда, сонымен бірге жолда автокөлік кептемесі болған жағдайда кешігулер болады.

Зардап шеккендерге көмек көрсетудегі құтқарушылардың іс – қимылдары. Авария кезінде адамдар автомобильдің салонынан немесе кабинасынан шығып кете алмайтын жағдай жиі болады. Олар салонның алдыңғы немесе бүйір жағына, креслоның арқасына, тағандарға жəне қалқаларға қысылып қалады. Мұндай жағдайда ең əуелі көмек қысылмаған, тек автомобиль салонына қамалып қалғандарға көрсетіледі. Олар салоннан терезе ойықтары, люктер, есіктер арқылы өз беттерімен немесе құтқарушылардың көмегімен шығып кете алады. Содан кейін құтқарушылар көлік құралына қысылып қалған адамдарды құтқаруға кіріседі.

Болған оқиғаларға байланысты табақ жəне темірлер, əртүрлі кескінді металдар жылжиды, тағандар, қалқалар, орындықтар қысылып қалады. Сыртына, төбесіне, астына саңылаулар салынады, жекелеген жағдайларда төбесі толығымен алынып тасталады.

Бұл жұмыстар механикаландырылған техниканың көмегімен орындалады, ал ол болмаған кезде сүймен, ауыр балға, балта, қысқыш, жинағыш, сонымен бірге қолға іліккен құралдар – құбыр кесегі, тас пайдаланылады.

Зардап шеккендерді автомобильдің астынан шығарып алу

Автомобильдің астында қалған зардап шеккендерге көмек көрсету үшін екі негізгі əдіс қолданылады: автомобильді арнайы жүк көтеретін механизімнің жəне жабдықтардың (автокран, көтергіш, домкрат, иінтірек) немесе қолмен бірнеше құтқарушылардың көмегімен көтереді, жер асты жолын салады.

Зардап шегушіні автомобильдің астынан шығарып алу: иінтіректің көмегімен; кранмен; қолмен; домкратпен; қазу жолымен.

Егер автомобиль көлігінде ТЖ кезінде өрт шықса, онда құтқарушылар тез арада оларда бар барлық өрт сөндіретін құралдарды пайдаланып оны жоюға кірісуге міндетті.

Су көліктеріндегі ІҚЖ

 Жер шарының төрттен үшін мұхит, теңіз, көл, өзен сулары алып жатыр. Дүние жүзілік мұхит суларын жүктерді, жолаушыларды таситын, арнайы тапсырмаларды орындайтын əртүрлі мыңдаған су жəне су асты жүзу құралдары. Су көліктерінің ең негізгі түрі мыналар: құйылатын өнімдерді, сусымалы жүктерді, жолаушыларды жəне арнайы таситын кемелер. Қазіргі заман флоты жаңа электронды навигациялық жəне радиолокациалық аспаптармен, суда кеменің орнықтылығын жүйелермен демеу, яғни кеменің судағы жағдайының сенімділігі мен сыртқы күшке қарсы тұру қабілеттілігімен, басқа да қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырылған. Осыған қарамастан судың беті осы күнге дейін апаттық жағдайға ұшыраған адамдардың қаза болуының негізгі көзі болып келеді. Есептей келгенде, барлық əлемде теңізде жəне мұхитта жыл сайын 200 мыңнан артық адам қаза болады екен.

Суда орын алған ТЖ – ның барлығы өзіне тəн ерекшеліктерге негізделген, атап айтқанда: тағайындалу жағынан, эксплуатациялық сипатымен, жылжу жылдамдығымен бір – бірінен əр түрлілігімен ерекшелінетін судың көлік құралдары; су апатының жиі əсер етуі; тексеру жолына кемелердің ұзақ келуі; үлкен мөлшермен бір уақытта қауіпті зиянды өнімдерді тасымалдау.

Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып: аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы; кеменің қалқығыштығының жоғалуы; басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке); өрттер мен жарылыстар; апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері жəне ҚƏУЗ судың бетіне ағуы; адамның борттан құлауы.

Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кеме жағадан алыс емес, көрінетін жерде апатка ұшыраған жағдайда оптикалық құралдарды пайдаланады (дүрбі, ұзын дүрбі, перископ) не болмаса дыбысты жəне дыбысты дабыл алу арқылы анықталады. Кеменің батқан орны шамамен жергілікті бағытпен анықталады. ТЖ ауданындағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, құтқарушы кеме солай қарай жылдам беттейді.

Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады.

ІҚЖ жедел ұйымдастыру жəнс жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет:

  • ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын жəне жалпы жағдайын;
  • кеменің жағдайын;
  • зардаптың себебін жəне ТЖ болуы мүмкін түрлерін.

Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен, яхталармен немесе əуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады.

Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, судағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін судың бетінде əртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі.

Адамдарды құтқару кемелерінің немесе тікұшақтың бортына арқанның (жіптің) немесе желілердің көмегімен көтереді. Бұл жұмыстарды шұғыл жүргізудің қажеттілігі адам организміндегі жоғары дəрежелі жылуға судың кері əсер етуімен байланысты.

Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан.

Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тəсіл арқылы өтуді жүзеге асырады:

  • сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) жəне көпірмен, арқанмен, арнайы тор мен кəрзеңкелерді пайдаланып;
  • иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы;
  • тікұшақты пайдаланып.

Басқышпен қозғалу кезінде:

  • аяқты алмастыра отырып, оған адамдардың жиналуына жол бермей;
  • адамдар легінің қарсы келу мүмкіндігін туғызбай.
  • кеменің бортынан дауылдан қорғайтын сатымен, арқанмен, тормен түсу кезінде                 құтқарушылар, палубадағы 2 адамды көтере алатын арқанмен сақтанады.

Зардап шеккендерді құтқару жəне ауыстырып тиеу жұмыстарын жүргізу кемені болат арқанмен байлап жүзеге асырылады. Оны жүзеге асырар алдында бортты сатылардан, кішкентай қайықтардан, арқандардан босатады. Арқандап байлауды болат арқан ұшының көмегімен жүргізеді. Болат арқанның ұшын мықтылап бекіту сенімді болу керек жəне ешқандай қиындықсыз құрал – сайман қолданбай тез шешу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет. Болат арқанды байлап болғаннан кейін саты түсірілуі мүмкін. Адамдардың бір кемеден келесі кемеге өтуі арнайы көпірмен жүзеге асырылады. Өту орындарына көрсеткіш белгілер орнатылады, ал түнгі уақытта жарық түсіру ұйымдастырылады.

Экипаж жəне құтқарушылар қатысатын көшіруді кеменің капитаны тікелей өзі басқарады. Арқандап байлау, адамдардың орнын ауыстыру жəне ауыстырып тиеу жұмыстары желдің күші 3 балдан жəне теңіздің толқыны 2 балдан жоғары емес болғанда орындалады (Біркелкі толқын. Толқынның биіктігі 0,25 – 0,75м).

Зардап шеккендерді көшіру.

Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқару- шылар кемеге қайықпен келеді жəне оның бортына лебедканың жəне арнайы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында жəне зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады.

Кемеге өткеннен кейін құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуге жəне оларды суға түсетін немесе бортқа арқандап байланатын арнайы топтық жүзу құралдарына (қайықтарға, кішкентай қайықтарға, салға) көшіруге кіріседі. Зардап шеккендерді көшіру арнайы торларды, кəрзеңкелерді, тік ұшақтарды пайдалана отырып, саты, арқан арқылы жүзеге асырылады. Адамдардың жалпы салмағы олар отырған топтық жүзу құралының жүкті көтеру салмағынан асырылмау керек. Топтық жүк құралдарын жағаға немесе құтқарушылар кемесіне ауыстыру ескектің, желкеннің, мотордың немесе буксирдің көмегімен жүзеге асырылады.

Жүзу құралында болған кезде тұруға, бортқа отыруға, жүзу құралын басқарғанда кедергі жасауға, апатқа ұшыраған кеменің бортынан жүзу құралын қолмен итеруге, жүзу құралын теңселтуге жəне өз бетімен оны тастап кетуге тиым салынады.

Зардап шеккендердің жағаға шығуы көпірмен немесе тікелей құтқарушылардың көмегімен жүзеге асады. Зардап шеккендер құтқарушылардың кемесіне ең қауіпті тəсілдің бірімен көтеріледі. Егер құтқару жұмыстары түнде жүргізілсе, онда сатыларға, жүзу құралдарына, арқандарға жарық түсіруді қарастыру қажет.

ІҚЖ кемеде жүргізу кезінде құтқарушыларға жабық орындарда жұмыс істеулеріне тура келеді. Мұндай жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабық ғимараттар мұқият желдетілуі керек, ол жердегі ауа ортасының құрамын аспаптармен анықтап алу керек. Жабық ғимаратқа кіретін құтқарушы жіп байланатын сақтанатын белдік тағуға міндетті; оның екінші ұшын сыртта тұрған құтқарушы ұстап тұрады. Шұғыл жағдайда, желдетуге уақыт болмаса, жабық ғимаратқа кіру (тусу) тек қана оқшаулайтын костюммен немесе ауа кіретін шлангалы газ қағармен жəне міндетті түрде арқанды пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Арқанның көмегімен берілетін негізгі дабылға келесілер жатады: Бақылаушыдан:

бір рет жұлқу – «Өзіңді қалай сезінесің?»

үш рет жұлқу – «Шық!» Жұмыс істеушіден:

бір рет жұлқу – «Өзімді жақсы сезінемін!»

екі peт жұлқу – «Ауа жетіспейді!»

үш рет жұлқу «Шығамын, жеңімді ұста!»

төрт жəне көп рет тарту – «Өз бетіммен шыға алмаймын!».

Жарық жоқ ғимаратқа кіруге (түсуге) болмайды. Жарық түсіру үшін жарылуға қауіпсіз аккумуляторлы электр фонарьларын қолдану керек.

Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – əрекеттер.

Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ жəне зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы жəне құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер, ойықтар пайдаланылады. Сонымен қатар бөлмелерден ауаның шығып кетуіне жол бермеу керек. Егер кіретін есіктер жəне люктер сыпаланып қалса, онда оларды ашады. Кейбір жағдайда құткарушылар кеменің сыртқы қабын кеседі жəне түбіне жақын жерден гидравликалық қайшымен немесе газды кескішпен ойық жасайды.

Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды.

Кемені судың үстінде ұстап тұрған ауа қорын сақтап қалу үшін құтқарушылар ойыққа ауа қоңырауын орнатады.

Кемені қайраңға тұрғызу кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету, кеме сыртының герметикасын анықтау үшін кемеге су асты барлау жүргізу, кемені қайраңнан алу, бағытын анықтау, кемені жүктен босатуға қатысу, буксирді өткізу үшін кемені тарту жұмыстары орындалады. Кемені қайраңға тұрғызу кезінде тесіліп қалса, құтқарушылар зақымданған тесіктердің дəрежесін анықтайды, тесіктерді бітеуге кіріседі, корпустан суды сорып алады. Тесіктер корпустың ішкі жағынан жұмсақ пластырмен бекітіледі. Бұл үшін пластырды тесіктен су кеменің ішіне кіріп кетпейтіндей етіп бекітеді. Корпустан суды сорып алу кезінде сорғыштың күші тесікті пластырмен нығыздап тығындайды.

Апатқа ұшыраған кеменің бортынан суды copy үшін құтқарушылар пайдалануға ыңғайлы жерге ауыстырылатын жəне орнатылатын батырымды сорғыны көтереді. Сорғылар құтқарушылар кемесіндегі электр қондырғылы күш беретін электр кабелімен жалғанады. Дауылды ауа райы кезінде электр кабелі қалтқының көмегімен судың бетіне қойылады.

Аспалы арқан жолдар

 Таулы, ойлы – қырлы жəне өтуге қиын жерлерде адамдар мен жүктерді тасымалдау үшін аспалы арқан жолдар пайдаланылады. Олар бір жəне екі арқанды айналмалы жəне вагоншаның маятникті козғалысы сияқты болады.

Жолаушылардың арқанды жолдарында əртүрлі мөлшерге есептелген арнайы жолаушылар вагоны пайдаланылады (4 – тен 100 — дейін). Мұндай жолдың созыңқылығы – бірнеше километр, ал көтерілу биіктігі — 3 км дейін. Вагонның қозғалыс жылдамдығы 2 – ден 12м/с дейін. Тауда орналасқан туристік орталықтардағы жолдарда жүріс кезінде жолаушыларды отырғызатын жəне түсіретін бір жəне екі орынды арқанды – креслолы отырғыштар кеңінен қолданылады. Мұндай жолдың жылдамдығы1,0 – 2,5 м/с құрайды. 1 сағат жұмыс ішінде 1000 адам тасымалданады. Арқанды жолмен жылжу кезінде жолаушылардың жер деңгейінен орналасу биіктігі – бірнеше метрден ондаған метрге дейін.

Тау шаңғышыларын шаңғымен тікелей тас жолға ауыстыру үшін бір арқанды буксирлі жолдар пайдаланылады. Ауыстыру 1,5м/с жылдамдықта жүзеге асырылады, сонымен бірге адам шаңғысымен тартылатын арқанға бекітілген ілгіштен ұстап тұрады. Кейбір жағдайда жолаушыларды жəне жүктерді бір уақытта тасу үшін құрамдастырылған арқан жолы қолданылады.

Арқанды жолда болатын негізі ТЖ – тартылатын арқанның кенеттен тоқтауы. Бұл вагондар мен адамдар отырған креслолардың жер бетінде сыналасып қалуына əкеледі. Мұндай жағдайда зардап шегушілер ұзақ метеорологиялық қолайсыз факторларға тап болады (суық, жауын, жел), жайсыздықты жəне жүйкелік – эмоциялық қобалжушылықты бастан кешеді.

Зардап шеккендерді арқанды жолмен көшіру келесі əдіс арқылы жүзеге асырылады.

Егер жергілікті жердің шарты мүмкіндік берсе, онда зардап шеккендерді құтқарушы белбеуінің немесе кеудеге орайтын кендір (синтетикалык) арқаннан жасалған қол асты лебедканың көмегімен жарты кабинадағы арнайы ойық арқылы жерге түсіреді. Құтқарушылардың міндеті сыналасып қалған вагонға арқан арқылы көтерілу жəне адамдардың түсуін ұйымдастыру.

Креслолы аспалы арқан жолындағы аялдамада ұзақ тұрып қалған зардап шеккендерді жерге түсіру үшін серіппелі тежеуіштен жəне асылмалы баспалдақтан тұратын жеңіл түрде тасылатын арба құрылғысы кеңінен қолданылады. Арбаны тіреуішімен арқанға бекітеді, құтқарушы баспалдаққа отырады жəне «башмақ» тежеуішті басып өзі жүргішпен немесе жерде келе жатқан басқа құткарушының көмегімен арбамен бірге жақын арадағы креслоға ауысады. Баспалдақпен зардап шегушіге жетіп, онын жамбас жағын қамтитын бауы бар құтқарушы белбеуін кигізеді, құтқарушы зардап шегуші жерге түскенге дейін ұстап тұратын тежеуіш лебедкасы арқылы өтетін арқанды іледі. Арбаны креслоның қысқышы арқылы ауыстырып, құтқарушы келесі зардап шегушіге жылжиды.

Маятникті аспалы арқан жолыңда зардап шеккендерді жерге көшіруге мүмкіндік бермейтін өтуі қиын тас жол участкесіне 10 адамға дейін сиятын қосымша құтқару вагондары қарастырылады, олар негізгі көтеретін арқанға орнатылады жəне қосымша автономды жетектен қосымша арқанмен қозғалысқа келтіріледі. Соңғысын станцияға немесе (барабанды лебедка түрінде) бір немесе бірнеше тірекке орналастырады. Құтқарушы вагоны қосымшадан негізгі арқанға ауысып жүргізіледі, зардап шеккендер люктің бүйірінен немесе терезе арқылы вагонға өтеді жəне тобымен станцияға немесе тірекке жеткізіледі. Бұл мақсат үшін өздігінен жүретін вагондар пайдаланылады.

Арқанды – кресло жолындағы авария кезіңде көшірудің келесі əдісіне рұқсат етіледі. Құтқарушы жіпті арқанға жалғап алып, өз бетімен немесе құтқарушымен бірге көшпекші болған зардап шегушіге сол арқанмен көтеріледі. Егер зардап шегушіні сыналасу аймағындағы жерге тікелей түсіруге мүмкін болмаса, онда оны тірекке тасымалдау қажет жəне тірек құралын пайдаланып жерге түсіру керек.

Ең соңғысы: егер жоғарыда көрсетілген əдістердің біреуі де жарамаса, онда зардап шеккендерді құтқаруға тік ұшақ шақырылады.

Тауда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу

 Қатпарлы жəне қатпарлы – кесекті жер қыртысынан тұратын таулар кең аумақты алып жатыр (барлық жер бетінің 12%). Олар теңіз деңгейінен бірнеше мыңдаған метрге дейін биіктікте жəне өз шектерінде биіктіктерін кенеттен өзгертіп отыруымен сипатталады. Тау климаты аса суықтығымен ерекшеленеді. Оларға бір тəулік ішінде ондаған градусқа дейін температураның күрт түсуі, ауа райының лезде өзгеруі тəн.

Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты жəне субъективті, негізінде адамның даралық қасиеті жатады.

Таудагы табиғи қауіптілікке таудың бет – бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы – мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, жартастар, тау көлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады.

Таудағы жеке қауіп — катерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елемеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей əрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төнеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табылады, ал тəуекел – əрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинистер, тау туристері, спелелогтар, тау шаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған жəне дайындалмаған турист топтарына үлкен қауіп – қатер төнеді. Сонымен қатар тауда əртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристік базалар мен альпинистер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергілікті тұрғындар, демалушылар жəне т.б.) қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан, таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғары деңгейде тұрақты қалып отыр.

Таудағы ТЖ негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұз шыңдардан, беткейлерден құлау, көшкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету, метеорологиялық факторлардың əсері, арқандарға ілініп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды – кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы.

Таудың өзіне тəн өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар:

  • тауды жəне мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоғары біліктіліті болуға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған жəне тау құтқару жабдықтарын пайдалана білуге, іздеу əдістерін жетік меңгеруге жəне зардап шеккендерге көмек көрсету тəсілдерін білуге;
  • жақсы физикалық дайындықта болуға, аса төзімді де сабырлы жəне жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты жəне байсалды, салмақты болуға, реакцияның жеткілікті дəрежедегі жылдамдығына;
  • жағдайдың, қауіп – қатердің дəрежесін дұрыс бағалай білуге, тау жағдайында аман қалуға;
  • парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білуге міндетті.

Тауда ІҚЖ ұйымдастыру мен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қағидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы жəне оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тəжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы керек.

Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау. Тауда түйіндерді дұрыстап байламау салдарлары адамдардың жарақаттануына, тіпті қаза табуына əкеп соғады. Егер жазатайым жағдай бəрібір орын алса, онда жарақаттанғандарды тез арада қауіпсіз жерге жеткізуге тура келеді. Көптеген қиындық жартасты аймақтарда тасымалдау кезінде кездеседі.

Егер жарақаттанған адам болмашы жарақат алса, онда оның қасына серік қоспай – ақ төмен түсіруге болады. Түсіру бағыты тас құлайтын аймақ болмауы керек жəне аялдайтын алаңның болуы шарт. Төмен түсіру кезінде сенімді болу үшін бірнеше қоршауға алынған қармақ немесе жартастың ұшы (мұзды бағана) болуы керек. Жарақаттанғандарды түсіруге арналған арқан блок немесе полипаст арқылы өтеді. Мұзда немесе мұздақтарда түсіру жүйесі кезінде мұз шапқышпен бекітілуі керек. Жол серігі жоқ жарақаттанған адам арқанмен ілмектенген күркеге түсіріледі, жарақаттанушы мүмкіндігінше құздан аяқ жəне қолымен итеріліп, шегініп отыруы керек.

Ауыр соққы алған жарақаттанушыны жол серікпен бірге түсіру керек. Жол серігі жоқ болса күркеге түсіру негізгі арқанның соңына қарай, негізгі арқанмен бірге ұзындығы 1,0-1,2 м репшнурдың көмегімен іске асады. Негізгі арқан соңына қосарланған өткізгіш түйінін байлап, ілмекті жарақаттанушының санына кигізеді. Ілмектің ұзындығы 40-45 см шамадан аспауы керек. Күркеге түсірудің қандай жағдайында болмасын, негізгі арқанға қоса ұстап тұратын түйін жарақаттанушының басының деңгейінде репшнурмен байланады жəне сақтандыру белдігіне қозғалмастай етіп түймелейді. Бұл адамның аударылып кетпеуі үшін жасалынады.

Жарақаттанушыны күркеге жол серікпен түсіру кезінде əрбір екі арқанның соңында екі реттен жол серіктің қос түйінін байлау керек, ол жарақаттанушы мен жол серіктің отыруы үшін қажет. Содан кейін бір түйін күркешеден 1,2 м арақашықта, ал екіншісі 90 см ара қашықтықты сақтау үшін екі арқанға да жай түйіннен байланады. Жол серік күркенің ұзын жақ аяғын кисе, ал жарақаттанушы қысқасын (90 см) киеді. Жарақаттанушы жəне жол серік біріктіруші түйіннен төмен, ұстап тұратын түйінен арқан арқылы кеудесін ораған ілмектен тартып біріктіріп байланады.

Ауыр жарақат алғандарды көлденең қалыпта зембілмен түсіреді. Ал жол серік зембіл оның кеудесіне деңгейлес болатындай етіп, сақтандырушы пояспен немесе репшнурмен арқанға байланады. Қабырғамен түсу жəне беткей бойынша ауыстыру үшін де зембілше себет пайдаланылады. Негізгі жіптің соңына жол серіктің шағын түйіні (бұл зембілдің соңғы жағы – «аяғы») байланады. Содан кейін жіпке жоғарғы жағын кеңейтетін иірмек салынады; иірмектің ұзындығы жарақаттанушының денесінің көлеміне байланысты, ал саны – оның бойының ұзындығына байланысты. Тасымалдаушың жағдайын жақсарту үшін тасымалдау кезінде өрмені мүмкіндігінше жиі салған дұрыс. Ұйықтайтын мөшектегі немесе палаткаға оралған тасымалдаушыны арқан өрмесіне жатқызып, аяғынан бастап орап байлайды. Қалай тасымалдауға байланысты (тау беткейінен бе немесе қабырғадан ба) зембілге сырық байлайды немесе түсіретін арқанға оларды карабинмен бекітеді. Соңғы жағдайда түсетін арқанға басы мен аяғының арасынан жіберетін жіптердің арасына кергіш жасайды. Түсіретін жіпті тежеу екі немесе төрт карабиннен кейін жүзеге асырылады. Карабиндердің жартысын балғаның саптарымен немесе мұз жарғыштармен ауыстыруға болады. Карабин тежегіштерімен түсу ақырын жəне жіпті бірқалыпты жібере отырып жүзеге асырылады.

Суда іздестіру – құтқару жұмыстарын жүргізу

 Қазақстанның су кеңістіктерінде күн сайын іздеу жүргізіп, адамдарды құтқаруды, апаттық — құтқару жұмыстарын; мұнайдың, мұнай өнімдерінің жəне ҚƏУЗ ағуын тоқтатуды; арнайы тағайындалған су асты жұмысын жүргізуді талап ететін ТЖ болып отырады. Адамдардың суға кетіп өлуі елдің күрделі қиындықтарының бірі болып жалғасып келеді. Ресми мəліметтер бойынша, су ай сайын 64 қазақстандықтың өмірін алып кетіп отырады.

Судағы іздестіру – құтқару жұмыстары іздестіру ауданын оқшаулаудан басталады. Егер төтенше жағдай куəгерлердің көз алдында болса немесе су айдынының мөлшері онша үлкен болмаса, онда іздестіру ауданын оқшаулау онша қиынға түспейді. Бақылау мерзімі ішінде шығу немесе адамды (адамдар тобын) жоғалту іздестіру ауданын кеңейтеді. Өзенде бұл оның жағалары арасында дəліз болады. Зардап шегушілерді іздестіру ауданын анықтау кезінде негізгі де, су асты су ағысымен де жылдамдығы мен қозғалыс бағытын іздестіру қажет.

Судағы іздестіру жұмысы нақты су жағдайында қолдануға болатын: катерлер, үрленген моторлы жəне ескекті қайықтар жəне басқа қолда бар құтқару құралдары қарастырылады жəне зардап шегуші су ішінде болған кезде жүргізіледі. Өзендерде іздестіру жұмысы зардап шегуші суға кеткен жерден бастап, өзеннің ағысымен төмен қарай жүргізіледі. Қарауда ерекше назарды: су иірімі, су өсімдіктері, жекелеген тастар, бөренелер жəне т. б. ағыс зардап шегушіні алып кететін жаққа қарай судың біркелкі емес жеріне аудара отырып, бүкіл су кеңестігінде жүргізу керек. Кейбір жерлерді құтқарушыларды сақтандыра отырып, жағадан қарауға болады.

Іздеу зардап шегушіден үміт үзілгенге дейін жүргізіледі жəне де:

  • зардап шегушінің болуы мүмкін ауданды тиянақты түрде толық зерттеп болғаннан кейін;
  • зардап шегушінің мүмкін болатын тұрған жері толық тексерілгеннен кейін;
  • зардап шегушінің тірі екендігіне ешқандай сенім қалмағаннан кейін ғана іздеу тоқтатылады.

Суда құтқару – ережелері, қолданыстары. Суда немесе мұзда адамның қаза болуының себебі əр түрлі: жүзе білмеу, суда өзін өзі ұстау ережесін бұзу, мас күйінде суға түсу, қорқыныш жəне т.б. Үрейге бой алдырған адам, жағдайды дұрыс бағдарлай алмайды, ол ойсыз əрекст жасап, тез шаршайды да батып кетеді. Батып бара жатқандарға көмек көрсету үшін жақсы жүзе жəне сүңги білу керек, құтқару ережелерін білу жəне құрсаудан шығу, зардап шегушіні жетегіне алу əдістерін дұрыс қолдана білу тиіс. Судағы адамды құтқара отырып, болған жағдайларға мəн бере қарап, абайлап, ойлана əрекет ету керек, қауіп төнген жағдайда абыржуға болмайды. Батып бара жатқан адамға дейінгі қашықтықты, ағыс жылдамдығын, қолда бар құтқару құралдарын, су толқындарын жəне т.б. дұрыс ескеру қажет.

Қолдану құралдарын пайдалана отырып, зардап шегушіні құтқару кезінде оған мүмкіндігінше жақын бару керек. Сонымен қатар, жүзуші құралдардан пайда болған су толқындары зардап шегушінің жағдайын төмендететінін жəне оның суға жылдам батып кететінін ескерген жөн. Батушыға жақындаған кезде бурамалармен, ескектермен немесе жүзетін құралдардың корпустарымен қағып кетпеуді қадағалау керек. Зардап шегушіні су бетінде ұстап тұру жəне оны шығару үшін оған арнайы құтқару құралы (шеңберлер, шарлар, жіптер жəне т.б.) қолданылады, қолда бар құралдар (қадалар, сатылар, торлар жəне т.б.) пайдаланылады.

Құтқару шеңберін беру үшін оны бір қолмен ұстау керек, екінші қолмен ұштары бекітіліп мықтап тартылған сым арқаннан ұстап, иық деңгейінде екі – үш рет айналдыра сілтей отырып, оны судағы адамның не оң жағына, не сол жағына 0,5 — 2,0 метрдей арақашықтықта түсетіндей етіп лақтыру керек. Батып бара жатқан адамға қатерден шеңберді беру борт жақтан жүзеге асырылады. Қайықтан бергенде оны аударып алмау үшін шеңберді кеменің артқы жағынан немесе тұмсығынан беру керек. Батып бара жатқан адамға шеңберді тура лақтыруға болмайды, өйткені ол адамның басына тиюі мүмкін немесе одан асып түсуі мүмкін. Кей кезде құтқарушы шеңберге Александрова ұшын байлайды, соның көмегімен зардап шегуші жүзуші құралға тартылады. Зардап шегушіге Александрова ұшын беру үшін құтқарушы арқан ұшындағы кішкене ілгекті сол жақ қолдың білегіне кигізеді жəне жіптің үлкен бөлігін сонда ұстап тұрады. Оң қолымен жіптің төрттен ұшын үлкен ілгегімен ұстап, бірнеше рет кең құлаштай сермей отырып, жіпті батып бара жатқан адамға ол қалтқыдан немесе жіптен ұстайтындай етіп лақтырады. Зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай жұлқымай, абайлап тартылуы тиіс. Александрова ұшын 25 метрге дейінгі қашықтықта тастауға болады.

Құтқару шарын беру келесі түрде жүзеге асады, бір қолымен құтқару шарын, ал екінші қолымен оларды бекітіп тұрған тросты ұстайды. Содан кейін айналдыра отырып екі – үш рет құлаштап сермейді де, одан кейін оның не оң жағына не сол жағына түсетіндей етіп шарларды зардап шегушіге қарай лақтырады. Қажет болған жағдайда шарға Александрова ұшын бекітеді, соның көмегімен зардап шегуші жағаға (жүзуші құралға) қарай тартылады.

Егер жағаға дейін онша алыс болмаса, онда зардап шегушіні қайыққа қарай тарту міндетті емес: егер оның жағдайы мүмкіндік берсе ол кеменің артқы жағынан немесе жүзуші құралдың жібінен ұстап жетектелуі тиіс. Егер зардап шегушінің өз бетімен ұстауға жағдайы келмесе, онда оны аяқтарын салбыратып кеменің артқы жағында отырған құтқарушының денесі арқылы қайыққа сүйретіп əкеледі. Мұндай əдіс қайықтың тегіс емес кемерлерінде зардап шегушінің денесінің жарақаттануынан құтқарады. Зардап шегушіні борты биік жүзуші құралдарға мінгізу басқыш, саты, арқан немесе тордың көмегімен жүзеге асырылады.

Егер жүзуші құралдарды пайдалану мүмкін болмаса, онда құтқарушы зардап шегушіге жүзіп келеді. Құлаштап жүзген дұрыс, өйткені жүзудің бұл стилі өте жылдам жүзуге мүмкіндік береді. Суда болу кезінде құтқарушы су айдынына тəн қауіпті факторларға қарсы тұра білуі керек. Құтқарушы үшін де, зардап шегуші үшін де денені суық алуы немесе бұлшық еттердің шаршауы өте қауіпті. Қолдың саусақтары қарысқан кезде, жұдырықты түйіп жəне қайтадан ашу керек. Егер бір қол талса, онда бүйірлеп жатып, су астындағы келесі қолмен жұмыс істеу керек. Егер іштің бұлшық еттері тартылатын болса, шалқадан жатып, тізені ішке қарай ширақ тарту керек. Егер балтырдың сіңірі тартылса, онда аяқты судың үстіне шығарып, табанды өзіңе қарай ширақ тарту керек. Жамбастың сіңірі тартылғанда, аяқты тізеге кілт бүтіп, өкшені қолмен қатты мыту керек. Су асты өсімдіктері де қауіп төндіреді: Оған оралып қалсаң, тұншығып қалуың мүмкін. Одан ұстай отырып, кілт қимыл жасамай, бос қолмен одан босанып шығып жəне қауіпті орыннан абайлап жылжып кету қажет. Иірімге тап болғанда, құтқарушы демді тездетіп ішке тартып, келесі жаққа қарай (ағыс бойынша) жұлқына отырып су бетіне жүзіп шығу керек. Суда болған кезде, демді ішке тартқанда, толқындардың соғылуы араларында тартуды қадағалап отыру керек. Толқынға қарсы жүзе отырып, оның үстіне жайлап көтерілуі жəне астына жайлап түсуді ескеру қажет. Үлкен толқындарда терең дем алып алып, астына қарай сүңгіп кету керек.

Зардап шегушіге үнемі арт жағынан келген дұрыс. Егер олай істеу мүмкін болмаса, батып бара жатқан адамның астына қарай сүңгіп, сол жақ қолымен оның оң жақ аяғының тізесінен төмен ұстап, ал оң жақ қолының алақанымен сол жақ тізесін алдыңғы жағынан қатты итеріп, батып бара жатқан адамды өзіне қарай арқасымен бұру керек. Бұл тəсіл үш түрлі жағдайда қолданылады, зардап шегуші бейберекет əрекет жасаған кезде немесе құтқарушыға қарсылық көрсеткен кезде қолданылады. Зардап шегушінің арт жағында тұрып құтқарушы өзінің оң қолын оның он жақ қолтығының астынан босатады да оның қолдары мен иығынан мықтап ұстап алып, онымен бірге судың бетіне жүзіп шығады.

Зардан шегушіні жетекке алу тəсілі екі топқа бөлінеді: зардап шегуші құтқарушыға тыныш бағынған кезде қолымен қысып ұстамайды, ал зардап шегуші құтқарушыға бағынбаған кезде қолымен қысып ұстап жетекке алады.

Құтқарушы басынан ұстап жетекке алғанда, қолын созып, бас бармағы зардап шегушінің бетінде, ал шынашақ – оның жағының төменгі жағында болатындай етіп ұстайды. Оның бетін су бетіне тартып шығара отырып, арқасымен жүзе жəне аяғымен жұмыс істей отырып, құтқарушы суға кеткен адамды катерге, шлюпке немесе жағаға жеткізеді.

Қолтығының астынан қапсыра ұстай отырып жетекке алғанда құтқа- рушы оны аяғының көмегімен жетектейді.

Қолынан қапсыра ұстап жетектеу кезінде құтқарушы, ар жағынан келіп, өзінің сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің тиісті қолдарына салады. Содан кейін оның сол жақ (оң) қолдарынан шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса ұстап, бүйірлей жүзіп қауіпсіз орынға алып келеді. Бір қолы мен аяғы бос болғанда бүйірлей жүзу, құтқарушыға жан – жағын бағдарлап алуға, зардап шегушіні тасымалдау кезінде бағытты таңдауға жəне оны ұзақ қашықтыққа жетегіне алуға мүмкіндік береді.

Шынтақтан жоғары қапсыра құшақтай отырып жетекке алу кезінде құтқарушы зардап шегушінің шынтағынан құшақтап, оны артқа қарай тартады, содан кейін сол жақ (оң) қолдарын зардап шегушінің қолтығының астына тығып, оны зардап шегушінің арқасына апарады. Одан кейін сол жақ (оң) қолдарымен зардап шегушінің сол жақ (оң) қолдарын шынтақтан жоғары ұстап, оны арқасымен өзіне қарай қыса тартады.

Шаштан ұстап немесе жағадан ұстап жетекке алу кезінде құтқарушы, шашынан немесе жағасынан ұстап, бос қолдары мен аяқтарын жұмыс істете отырып, бүйірімен жүзеді. Адамды жетекке алу кезінде түзуленген қолымен оны басынан демей отырып, су оның тыныс алу жолдарына кетпеу үшін, судың бетіне алып шығады.

Суға кеткен адам əдетте есеңгіреу жағдайында, қорқып, зəресі ұшқан кейіпте болады. Сондықтан, құтқарушыны көрген кезде ол оны тас қылып

құшақтап алады, бұл екеуін де өлімге алып баруы мүмкін. Зардап шегушінің құшағынан босау үшін құтқарушы, үлкен күш жұмсауы керек, кей кезде күш қолдануына тура келеді. Көбінесе зардап шегуші құтқарушының қолының саусақтарынан, мойнынан (алдынан жəне артынан), денесінен (қолы арқылы немесе қолы астынан), аяқтарынан ұстайды. Мұндай жағдайда құтқарушы су астына сүңгіп кетуі тиіс. Егер сүңгу көмектеспесе, онда зардап шегушінің құшағынан құтылудың келесі тəсілдерін қолданады.

Қолдарының саусақтарын құрсаудан құтқару. Құтқарушы, ең алдымен, суға кетушінің бас бармақтарының қалай тұрғанын анықтайды. Содан кейін күшті жұлқыныспен оның басбармақтарын қайырып, қолдарын ажыратады. Сонымен бірге, аяғын ішіне тартып, оны адамның кеудесіне тірей отырып, ол одан сытылып шығады да, содан кейін шұғыл қимылмен зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.

Алдыңғы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Құтқарушы алақанымен зардап шегушінің иегінің астынан тірей отырып, бас бармағымен жəне сұқ саусағымен оның мұрнын жабуға тырысады, осы сəтте келесі қолымен суға кетушіні белінен қапсыра ұстайды. Содан кейін, саусақтарымен мұрнын қыса отырып, адамды өзіне қарай қатты тартады жəне шалқайта отырып иегінің астынан кілт итермелейді. Іштен төмен қарай тізеге соққы беріп босануды күшейтуге болады, бірақ бұл тəсіл басқа шара қалмағанда ғана қолданылады.

Артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану. Кұтқарушы бір қолымен зардап шегушінің қарама – қарсы қолының саусақарынан ұстайды, ал екінші қолымен саусақтан алады. Содан кейін, шынтақты кілт жоғары көтере отырып жəне саусақтарды төмен қайыра отырып, суға кетушінің қолынан сытылып шығады, бірақ ұстаған қолдарын босатпайды, ал зардап шегушіні арқасына қарай аударып, өзіне тартады да жетегіне алады.

Қол арқылы денені құрсаудан босату. Құтқарушы, саусақтарын бүгіп, жұдырығын түйеді, бас бармағымен суға кетушінің қабырға жағына соққы беріп, оны жетегіне алады.

Қол астымен денені құрсаудан босату. Құтқаушы бұл құрсаудан артқы жағынан мойнына оралған зардап шегушіден босану тəсілін қолдана отырып құтылады.

Аяқтан алған құрсаудан босану. Құтқарушы бір қолымен суға кетушінің желке жағынан басын құшақтайды, ал екінші қолымен – иегінің астынан (қарама – қарсы жағынан) ұстайды, оны күшпен келесі жаққа бүйірге қарай бұрады да босанғанға дейін жібермей ұстап тұрады. Содан кейін, суға кетушінің басын босатпастан, онымен бірге су бетіне жүзіп шығады да, жетегіне алады.

Егер суға кетушінің құрсауынан босату үшін жасалған тəсіл еш нəтиже бермесе, онда уақыт өткізбей оны қайталау керек.

Егер зардап шегуші батып кетсе, онда оны су айдынының түбінен көтеріп шығу керек. Егер зардап шегуші топырақта бетін жоғары қаратып жатса, онда құтқарушы оның бас жағынан келіп, оны көтереді. Содан кейін зардап шегушіні қолтығының астынан алып, құтқарушы жылдамдатып су түбінен көтеріліп, су бетіне жүзіп шығады да оны жетегіне алады. Егер адам топырақта бетімен жатса, онда құтқарушы оған аяқ жағынан келіп, қолтығының астынан құшақтап көтеріп, судың бетіне қарай көтеріледі. Зардап шегушіні иығына немесе жамбасына сүйеп судан алып шығады. Қауіпсіз жерге жеткеннен соң, құтқарушы алғашқы көмекті көрсете бастайды.

Тік ұшақты пайдаланып ІҚЖ жүргізу

 Бүгінгі таңда бірде – бір құтқару қызметі тік ұшақтан айналып өте алмайды, əсіресе, елді мекендерден алыстағы жолсыз аудандарда, сондай – ақ жер жағдайлары қатынасқа қиын аудандарда ІҚЖ жүргізу кезінде тікұшақ пайдаланылады. ІҚЖ жүргізу, əсіресе тауларда, күрделі мəселе. Теңіз деңгейінен өте үлкен биіктік, тік жартастармен жəне биік құздармен қоршалған тар жол, тау беткейлерінің қызуларының əртүрлілігіне байланысты ауаның күшті ағысы, жел бағытының кенеттен өзгеруі, тұман), қардан көру қашықтығының азаюы, бұлттылық жəне көптеген басқа да күтпеген факторлар немесе оқиға болған жердің үстінде тікұшақтың қона алмауына себеп болады, кейде тіпті ұшуға мүмкіндік бермейді.

Тікұшақты қолдану туралы шешімді авиа отрядтың басшыларымен жəне тікұшақтың командирімен келісе отырып, іздестіру – құтқару отрядының (ІҚО), ІҚҚ бастығы қабылдайды. Өкінішке орай, құтқару операциясының тиімді орындауының кепілі болып табылатын, тікұшақ үнемі ұша бермейді. Оқиғаа болған жерге қарай ұшу кезінде метеожағдай соншалықты өзгеруі мүмкін, тікұшақтың командирі аэропортқа қайтып оралу туралы шешім қабылдауға мəжбүр болады. Сондықтан құтқару операциясын жоспарлау кезінде, тікұшақты пайдаланудан басқа оған жердегі (судағы) ІҚО қосу керек. Тікұшақты қолдана отырып жүргізілетін ІҚЖ кезінде, тікұшақ бортында отырған тікұшақ экипажы мен жердегі (судағы) ІҚО мүшелері арасында өзара əрекеттестікке қол жеткізілуі тиіс. Тікұшақты пайдаланған құтқару қызметі:

  • ТЖ орнына олардың жұмысына қажетті құралдармен жəне жабдықтармен қоса ІҚО мүшелерін тез жеткізуді;
  • зардап шегушіні жақын жердегі емделу мекемесіне апаруды;
  • ІҚЖ өткізілетін ауданға, əсіресе көлік жəне энергетикалық артериядан шеттетілген елді мекендерге барлық қажетті жүктерді қосымша жеткізуді;
  • бағыт бойынша іздестіріп ұшу немесе апат болған ауданды тексеруді;
  • тауларда ІҚЖ жүргізу кезінде жасанды тау көшкінін болдыруды;
  • түсуі қиын жерлерден зардап шегушілерді алып кету немесе көтеруді қамтамасыз етеді.

ІҚЖ тікұшақтарды пайдалану онда болатын уақытты айтарлықтай азайтады, тартылатын күштер мен құрал – жабдықтардың санын қысқартады, зардап шегушілерді құтқару мүмкіндігін бірден арттырады. Тікұшақты қабылдау туралы шешімді қабылдамас бұрын дұрыс жəне қарсы дəлелдердің бəрін жан – жақты қарау керек. Алынған алғашқы ақпаратты талдау жолымен зардап шегушіні басқадай амалдармен тасудың қандай мүмкіндіктері бар екенін анықтау керек. Орын алған оқиғаға байланысты (метеожағдайдың нашарлығы, қонатын алаңның жоқтығы, ақпарат алу уақытының кештігі жəне басқалар) зардап шегушіні жердегі (судағы) көліктермен тасыған дұрыс.

Орын алған оқиғаларды бағалау кезінде, ең алдымен, келесі жағдайларға:

  • зардап шегушінің денсаулық жағдайына, төтенше дəрігерлік көмектің қажеттігіне;
  • емдеу мекемесі бар жақын арадағы елді мекеннің оқиға болған жердей қашықтығына;
  • жер бетінде қолдану тəсілдерімен көмек көрсету мүмкіндігіне;
  • оқиға болған жерге немесе бағыт бойынша ұшуға шамамен ауа райы жағдайын болжауға;
  • тікұшақты пайдаланбай көмек көрсету мүмкіндігіне назар аудару керек.

Тікұшақты   пайдаланумен ІҚЖ өткізу кезіндегі метеожағдай келесі талаптарды:

  • бұлттылық – қону орнынан жоғары: — 2000 метрге дейінгі абсолюттік биіктіктен 350 м төмен емес жəне 2000 м жоғары абсолюттік биіктік 600 м төмен болмауын;
  • көрінуі – қону алаңының биіктігіне көлденең бойынша: 200 м дейінгі абсолюттік биіктік кезінде 5 км кем емес жəне 2000 м жоғары абсолюттік биіктік кезінде 10 км кем болмауын;
  • жел – тар шатқалдарда, шұңқырларда 5 м/с артық емес жəне ашық асуларда, аңғарларда, адырларда, үстірттерде 15 м/с артық болмауын қанағаттандыру тиіс.

Бұлтты күн немесе беткейдің көлеңке жағы мұңдай жағдайда тікұшақтың ұшқышына қонатын алаң мен жергілікті жердің еңістігі ара қашықтығын айыру қиын болғандықтан, қонуға қолайсыздық туғызады.

  • Тікұшақ жел күші 15 м/с болғанда ұшады, желдің күші 12 м/с болғанда қалықтап тұра алады жəне қона алады. Ұшқыштар үшін ең қолайлысы 5 – 6 м/с. Ұшқыштар желдің болмағанын да онша қаламайды, қалықтап тұруы жəне қонуы күшті жел тұрғандағы сияқты.

ІҚЖ жүргізу үшін құтқару қызметі негізінен көлік ретінде жəне жолаушыларға пайдалануға жіберілген Ми-8 тікұшағының əртүрлі нұсқаларын қолданады. Ми – 8 жолаушылар нұсқасы салонның ерекшелігіне байланысты, бортқа 9 – 11 немесе 28 – 32 жолаушы қабылдай алады. Ми – 8 тасымалдаушы нұсқасына үлкен жүк тиейтін люк, байлайтын арқандар, басқыштар жəне 24 адамға арналған шалқаймалы орындықтар болады. Құтқару қызметінің Ми – 8 тікұшағы жүк сиымдылығы 3000 кг сыртқы аспалы борттық жебе ілгішпен жабдықталған жəне қалықтап тұру режімінде 150 кг дейін бортқа жүк көтеретін жебелі жүкшығыр болады. Тікұшақтың кабинасына кіргізілетін жүктің ең үлкен массасы – 4000 кг. 28 жолаушы мен ұшу ұзақтығы – 500 км. Ұшудың максималды биіктігі – 6000 м. Тікұшақтарға тегістікке, төбелер мен таулы жерлерге вертодромдарға жəне 4500м биіктікте орналасқан алаңдарға қонуға рұқсат етіледі.

Тікұшақтан түсіп болғаннан кейін оған, ереже бойынша, двигатель өшіріліп, винт тоқтағаннан кейін ғана жақындайды.

Тікұшақ командирі (пилот) жерге түскеннен кейін де əр түрлі себептермен тікұшақтың жағдайын өзгертуге болатынын еске сақтау керек, мысалы, ұшуға шешім қабылдау.

Жерге қонғаннан кейін ІКЖ жетекшісі тікұшақтың командирімен одан əрі не істеу керектігін келіседі. Барлық құтқарушылар, əсіресе дала бөлімшелерінің қызметкерлері, жерге қондырушы тросик жерге толық тигенге дейін, тікұшақтың фюзеляжына қол тигізуге болмайтынын алдын ала ескертулері керек. Зардап шегушілер салынған зембілдерді, сондай – ақ əр түрлі жабдықтарды мүмкіндігінше жерге тақата отырып жəне оған параллелді тасымалдау керек. Арқандар, олардың ұштары винттің қалақтарына оралып қалмауы үшін, шумақталып ұсталуы тиіс, жабдықтардың жеңіл заттары тиянақтап буылып – түйіліп, арқа қапшығына немесе басқа да ыдыстарға салынуы қажет. Шаңғыларды, шаңғылардың таяқтарын, шатырларды, бос зембілдерді – оларды тек қана көлденең ұстап тасиды. Олай болмаған жағдайда жабдықтың шығарылған бөлігі негізгі винттің қалақтарына түсіп қалуы мүмкін, ол адамға ғана емес тік ұшақ үшін де қауіпті. Негізгі винттің қалақтары айналып тұрған жағдайда, тікұшақтан оның қонған жерінен жоғары жерге қарай кетуге болмайды, ол қалақтың айналу радиусіне түсіп қалу каупін төндіреді, бұл өз кезегінде қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін. Жерге қонғаннан кейін құтқарушылар бортмеханиктің рұқсатымен ғана тікұшақтан шыға алады. Қону алаңындағы құтқарушылардың барлық іс – əрекеттеріне ІҚЖ бастығы немесе олар арнайы тағайындаған адам басшылық етеді. Тікұшақтың қасында жұмыс істейтін құтқарушылар, қорғайтын каскалар киіп, оның бауын иектің астынан мықтап байлауы жəне қорғаушы көзілдірік киюі тиіс, көзілдірік негізгі винттің қалақтары жасаған ауа қозғалысынан жерден көтерілген шаңдардың, қарлардың жəне басқа заттардың ұшқындарының көзге түсуінен сақтайды.

Ұшу кезінде немесе қону кезінде құтқарушылар қону алаңынан қауіпсіз қашықтықта болуы тиіс, соның ішінде тікұшақ двигателін жүргізу кезінде. Барлық жеңіл заттар (шаңғыға арналған шəпкілер, қолғаптар,репшнурлар, ыдыстар жəне т.б.) 50 м. радиусте олар тікұшақтың турбиналары мен винттеріне түсіп қалудан қашу мақсатында əр түрлі амалдар қолданылуы тиіс. Оның үстіне винттің айналуынан пайда болған ауа легі, егер операция тау басында жүріп жатса, жеңіл заттарды төмен қарай ұшырып жіберуі мүмкін.

Тікелей тікұшақтың ішінде барлық жабдықтар бортмеханик көрсеткен жерге қойылады, қажет болған жағдайда сақтандырылады. Құтқарушылар орындықтарға отырғызылады жəне тікұшақтың ішіндегі арнайы ремендермен сақтандырылады.

Ұшу кезінде, қонғанда, қалықтап тұрғанда өз еркімен кабинада козғалуға тиым салынады, өйткені ол тік ұшақтың тепе – теңдігін бұзады, əсіресе зардап шегушілер мен жабдықтарды көтеру немесе түсіру кезінде.

Тікұшақ ауада болған кезде өзін өзі сақтандыруды қолданбай ашық есіктің алдына жайғасуға болмайды, тікұшақтың кабинесінде, сондай – ақ тоқтап тұрған кезде оның қасында темекі тартуға болмайды.

Тікұшақтың əрекеттеріне түзету.

Бейтаныс қону алаңына қону кезінде, тікұшақтың ұшқышына көмек көрсету мақсатында жерден оның əрекетіне түзету енгізу керек. Түзету екі түрлі тəсілмен жүзеге асырылады: радиостанцияның көмегімен немесе құтқарушылардың бірінің қолымен берілген дабылдардың көмегімен. Дəл осылай етіп ракеталарды, дабыл оттарын, жалауларды, ал кешкі немесе түнгі уақыттарда – электр фонарларын пайдалануға болады.

Дабылдар күні бұрын берілуі керек, дабыл берушінің қажет бола қалған жағдайда бірінші дабылдан кейін екінші дабылды беретіндей уақыты болуы тиіс.

Дұрыс жəне тез қонатын алаңды анықтау үшін тік ұшақ көрінген кезде ракетаны тура жіберсе тікұшаққа тиетіндіктен қырындатып жіберу керек. Төмендеу қонатын алаңға 100-200 метр қалғанда жүзеге асырылады. Тікұшақтың экипажы алаңды тапқан кезде, сол арқылы экипажға оның бағытын көрсете отырып, ракетаны жел бағыты бойынша жіберу керек.

Егер дабыл ракетасы жоқ болса, жел бағытын келесі түрде көрсетуге болады. Құтқарушылар алаң орталығынан оңға қарай 3 – 4 метр жерде бір – бірінің желкесіне қарап, қолдарын екі жаққа созып, желге арқасын беріп тұруы керек. Ұшқыш қону кезінде, оған бетін беріп оның сол жағында тұрған адамдарды көреді. Үзілмелі тоқтап – тоқтап соғатын желде тік осьті айнала денемен 80°- 90° — қа бұрылып, айналмалы қимыл жасайды.

Індет жағдайындағы іздеу – құтқару жұмыстары

 ТЖ пайда болуы жəне дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ əскери əрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер жəне организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады,санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры аймаққа кең жайылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дəрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі жəне басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің жəне санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының əдеттегі ырғағы талап етіледі.

Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары жəне т.б.) жəне медициналық емес (құтқарушылар, халық жəне т.б.) күштермен жəне қаражат – құралдармен өткізіледі. Əрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін əкімшілік бірақ бір

– бірімен байланыссыз əртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында əртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пайда болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.

ТЖ салдарларын жою кезінде санитарлық – гигиеналық жəне эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет. бұл ауру ошағында да, сондай – ақ оған жақын аудандарда да кенеттен жəне жылдам індеттік жағдайлардың ушығуына байланысты. Мұндай жағдайда апаттың қираған жəне бұзылған ошағы ретінде жəне соған қалыптасуын жалғастырушы ретінде, гигиеналық маңызды объектілер қатал бақылауға алынады. Оларға жататындар: сумен жабдықтау жəне құбыр жүйесі; азық – түлік өндірісі, қоғамдық тамақтандыру жəне сауда объектілері; коммуналдық шаруашылық кəсіпорындары; балалардың мектепке дейінгі мекемелері жəне мектептер; зардап шеккен жəне зардап шекпеген тұрғын үй қорлары; зардап шеккендер мен аурулар орналастырылған, емдеу – алдын алу мекемелері; көшірілген халықты уақытша орналастыру орындары; келген құтқарушылардың орналасқан жері; сыртқы орта объектілері; радиоактвті заттармен жəне т.б. ҚƏУЗ – дің қайталап зақымдау көздері болып отырған өндіріс объектілері.

Құтқару жəне апаттық қалпына келтіру жұмыстарын өткізу үшін ҚР ТЖМ АҚҚ, армиялық бөлімшелер, құрылыс ұйымдары тартылады.

Апат болған ошаққа бірінші болып кірген құтқарушылар зардап шегушілердің сыртқы бет – əлпетіне қарап олардың ауру екенін немесе аса қауіпті жұқпалы аурулармен ауру қаупі бар екенін анықтай білулері керек. Негізгі өте қауіпті жұқпалы – оба, тырысқақ, гемморагиялық вирустық безгектің (ГВБ) кейбір түрлері жəне шешек ауруларының белгілері ары қарай міндетті түрде берілуі тиіс.

Жұмыс режиміне сəйкес қорғану костюмдері.

Орындалатын жұмыстың сипатына байланысты, қорғану костюмдерінің келесі түрлері пайдаланылады:

Бірінші түрі — комбинезоннан немесе пижамадан, капюшоннан (үлкен жаулықтан), обаға қарсы халаттан, мақта – дəкелі маскадан (тозаңға қарсы респиратор), көзілдіріктерден, рəзіңке қолғаптардан, ұйықтардан, рəзіңке немесе керзі етіктер мен орамалдан тұратын толық қорғану костюмі.

Екінші түрі – қорғану костюмі, комбинезоннан немесе пижамадан, капюшоннан (үлкен жаулықтан), мақта – дəкелі маскадан рəзіңке қолғаптардан, ұйықтардан, рəзіңке немесе керзі етіктер мен орамалдан тұратын толық қорғану костюмі.

Үшінші түрі — қорғану костюмі, пижамадан, обаға қарсы халаттан, үлкен жаулықтан, рəзінке қолғаптардан, ұйықтардан, тəпішкелерден (немесе туфлиден) тұратын қорғану костюмі.

Қорғану костюмдерін кию жəне шешу тəртібі.

Костюмді келесі тəртіпте киеді: комбинезонды пижаманы, ұйықтарды, етіктерді, капюшонды жəне обаға қарсы халатты рет – ретімен киеді. Қажет болған жағдайда фонендоскопты пайдаланады, оны капюшонды (үлкен жаулықты) киер алдында киеді. Халаттың жағасындағы бауларды, халаттың белдігін алдынғы жағынан сол жаққа қарата байлайды, жеңдердегі бауларды да осылай етіп байлайды. Респиратор (масканы) бетке ауыз бен мұрын жабық болатындай етіп киеді, ол үшін респиратордың жоғарғы шеті көз аумағының төменгі деңгейінде болуы тиіс, ал төменгі жағы – иектің астына енуі керек. Масканың жоғарғы бауын ілгек арқылы желкеден байлайды, ал төменгі жағын

  • төбеге (орап байлайтын таңғыш түрінде) байлайды. Респираторды кигеннен кейін мұрынның екі қанатын мақтамен тығындайды. Көзілдірік капюшонға (үлкен жаулыққа) тығыз орналасуы қажет, əйнектері оны терлеуден сақтандыратын, арнайы қарындашпен немесе сабынның кұрғақ кесіндісімен сүртілуі тиіс. Ауадан фильтрлейтін орындарға мақта тығыны салынады. Одан кейін қолғаптар (үрлеп олардың жыртылмағандығын тексеруден өткізгеннен кейін) халаттың оң жағындағы белдікке орамал ілінеді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы бөлінген ғимаратта немесе жұмыс жүргізілген сол бөлмеде, бірақ сол жерді толық залалсыздандырғаннан кейін қорғану костюмін шешеді.

Костюмді залалсыздандыру үшін келесілер қарастырылуы тиіс:

  • етік немесе галоштың сырт жағын тазалағыш ерітіндімен сүрту үшін шылапшын немесе шағын күбі;
  • костюмді шешу процесінде тазалағыш ерітіндісі бар шылапшын қолғапарды тазалау үшін;
  • көзілдірікті жəне фонендоскопты тазалау үшін, қиюластырылған тығынымен 70% спиртті банкі;
  • мақта – дəкелі маскаларды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар немесе сабынды су құйылған кастрөлдер;
  • халатты, капюшон (жаулықты), орамалды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар металдан жасалған күбіні;
  • қолғаптарды тазалау үшін, тазалағыш ерітіндісі бар металл кастрөл мен шыны банкілер пайдаланылады.

Костюмді залалсыздандыру кезінде тазалағыш ерітіндісі бар ыдысқа оны тұтастай батырып салады. Егер залалсыздандыру автоклавирлі, қайнаған немесе дезкамерада жасалса, костюм сырт жағынан залалсыздандырылған ерітіндімен өнделетін күбіге (биксилер, камералық қапшықтар) салынады.

Костюмді баппен асықпай шешеді. 1 – 2 минут ішінде қолды сыртындағы қолғабымен тазалаушы ерітінді ішінде (8% лизол, 5% карболды қышқыл ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі) жуып ұстайды. Костюмнің əрбір элементін шешкен сайын қол қолғабымен залалсыздандыру ерітіндісіне жуылады. Халаттың белінен орамал ақырын шығарылады. Тазалауыш ерітіндіге жақсылап батырылған мақта тығынымен сүртіледі, кленка алжапқышты сыртқы жағынан ішке қарай бүктей отырып шешеді. Екінші жұп қолғапты жəне жеңге киетінді шешеді. Етіктер (галоштар) тазалағыш ерітіндіге жақсылап матырылған (əрбір етікке жеке тығын қолданылады) жоғарыдан төмен қарай мақта тығындармен сүртіледі. Дененің ашық терісіне тигізіп алмай, фонендоскопты алады. Көзілдірік екі қолмен бірдей алға, артқа, жоғары, төмен тарта отырып бастан шығарылады. Респиратор оның сырт жағын бетке тигізіп алмай алынады. Халаттың жағасындағы бауын шешеді, белдікті шешеді, қолғаптың жоғарғы жақ шетін түсіріп, жеңдегі бауларды шешеді, оның сыртқы жағын ішке орай отырып, халатты шешеді. Сырт жағынан ішке орай отырып, еппен жинап, капюшонды шешеді. Қолғаптарды шешеді, залалсыздандыру ерітіндісі ішінде оның бүтіндігін (əрине үрлеп емес) тексереді. Тазалағыш ерітінді құйған бакқа етікті (галошты) тағы да жуады да оларды шешеді.

Қорғау костюмін шешкеннен кейін қолдарын сабынды жылы сумен тазалап жуады, содан кейін душ қабылдайды. Қорғау киімдері бір рет пайдаланғаннан кейін 2% сода ерітіндісінде қайнату жолымен (30 минут), автоклавирлеуде (1 атм 30 минут ішінде), залалсыздандыру ерітіндісінде (3% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы) шыланады.

Құтқарушыларды түсіру жəне зардап шегушілерді көшіру

Қондыратын алаң бар болса, оған қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, тиісті метеожағдайда тікұшақ жерге қонады да зардап шеккендерді денсаулық жағдайына жəне ұшу уақытына байланысты жақын – маңдағы немесе аэропорт орналасқан жердегі емдеу мекемесіне көшіреді. Кейде, жағдайға байланысты, борттағы аралық алаңға зардап шегушілерді жəне құтқарушыларды қабылдау қолайлы, ең бастысы қауіпсіз бо- лады.

Құтқарушыларды түсіру келесі жүйелілікте жүзеге асырылады:

  • ІҚЖ жетекшісі немесе ол тағайындаған құтқарушы алдын ала дайындаған арқанды жүкшығырдың карабиніне іледі, əйтпесе ұшқыш қажет болған жағдайда оны тікұшақтан тез түсіре алмайды;
  • бортмеханик есікті ашады;
  • бортмеханиктің бұйрығы бойынша ІҚО жетекшісі немесе ол тағайындаған құтқарушы арқанды төмен түсіреді. Бұл кезде тікұшақ тек қалыкқтап тұруы керек, əйтпесе арқан құйрық жағындағы винтке түсіп қалуы мүмкін. Тастаған жіп жер бетіне жетпей қалған жағдайда, оны қайтадан тікұшаққа тартып алады. Одан əрі алдын ала дайындалған одан ұзындау екінші арқан ілінеді жəне тасталынады;
  • екі тежегіш карабинмен күркеше киген бірінші құтқарушы, есіктің алдындағы ойыққа отырады, арқанды екі тежеуіш карабиніне салады жəне оларды аспа түйін мен тікелей жоғары көтереді;
  • екінші құтқарушы, түсіруге дайындала отырып, бірінші құтқарушының өзін – өзі сақтандыруын қоршауға алады;
  • бортмеханиктің бұйрығы бойынша бірінші құтқарушы арқанға біртіндеп күш түсіріп, бетімен тікұшақтың корпусына қарай бұрылып, жұлқымай баяу түсе бастайды;
  • жерге түскеннен кейін құтқарушы қажет болған жағдайда өзін – өзі құтқаруды ұйымдастырады, арқанды ағытып, келесі құтқарушының түсуі үшін «ОК» белгісін береді;
  • құтқарушы жерге түскеннен кейін жерге түсетін келесі құтқарушыға көмек көрсету үшін орнында қалады;
  • соңғы құтқарушы жерге түскеннен кейін арқан бортмеханикпен немесе бортта қалған құтқарушымен бірге төмен түсіріледі.

Тікұшақтың қалықтап тұру режімінде құтқарушыларды ұйымдастыру жəне төмен түсіру тым жоғары биіктікте барлық құтқару қызметінде, ереже бойынша, жоғарыда көрсетілген сызба бойынша жүргізіледі. Тік ұшақтың түріне жəне оған орнатылған қосымша жабдықтарға байланысты құтқарушыларды түсіру екі арқанмен бір – бірлеп, кезектесіп жүзеге асырылады, ол түсіруді айтарлықтай тездетеді, бірінші құтқарушы жерге түскен кезде екіншісі екінші арқанмен жерге түсе бастайды. Түсіру кезінде əртүрлі тежеуіш құрылғылары пайдаланылады. Құтқарушы тікұшаққа бекітілген шынжыр арқанның көмегімен негізгі арқан бойынша түседі. Бұл тəсіл көп уақыт шығынын талап етеді жəне ерекше жағдайларда ғана қолданылады.

Зембілдерді түсіру борттағы жүкшығырдың көмегімен жүзеге асы- рылады. Төменде оны қабылдау жеңіл болу үшін зембілге репшнур байлануы тиіс. Тікұшақтың оқиға болған жерге қонуы мүмкін болмаса немесе оған жақын жерде арнайы альпинистік зембілдер болса солар, не болмаса тікұшақтың қалықтап тұру режімінде зардап шегушіні көтеру үшін «Акья» түріндегі зембілдер қолданылады. Зəбірленушіге алғашқы дəрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін, егер тікұшақ шақырылған болса ұшып келу уақыты шамамен белгілі болса, тасымалдауға дайындайды, сол үшін оған жылы киімдер кигізеді, оны құтқару қапшықтарына немесе палаткаларға орайды (бұл олардың алған жарақаттары мен ауа райының жағдайларына байланысты), егер бар болса зембілдерге жатқызады. Зардап шегушілер немесе құтқарушылар тік беткейлерде болса, тікұшақтың винтінен пайда болған ауа легіне түсіп қалмау үшін, зардап шегуші мен зембіл үшін сақтандыру ұйымдастырады, ал құтқарушылардың өздеріне өзін – өзі сақтандыру қолданылады.

Жүкшығырдың (ЛПГ – 2, ЛПГ – 3, ЛПГ – 150) көмегімен зардап шегушіні көтеру кезінде келесідей жүйелілік қадағаланады:

  • тікұшақ келген кезде бортмеханик жүкшығырды іске қосады жəне шынжыр арқанды жібереді;
  • құтқарушы немесе топтардың қатысушысы, зардап шегушінің қасында бола отырып, төмен түсірілетін арқан жер бетіне тигеннен кейін, оны зембілдің аспалы жүйесіне бекітіп, қолына жүкшығырдың карабинін алады, тікұшақтың бортына көтеру үшін бұйрық береді. Мүмкін болса резеңке қолғаппен жүкшығыр карабинін шынжыр арқан тартылып болғанша қолымен ұстап тұрады. Содан кейін құтқарушы зембілдердің шынжыр арқанды шыр айналып кетуіне жол бермей, тікұшақтың астыңғы жағында тік сызықпен тұрғанға дейін зембілдерді ұстап тұрады;
  • бортмеханик пен құтқарушы зембілдерді тартып көтеріп, оларды кабиналарға кіргізеді.

Кей кездері зембілдегі зардап шегушілерді бірге еріп келген бір құтқарушымен қоса көтереді. Бұл зардап шегушіні көтеру кезінде көмек көрсе- ту үшін жəне тікұшақтың корпусына зардап шегушілердің соғылуын болдырмау үшін жасалады. Мұндай жағдайда тікұшақтың бортына алдымен зардап шегуші, содан кейін жол серікті кіргізеді.

Зембілдердің іліну жүйелерін қысқа жасау керек. Жүкшығыры мен зембілдің төменгі бөлігінің шамамен арақашықтығы – 80 – 90 см. Зембілдің зардап шегушімен жəне жолсерікпен қосқандағы жалпы салмағы туралы ұмытпау керек, өйткені рұқсат етілген максималды жүк салмағы 150 кг – ден аспауы керек. Зембілдегі зардап шегушіні тікұшақтың кабинасына оның бас жағынан бастап кіргізеді. Зембілдер есіктен кірісімен оларды тікұшактың еденінде бекітілген шығыршықтардың біріне сақтандыру ілгегімен карабинге іліп сақтандыру қажет.

Зардап шегушіні, егер оның денсаулық жағдайы мүмкіндік берсе, оның өзін жеке байлап тікұшаққа көтеру керек. Мұндай жағдайда барлық істелетін əрекет бортқа зардап шегушіні зембілмен көтергендегі іс – əрекетке ұқсас болады. Зардап шегуші, егер ол мүмкін болса, тікұшақтың кабинасына көтерілуде бортмеханик пен құтқарушыға көмектеседі. Зардап шегуші есіктен кірген кезде тікұшақтың ішіне сакқтандыру ілгегімен бекітілген карабин зардап шегушінің орамасына бекітіледі. Тікұшақтың бортына құтқарушы да осындай амалмен көтеріледі. Уақытты үнемдеу мақсатында алдын ала əрбір құтқарушыға дайындалған сақтандыру карабинімен кеудеден байлау жəне өзін өзі сақтандыру күркеше кигізілуі тиіс. Жүкқапшық иықтарына кигізіледі. Сақтандырушы карабині жүкшығыр карабиніне бекітіледі. Күркешеден сақтандыру карабиніне репшнурмен сақтандыру тікұшақ бортына көтерілу кезінде адамның денесі аударылып кетпеуі үшін пайдаланылады. Зембілдер мен құтқарушыларды тікұшақ бортына қабылдау кезінде бортмеханик жəне оған көмектесуші құтқарушы өзін өзі сақтандырылуы тиіс.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close