Қоғам

ӨНЕРКӘСІПТІК АПАТТАР-2

Гидродинамикалық апаттардың негізгі зақымдаушы факторлары:

— жарылу толқыны;
— жерді су басуы .
Жарылу толқынының зақымдаушы әсері адамдар мен құрылыстарға үлкен жылдамдықпен қозғалатын және қираған ғимараттар мен құрылыстардың сынықтарын, басқа да заттардың орнын ауыстыратын су массасының соққылық әсер түрінде корнеді.

Апаттық су басу аймағы – су басу аймағының шегінде адамдардың, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаппай шығыны болған, материалдық құндылыктар, бірінші кезекте ғимараттар мен басқа да құрылыстар едәуір бүлінген және ойылған аймақ. Апаттық су басу кезінде адамдардың өмрі мен денсаулығына суық суда болу, психикалық жүйке жүйесіне шамадан тыс күш түсу, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін су басуы (бұзылуы) қауіп төндіреді. Су басу аймағындағы төтенше жағдайлар қайталанған зақымдау факторларымен бірге жүреді: электр кабельдері мен сымдарының үзілуінен және қысқа тұйықталуынан болатын өрт, топырақтың шайылумы натижесінде көшкіндер мен үйінділерден ауызсудың ластануы және су басу аймағында және оған жақын жерде, әсіресе жазғы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауы себебінен жұқпалы аурулардың пайда болуы. Гидродинамикалық қауіпті нысандағы апаттардың салдары өте күрделі. Бұл нысандар ағысы бойынша қала шегінде немесе ірі елдімекендерден жоғары орналасқан және аса қауіпті нысандар болып табылады, өйткені олар қираған кезде кең аумақты, қалалар мен ауылдарды,экономикалық нысандарды апатты су басуына, адамдардың жаппай қаза болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда халықтың жалпы шығыны түнде 90 %-ға, ал күндіз 60%-ға жетуі мүмкін.

Апатты су басудың салдары оның аймағына түсетін ықтималкауіпті нысандардағы апаттармен күрделене түсуі мүмкін. Апатты су басу аймақтарында сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, ағызу коммуникациялары, қоқыс жинау орындары және басқа да қоқыс қоймасы шайылуы мүмкін. Қоқыстар мен қалдықтардың
салдары су басу аймағын ластайды және ағыс бойымен төмен қарай таралады, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупі артады. Бөгеттерден төмен орналасқан қалалар мен басқа да елді
мекендерге су басу қаупі болады. Сондықтан ол жерде тұратын адамдар қауіпсіздік ережелерін және гидродинамикалық апаттар кезіндегі іс-қимыл тәртібін білуі тиіс. Халықты жергілікті жердің биік жеріне көшірудің бірнеше ықтимал бағыттарын алдын ала қарастыру. Гидродинамикалық апат қаупі кезіндегі іс-әрекеттер.

Су басу қаупі және эвакуациялау туралы ақпарат алған кезде:
1) тез арада қауіпті аймақтан қауіпсіз ауданға немесе жердің биік учаскелеріне шығу; 2) өзімен бірге құжаттарды, бірінші кезектегі қажетті заттарды және 2-3 төулікке жететін азық-түлік қорын алу;
3) кетер алдында электр мен газды өшіру, терезелерді, есіктер мен желдеткіштерді және т.б. тесіктерді нығыздап жабу қажет.

Кенеттен болатын гидродинамикалық апат кезіндегі іс – әрекеттер.
Кенеттен су басқан кезде:
1) жазылу толқынының соққысынан сақтану үшін тез арада биік жерге немесе тұрақты ғимараттың жоғарғы қабатына көтерілу;
2) үйді су басқан кезде оны электр тогынан ажырату, терезеден күндіз ашық түсті матадан жалауды, ал түнде шамды алу арқылы үйде (петерде) адамдардың бар екендігі туралы белгі беру;
3) тамақ пен ауызсуды есепке алуды және қорғауды ұйымдастыру;
4) суда болған тағамдарды жемеу және суды ішуге пайдаланбау;

5) суда қалған жағдайда өткір жиектер бар қауіпті заттарды
итеріп, жүзіп бара жатқан заттарды ұстап, оған салдарды байлап,
шығуға тырысу қажет.
Гидродинамикалық апаттан кейінгі іс-әрекеттер.
Ғимаратқа кірер алдында оның одан әрі бұзылу қаупі жоқ екеніне
көз жеткізу. Үй-жайға кіріп, сіріңкені немесе баска ашық отты
пайдаланбау, батарея фонарларын пайдалану. Жиналған газдарды
жою және үй жайды кептіру үшін барлық есік пен терезені ашу.
Электр желісі тексерілгенге дейін электр энергиясын пайдаланбау
керек.
Оқу процесі кезінде мектеп ауданында кенеттен су тасқыны, апатты су басу кезіндегі іс-әрекеттер.
1) мүмкіндігінше жүзу құралдарын, баспалдақтарды, арқандарды, материалдық құралдарды жинап, оларды кауіпсіз жерге апару;
2) мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастқан түрде ғимараттың жоғарғы қабаттарынан, шатырларынан, үйдің төбесінен орын алу;

3) басқалардан ажырап қалған адамдарды құтқаруды және зардал шеккендерге алғашқы медициналык көмек керсетуді ұйымдастыру.
Ұсыныстар:
— суда қалу қаупі болған жағдайда көмекке келгенге дейін аяқкиімді шешіп, ауыр және тар киімді шешу;
— судың бетінде қалу үшін кез келген жүзбелі заттарды пайдалану;
құтқарылуға үміт қалмаған жағдайда ғана жақын арадағы қауіпсіз жерге қарай жүзу.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close