Без рубрики

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ-6

ТЕРМИЯЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУЛАР

Түрлі техногендік апаттардың ішінде термиялық күйіктердің жал- пы үлесі айтарлықтай басым. Қарапайым күнделікті жағдайда күйік- тердің саны барлық тұрмыстық жарақаттардың 80% құрайды.

Күйіктер 4 дәрежеге бөлінеді: 1 дәреже – қызару; 2 – күлбіреу;

3 –  терінің үстіңгі (3а), барлық (3б) қабаттарының жансыздануы;

4 – тері мен оның астыңғы қабатының қарайып күюі (жансыздануы). Ауырлығы, барысы мен емделу жолына қарай күйіктер үстіңгі – 1,2,3а дәрежелі және астыңғы – 3б және 4-дәрежелі болып бөлінеді. Зақымданған терінің өз бетінше қайта қалыпқа келу мүмкіндігі терінің үстіңгі қабаты күюінің басты айырмашылығы болып табыла- ды. Қатты күйген теріні қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шеккен адам денесінің күйік шалмаған тұсынан алынған теріні орналастыру қажет болады.

  • дәрежелі күйіктер бу, ыстық сұйықтық, қызған заттың аз уақытқа әсер етуінен болады және терінің қызаруымен, шамалы ісінуімен, қатты ауырсынуымен айқындалады. Әдетте бұл сим- птомдар 3-4 тәуліктен кейін басылады, кейде терінің үстіңгі қаба- тынан эпидермис қабыршағы көптеп түсіп, түлей бастайды.
  • дәрежелі күйіктер дәл сол агенттердің неғұрлым көбірек уақыт әсер етуінен немесе температурасы әлдеқайда жоғары заттың аз уақытқа әсер етуінен болады. Зақымданған жерде ісік пен қан кер- неуден мүйіздік және өсім қабаты арасында тері қылтамырларымен жүретін түссіз мөлдір сұйықтық толған эпидермалдық қабыршақ пайда болады.

Қабыршақты алып тастағанда жанасу кезінде ауыру сезімін туғыза- тын, түсі ашық қызғылт келетін терінің астыңғы өсім қабаты көрінеді. 3-дәрежелі күйіктер теріге жалын, балқыған металл және басқа да өте жоғары температуралы агенттердің әсер етуінен болады. Зақымдану тереңдігі дененің әр бөлігінде сан түрлі болып келетін теріэпителийі жабыныныңқалыңдығынада байланысты. Сондықтан терінің ауқымды бөлігі күйгенде оның әр тұсында зақымдану дәре- жесі де әртүрлі болады.

Термиялық агенттің температурасы мен оның әсерінің ұзақтығы күйік дәрежесіне ықпал ететін факторлар болыптабылады.

Мәселен, аз ғана уақытта жалын шарпығанның өзінде теріде 3- дәрежелі күйік шалған жер пайда болады.

Ыстық судан болған күйік дәрежесі оның теріге әсер ету уақыты- на байланысты.

Күйік жарақатының ауырлығы негізінен зақымданған терінің массасына байланысты.

1 – 2 дәрежелі күйіктен зардап шеккендер оның кең таралғанына қарамастан әдетте жарақат алған соң 10-15 күннен кейін терісінде тыртық қалмастан жазылып кетеді. Тек қабыршақтарға инфекция тү- суі күйген қабаттың эпителимен қапталуы уақытын ұзартуы мүмкін. дәрежелі күйіктер -1 – 2 дәрежелі жайылған күйіктерден соң әдетте жекелеген бөліктер түрінде терінің беткі қабатының семуімен (қабыршақ) сипатталады және мұнда өсім қабаты бөліктері, тер және май бездерінің бөліктері сақталады.

Семіп қалған бөліктер жарақат алғаннан кейін 3-4 аптадан соң іріңдеп, теріден ажырай бастайды, басылған соң күйген жер терінің астыңғы қабатында орналасқан тер және май бездерінің шығару жол- дары жабыны өсуінен жабынмен көмкеріле бастайды.

36 дәрежелі қатты күйік сезімталдығы жойылған, тығыз, қоңыр түсті қабыршақтың пайда болуымен және терінің барлық қабатта- рының толықтай семуімен сипатталады. Зардап шеккен адамның жағдайы ауыр болады, ал күйіктің салдарынан семіп қалған тері аумағы тым үлкен болса жайсыз жағдай болжанады. Семіп қалған қабыршақ жарақат алғаннан кейін 1 – 1,5 айдың ішінде біртіндеп теріден ажырай бастайды, одан соң жұқпаланған түйіршікті жарақат пайда болады, оны қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шегушінің күйік шалмаған жерінен алынған терісімен ауыстырып, жаңа тері отырғызу қажет.

Бет, мойын және кеуденің жалыннан болған терең күйігі көбі- несе ауыздың, жұтқыншақтың және жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының күйігімен қатар жүреді, бұл тыныс алу жет- кіліксіздігі мен тұншығу қауіпін туғызады.

Күйік жарасының ауырлығына зардап шеккен орын да әсер етеді. Жүйке талшықтарының көптеп орналасуынан бет пен қолдың күйігі дененіңбасқабөліктеріндегі күйікке қарағанда неғұрлым ауырөтеді. Күйік ауданын дереу түрде анықтау үшін «тоғыздық» ережесі қолданылады.

Тері жабынының 8 – 10 % зақымданған қатты күйікте түгелдей дер- лік органдар мен жүйелердің қызметі бұзылады. Ауыр күйік жарақатын алғаннан болатын жалпы бұзылулар кешені «күйік ауруы» деп атала- ды. Оның барысы 4 кезеңнен тұрады: күйіктік шок, жедел күйіктік ток- семия, септико-токсемия, реконвалесценция немесе сауығу кезеңі.

Күйіктік шок кезеңі алғашқы екі күнді қамтиды. Шоктың клини- калық картинасына плазма жоғалтудан болған ісік, жоғарғы тыныс алу жолдары күйігінің симптомдары, есін жоғалтпаған жағдайда кей- де психомоторлық қозу, бұлшық еттің дірілі, дене температурасының төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі, артериялық қан қысымының қа- лыпты жағдайдан кейін төмендеуі және ең бастысы несептің бөлінуі күрт азаю тіпті толығымен тоқтауы тән. Диурездің 30 мл/с дейін және одан да төмендеуі жағдайдың нашарлылығының белгісі. Несеп әдетте қою, қан аралас келеді.

Күйіктік токсемия екінші-үшінші тәулікте басталады және 10-

12 тәулікке жалғасады. Ол семіп қалған теріде күйік жарақатынан сіңіріліп, өткір улануға әкеп жатқан уытты заттардың пайда болуына байланысты.

Жедел токсемия қатты және күшті қалтырау, сандырақтау, астан жи- рену, қайта-қайта құсу, ұйқысыздық, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, жиі қайталанатын бронхы пневмониясы сияқты белгілермен байқала- ды.

Септикотоксемия күйік жарасының іріңдеуінен болады. Бұл кезеңге қатты қалтырау, үдемелі қан аздық және азу тән.

Реконвалесценция күйік жаралары жазылған соң болады. Бұл ке- зеңде ішкі органдар мен жүйелердің қызметі біртіндеп қалыпқа келе бастайды.

Табиғи апаттар немесе техногендік апаттар ошағында күйік кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:

жанып жатқан киімдегі өртті сөндіру; жараны таңу;

ауырсынуды басатын дәрілер салу; сусындарды көптеп ішу;

Қатты күйсе және күйік аумағы көп болса көліктік иммобилизация. Жалын шарпыған киім дереу арада шешілуі тиіс. Зардап шегушінің үстіндегі тез шешілмейтін, жанып немесе бықсып жатқан киімнің бөл- шектеріндегі жалынды сумен, қармен, құммен, жермен, қалың матамен (пальто, көрпе және т.с.с) жабу арқылы оттегінің келуін шектеп, өшіру керек. Жанып кеткен немесе күйген жерге жабысып қалған киімді ше- шуге болмайды. Дененің күйген жерлерін таңғышпен жабады. Күйіп қалған адамдардың көпшілігі ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қажетсінеді.

Қол-аяқтың көп бөлігі және қатты күйсе қолда бар құралдармен немесе көліктік шиналарды қолдану арқылы тасымалдауды ұйымда- стыру керек.

Күйіп қалғандардың көбін апат ошағынан алып шығу қажет бола- ды, ал беті күйгендердің дені қабағының тез ісіп кетуі мен көру қа- білетін уақытша жоғалтуынан апат ошағынан өздігінен шыға алмай, сырттан көмекті (алып шығуды) қажет етеді.

Химиялық күйіктер

Табиғаты әртүрлі химиялық белсенді заттардың теріге әсер етуінен болады. Көбінесе химиялық күйіктер бейорганикалық қышқылдар- дан (күкірт, азот, тұз), сілтілер (калий, натрий гидроксиді, өшпеген из- весть), ауыр металл тұздарының (күміс нитраты, цинк хлориді), кейбір ұшпа майлар, бензин, керосин және ұзақ уақыт әсер етсе кейбір еріт- кіштердің теріге жанасуынан болады.

Фосфор өтеё ауыр күйік тудырады. Теріге тигенде көбінесе жанып, химиялық күйікпен қатар фосфордың өзі және күйікке айналған өнім- дердің сіңірілуінен ағза уланып, аса ауыр термиялық күйікке шалдыға- ды.

Химиялық күйіктер тұрмыстық жағдайда сирек кездеседі, техно- логия бойынша жоғарыда аталған химиялық агенттер қолданылатын өндірісте апат орын алған жағдайда мұндай күйік жаппай сипатқа ие болуы мүмкін.

Зақымдану тереңдігіне байланысты химиялық күйіктер де терми- ялық күйіктер сияқты жіктеледі: таралымы бойынша көбінесе дененің жалпы ауданының 10 % -нан аспайды. Химиялық күйіктің жалпы бел- гілері (күйік ауруы) байқалмайды деуге болады. 3 – 4 дәрежедегі қатты күйіктер қышқылдар мен сілтілердің әсерінен болады.

Химиялық күйік кезінде алғашқы көмек көрсету жолы: дереу арада зақымданған жерді ағыны қатты сумен 5 – 10 минуттай жуып, одан соң қышқылдан күйсе – сілті ерітіндісімен, сілтіден күйсе – 1 – 2% сірке, бор немесе лимон қышқылымен бейтараптандырылып, асептикалық таңғыш салынады.

Өшпеген известьтен болған күйік кезінде алдымен терідегі известь қалдығын абайлап алып тастап, содан соң күйген жерді сумен шаяды.

Үсік

Термиялық жарақаттың біртүрітөменгі температураның әсерінен тіннің зақымдануы, яғни үсуі болып табылады. Күнделікті жағдайда да, жылдың суық мезгілінде, табиғи апат кезінде де бұл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету мен емдеу аса маңызды. Көбі- несе аяқ пен қолдың дисталды бөліктері үсіктен зардап шегеді, оның ішінде үсу әдетте табан буыны деңгейінен көтерілмейді; қолдың үсуі болса негізінен саусақтармен шектеледі.

Үсудің барысына салқындау әсерін одан сайын күшейтетін немесе байқататын түрлі факторлар әсер етеді. Метеорологиялық факто¬р- лардың арасында ылғалдың жоғарылығы айтарлықтай рөл атқарады. Ауада ылғалдылықтың артуы жылу оқшаулағыштық рөлін төмен- детіп, жылу шығынының артуына әкеп соғады. Тағы бір климаттық жайсыз фактор ол желдің күшеюі: ауа қозғалысының жылдамдығы жоғарылаған сайын дененің үстіңгі қабатының жылу бөлуі де арта түседі.

Аяқ киім аяқтың үсуіне жол беретін маңызды фактордың бірі. Тар аяқ киім кигенде табанның қан айналымы бұзылып, ол ісіне бастай- ды. Бұл аяқтың үсуіне себеп болады, ал аяқ киімнің дымқылдығы тіндердің зақымдану деңгейін одан әрі арттыра түседі.

Суықтың әсерін күшейте түсетін факторларға аяқтың тершеңдігі, жеткіліксіз тамақтану, гипо және авитаминоз, қансырау, шаршау, мас болу, естен тану және тағы басқалары жатады.

Үсіктің пайда болуына зақымданған тіндерде жергілікті қан айна- лымының қалыптан тыс бұзылуы салдары әсер етеді. Алдымен ұсақ қан тамырлары жиырылады, сосын бірталай уақыт бойы кеңейіп тұрады да, қайтадан жиырылады – соның нәтижесінде тіндер семіп қалады.

Үсу екі кезеңнен тұрады: реактивті емес кезең (жасырын) және тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Реактивті кезеңде ғана үсік шалған жерлерде патологиялық өзгерістер байқа- лады.

Ұзақтығы бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылатын реак- тивті емес кезеңде зақымданған жердің терісі көбінесе бозарып, кейде көгеріп тұрады, қолмен ұстағанда суық, сезімталдығы төмен немесе мүлдем сезбейді. Үсу деңгейі артқан сайын денеде ұю, сіресіп қалубелгілері байқала бастайды. Аталған белгілердіңанық байқалуы төменгі температура әсерінің ұзақтығына байланысты.

Реактивті емес кезең зардап шеккен тіндер температурасының қайта қалыпқа келуіне дейін жалғасады. Аяқ-қол жылытылып, қан айналымы мен қызметі қалыпқа келген соң реактивті кезең бастала- ды. Жасырын кезеңнің реактивті кезеңге өтуінің объективті белгісі үсік шалған аяқ-қолдың ісіне бастауы. Реактивті кезең басталғанда үсу диагнозы нақтыланып, зақымданған тіннің таралуы мен дәрежесі айқындалады.

Үсу де күйік сияқты төрт дәрежеге жіктеледі.

  • дәрежелі үсік орналасуы мен зақымдану аумағына қара- мастан, үсіктен зардап шегушінің жағ-күйінде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Суық фактор әсерінің ұзақтығы әдетте көп- ке созылмайды. Тіндер температурасының төмендеуі де шама- лы. Бозарған тері жылытқанда қызарады; кейде көгеріп немесе мәрмәр түске енеді. Жылытқаннан кейін тактильді және ауыру сезімталдығы, саусақтар мен табандарының қозғалыс белсенділі- гі толықтай қалыпқа келеді. Зақымданған тері аумағы толығымен ісінеді. Үсіктің аталған белгілері үшінші-жетінші тәуліктерде жойылады.
  • дәрежелі үсік суықтың әсерінен кейін екінші-үшінші тәуліктер- де қабыршақтың пайда болуынан байқалады. Қабыршақтар күйіктен кейінгідей түссіз сұйықтыққа толы және құрамы жағынан плазмаға ұқсас. Ашылған қабыршақтардың түбі қол тисе ауыратындай терінің бүртікті-эпителиалды қабаты болып табылады. Жойылған элемент- тер 1 – 2 аптадан соң қайтадан қалпына келеді, түйіршіктену және тыртық қалмайды, тырнақ түсіп қалмайды, дегенмен жаңасы өсіп шығады.
  • дәрежелі үсік суықтың көбірек уақыт әсер етуінен болады. Терімен қатар тері асты шелі де зақымданады. Жансызданған жер- лерде қан аралас сұйықтықтарға толған қабыршақтар пайда болады. Алғашқы тәулікте, кейде аяқ-қол жылығаннан кейін бірнеше сағат- тан соң ісіне бастайды. Қабыршақтар шықпаса, зақымданған жер- лердің терісі қып-қызыл не көгерген реңкті, қолмен ұстағанда суық (1 – 2-дәрежелі үсікке қарағанда). Қабыршақ алынып тасталған соң жараның беті тіндердің жансыздануынан сезімталдығын жоғалтады. Семген тіндер екінші-үшінші аптада ажырай бастайды. Ажыраған соң түйіршіктеледі, егер де зардап шеккен адамға өзінің терісі оты- рғызылмаса денеде тыртық қалады. Тырнақ қайта қалпына келіп, регенерацияланбайды.
  • дәрежелі үсік суықтың ұзақ уақыт әсер етуінен болады. Жұм- сақ тіндердің барлық қабаты жансызданады. Зақымдану тереңдігінің шегі сүйек пен буындарға дейін өтеді. Реактивті кезеңнің алғашқы сағаттарында дене температурасы бірталай төмендейді. Үсік шалған жерлер бозарып немесе көгереді, қабыршақтар геморрагиялық сұй- ықтыққа толы. Аяқ-қол жылыған соң 1-2 сағаттан кейін ісіну баста- лады. Әдетте ол аяқ-қолдың ортаңғы бөлігіне қарай үлкейеді. Бұдан кейін мумияға айналады (кебу) немесе кей кезде қолдың буынында, табанның жекелеген бөліктерінде дымқыл гангрена басталады.

Күйік жарақаты сияқты 1-2 дәрежелі үсікті үстіңгі, ал 3-4 дәрежеліні қатты не терең деп бағалауға болады.

Реактивті емес кезеңде суықтан зардап шегушіге алғашқы ме- дициналық көмек оны жылыту, ыстық сусын немесе аз көлемде алкоголь берумен шектеледі. Үсіген адам тезірек жылы жерге жеткізілуі керек. Денеге жабысып қалған киім мен аяқ қиімді терінің үсік шалған жерлерінің механикалық бүлінбеуі үшін абайлап шешу қажет. Аяқ қиім мұздап қатып қалған жағдайда ол ерігенге дейін шешпеген жөн. Бұдан соң тоңған жерді таза жүн матамен немесе қолды жуып, спиртке малып алып ысқы- лау керек. Кейде ұзақ уақыт ысқылау қажет болады және оны сезімталдығы қайта қалпына келгенше, аяқтың немесе қолдың үсік шалған тұсы қызарып, ыси бастағанға дейін ысқылауға тура келеді.

Үсік шалған жерлерді қармен ысқылауға әсте болмайды, өй- ткені аяқ-қол салқындауға және микрожарақаттардың пайда бо- луына әкеп соғуы мүмкін.

Мүмкіндік болса үсік шалған аяқ-қолды жылытуға ванна қол- дануға болады. Ол үшін 20 – 30 минут ішінде температурасы 20 – 23 -тен 40 °С дейін жоғарылатылған суға үсіген жерді батырады. Сонымен қатар зардап шегуші өзі үсік жалған жердің шетінен ортасына қарай тері жылып, қызарғанға дейін массаж (сипау) жасауы керек.

Жылыған аяқ-қолды құрғатып, стерильді таңғышпен жабады және жылы матамен орап қояды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам дереу арада емдеу ме- кемесіне жеткізілуі тиіс, әрі оны қайтадан үсік шалмауының алдын алу керек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close