ТАУҒА ШЫҚПАС БҰРЫН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗ
Түркістан облысының таулы аймақтарында туристердің адасып кетуі жиі орын алады. Тамаша табиғатқа тамсанған адамдардың адасып кетуі көбіне қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан болып жатады. Туристерден бөлек жергілікті тұрғындардың да тау арасында жоғалып кететіні жасырын емес. Оған көбіне ауа райының қолайсыздығы, қалың тұман себеп болады.
Мәселе, осы жылдың наурызында Қазығұрт ауданында екі адам жоғалып кетті. Саңырауқұлан теруге шыққан азаматтар күн батқанда кері қайтар соқпапты таппай қалған.Жоғалған азаматтар туралы хабарлама түскен бетте құтқарушылар оқиға орнына шұ,ыл жетіп, адасқандарды аман-есен тапты. Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа райымен міндетті түрде танысуға кеңес береді.
Дауыл туралы ескертулерге құлақ асыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар, сізде зарядталған телефон мен пауэрбанк болуы керек.
Адам өмірі үшін таулар ерекше қауіпті табиғи ландшафтардың бірі болып саналады. Таудағы қауіптілік екі топқа бөлінеді: объективтік, таудың өзінің табиғатымен байланысты жəне субъективті, негізінде адамның даралық қасиеті жатады.
Таудагы табиғи қауіптілікке таудың бет – бедері, суық, қатты жел, тұман, қарлы – мұз жабулар, көшкіндер, тас құлаулар, жартастар, қарлы күнқағарлар, мұздар, құздар, жартастар, тау көлдері, тау қуыстары, тау ернеулері жатады.
Таудағы жеке қауіп — катерлерге қауіпті білмеу, жағдайды қате бағалау, дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі, зорығу, қате қозғалыстар, қауіптілікті елемеу, жабдықтар мен саймандардың болмауы немесе дұрыс қолданбау, өзінің мүмкіндіктерін асыра көрсету, келіспей əрекет етушілік. Тауда қауіптің көбі спорт түрімен айналысатын яғни тосқауылдарды игеретін адамдарға төнеді, өйткені олардың басты мақсаты кедергіні жеңу болып табылады, ал тəуекел – əрекетке түрткі болатын басты себептің бірі. Адамдардың бұл санатына альпинистер, тау туристері, спелелогтар, тау шаңғышылары, тау көлдері бойынша жүзу құралдарымен жүретін саяхатшылар (байдаркалар, салдар, үрлемелі қайықтар) жатады. Ұйымдастырылмаған жəне дайындалмаған турист топтарына үлкен қауіп – қатер төнеді. Сонымен қатар тауда əртүрлі жұмыс істеп жүрген адамдар да: геологтар, карта сызушылар, құтқарушылар, туристік базалар мен альпинистер лагеріне қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлер құрамы, сонымен қатар тауда үнемі немесе уақытша тұратын адамдар (жергілікті тұрғындар, демалушылар жəне т.б.) қауіпті жағдайға тап болуы мүмкін. Таудағы адамдардың қауіпсіздігін жоғарлату үшін өткізілетін барлық шараларға қарамастан, таулы жерлерде болатын ТЖ саны, жоғары деңгейде тұрақты қалып отыр.
Таудағы төиенше жағдай негізі болып: үсіп қалу (қатып қалу), құздан, мұз шыңдардан, беткейлерден құлау, көшкінге, тас құлауларына, опырылымдарға, тау көлдеріне, жартастарға түсу, өз бетінше қозғалу мүмкіндігі болмау, бағыттан ауытқып кету, метеорологиялық факторлардың əсері, арқандарға ілініп қалу, адамдардың тау үңгірлерінде қалып қалуы, тау шаңғы жолындағы жарақаттар, арқанды – кресло жолдарындағы авариялар, техникалардың (автомобильдер, ұшақтар, тік ұшақтар) құлауы.
Таудың өзіне тəн өзгеше ерекшеліктері ІҚЖ қатысып жүрген
құтқарушыларға жоғары талап қояды. Олар:
- тауды жəне мұндай жағдайда жұмыстың ерекшелігін білуге, жоғары біліктіліті болуға, биік тау жағдайындағы жұмысқа бейім болуға, тауға арналған жəне тау құтқару жабдықтарын пайдалана білуге, іздеу əдістерін жетік меңгеруге жəне зардап шеккендерге көмек көрсету тəсілдерін білуге;
- жақсы физикалық дайындықта болуға, аса төзімді де сабырлы жəне жұмысқа қабілетті болуға, жүйке жүйесі мықты жəне байсалды, салмақты болуға, реакцияның жеткілікті дəрежедегі жылдамдығына;
- жағдайдың, қауіп – қатердің дəрежесін дұрыс бағалай білуге, тау жағдайында аман қалуға;
- парыз бен жауапкершілік сезімін сезіне білуге міндетті.
Тауда ІҚЖ ұйымдастыру мен жүргізудің басты қағидаты дара басшылық қағидаты болып табылады. Ол жұмыстың жүруіне жауап беретін команда жетекшісінің бұйрығын бұлжытпай орындауға негізделген. Құтқару жасағының құрамы жəне оның жетекшісі біліктілігі мен жұмыс тəжірибесі ескеріліп алынады. ІҚЖ қаншалықты күрделі де қауіпті болса, жетекшілер мен құтқарушылардың біліктілігі де соншалықты жоғары болуы керек.
Таудағы жарақат алғандарды тасымалдау. Тауда түйіндерді дұрыстап байламау салдарлары адамдардың жарақаттануына, тіпті қаза табуына əкеп соғады. Егер жазатайым жағдай бəрібір орын алса, онда жарақаттанғандарды тез арада қауіпсіз жерге жеткізуге тура келеді. Көптеген қиындық жартасты аймақтарда тасымалдау кезінде кездеседі.
Егер жарақаттанған адам болмашы жарақат алса, онда оның қасына серік қоспай – ақ төмен түсіруге болады. Түсіру бағыты тас құлайтын аймақ болмауы керек жəне аялдайтын алаңның болуы шарт. Төмен түсіру кезінде сенімді болу үшін бірнеше қоршауға алынған қармақ немесе жартастың ұшы (мұзды бағана) болуы керек. Жарақаттанғандарды түсіруге арналған арқан блок немесе полипаст арқылы өтеді. Мұзда немесе мұздақтарда түсіру жүйесі кезінде мұз шапқышпен бекітілуі керек. Жол серігі жоқ жарақаттанған адам арқанмен ілмектенген күркеге түсіріледі, жарақаттанушы мүмкіндігінше құздан аяқ жəне қолымен итеріліп, шегініп отыруы керек.
Ауыр соққы алған жарақаттанушыны жол серікпен бірге түсіру керек. Жол серігі жоқ болса күркеге түсіру негізгі арқанның соңына қарай, негізгі арқанмен бірге ұзындығы 1,0-1,2 м репшнурдың көмегімен іске асады. Негізгі арқан соңына қосарланған өткізгіш түйінін байлап, ілмекті жарақаттанушының санына кигізеді. Ілмектің ұзындығы 40-45 см шамадан аспауы керек. Күркеге түсірудің қандай жағдайында болмасын, негізгі арқанға қоса ұстап тұратын түйін жарақаттанушының басының деңгейінде репшнурмен байланады жəне сақтандыру белдігіне қозғалмастай етіп түймелейді. Бұл адамның аударылып кетпеуі үшін жасалынады.
Жарақаттанушыны күркеге жол серікпен түсіру кезінде əрбір екі арқанның соңында екі реттен жол серіктің қос түйінін байлау керек, ол жарақаттанушы мен жол серіктің отыруы үшін қажет. Содан кейін бір түйін күркешеден 1,2 м арақашықта, ал екіншісі 90 см ара қашықтықты сақтау үшін екі арқанға да жай түйіннен байланады. Жол серік күркенің ұзын жақ аяғын кисе, ал жарақаттанушы қысқасын (90 см) киеді. Жарақаттанушы жəне жол серік біріктіруші түйіннен төмен, ұстап тұратын түйінен арқан арқылы кеудесін ораған ілмектен тартып біріктіріп байланады.
Ауыр жарақат алғандарды көлденең қалыпта зембілмен түсіреді. Ал жол серік зембіл оның кеудесіне деңгейлес болатындай етіп, сақтандырушы пояспен немесе репшнурмен арқанға байланады. Қабырғамен түсу жəне беткей бойынша ауыстыру үшін де зембілше себет пайдаланылады. Негізгі жіптің соңына жол серіктің шағын түйіні (бұл зембілдің соңғы жағы – «аяғы») байланады. Содан кейін жіпке жоғарғы жағын кеңейтетін иірмек салынады; иірмектің ұзындығы жарақаттанушының денесінің көлеміне байланысты, ал саны – оның бойының ұзындығына байланысты. Тасымалдаушың жағдайын жақсарту үшін тасымалдау кезінде өрмені мүмкіндігінше жиі салған дұрыс. Ұйықтайтын мөшектегі немесе палаткаға оралған тасымалдаушыны арқан өрмесіне жатқызып, аяғынан бастап орап байлайды. Қалай тасымалдауға байланысты (тау беткейінен бе немесе қабырғадан ба) зембілге сырық байлайды немесе түсіретін арқанға оларды карабинмен бекітеді. Соңғы жағдайда түсетін арқанға басы мен аяғының арасынан жіберетін жіптердің арасына кергіш жасайды. Түсіретін жіпті тежеу екі немесе төрт карабиннен кейін жүзеге асырылады. Карабиндердің жартысын балғаның саптарымен немесе мұз жарғыштармен ауыстыруға болады. Карабин тежегіштерімен түсу ақырын жəне жіпті бірқалыпты жібере отырып жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, – делінген хабарламада.