Қоғам

МҰРАЖАЙ, КТАПХАНАЛАРДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ

Мұражай, кітапхана және көрме ғимараттары үлкен отқа төзімділік дәрежесі бар жанбайтын материалдар конструкциясы жеке жобалар бойынша салынады. Бұл объектілердің бір ерекшелігі – бұл экскурсия жүрісі бойынша барлық демонстрационды бөлмелердің ортасыз хабарлануы.

Мұражайлар мен көрмелерді тарихи немесе архитектуралық құндылығы бар арнайы немесе лайықтандырылған ғимараттарда орналастырады. Бұл ескі құрулы ғимараттарында қабат аралық жабындылар, ара қабырғалар және басқа да конструкциялар мәнді бостықтармен. Едендерді дайындау үшін құнды ағаш тұқымдары пайдаланылады, ал бұл ғимараттың ішкі жасалуында көркем жазулар, жасаулар және архитектура-көркемдік ағаштан жасалған конструкциялар (колонналар, пилястрлар) кеңінен қолданылады. Жабындылардағы қалыпты табиғи жарықталуды жарық фонарлары қамтамасыз етеді.

Мұражай және көрме ғимараттарында микроклиматты қолдау үшін тармақталған желдету, ауаны тазарту жүйесі орнатылады, ал кейбір кезде ағаштан жасалған арақабырғалар, жабындылар арқылы өткізілетін ауалы жылытылу.

Экспозиционды залдардағы өрттің тез дамуына түрлі экспонаттардың, ағаштан жасалған стендтердің және басқа да жанғыш материалдардың көптігі әсер етеді. Экспонаттардың бір бөлігі, әсіресе көркем суреттер, залдар мен өтпелердегі стендтерге ілінеді. Залдар мен өтпелер декоративты материалдардан және драппировкадан жасалады.

Мұражай және көрме ғимараттарында экспонаттардың көп мөлшері арнайы жеке бөлмелерде немесе жер асты үйлеріндегі қоймаларда сақталады.

Жұрттық кітапханалар арнайы салынған ғимараттарда немесе қоғамдық ғимараттардың, клуб және мәдениет сарайларында орналастырылады. Кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарының негізгі бөлмелері әдебиет және құжаттарды сақтайтын қоймалар, оларды өңдеу бөлмелері және оқу залдары болып табылады. Қоймалар ғимараттардың көп қабатты бөлігінде орналасады, олардың қабат аралық жабындылары мықты төзімділікті, ауыртпалығы 200 кг/м2 және үлкен отқа төзімділік шегімен. Әдебиет және құжаттарды арасында өтпелері бар бір немесе бірнеше қабатты ағаш стеллажадрда сақтайды.

Әдебиеттерді және құжаттарды қоймадан беру үшін, кітапханалар мен мұрағат қатарында әдебиеттерді өңдеу және қойма бөлмелерімен қосатын тік және көлденең конвейерлер орнатылады. Орталық кітапханаларда сирек кездесетін кітаптар, қолжазба бөлімдері, кітаптар мен құжаттардың фотокөшірме қоймалары болуы мүмкін. Оларда өте бағалы кітаптар мен құжаттар сақталады.

Кітапханалардағы барлық әдебиеттер есептемесі жеке бөлмелерде орналасатын каталогтарға енгізілуі мүмкін. Мұражай, көрме және кітапханаларда қойма бөлмелері және шеберханалар болуы мүмкін

Мұражай және көрме ғимараттарында өрттер пайда болған кезде от жиһаз, экспонаттар мен стендтер, сол сияқты залдан залға өтетін өтпелер арқылы тез таралуы және адамдарды көшіру жолдары мен үлкен материалдық құндылықтарға қауіп төндіруі мүмкін. Жоғары температурадан жарық фонарлары бұзылады, ауаның және жану өнімдерінің қуатты, коныекционды ағындары түзіледі.

Ескі құрылыс ғимараттарында от архитектуралық конструкциялар, жабындылар мен қалқалар, желдету каналдары бойымен таралуы мүмкін. Жеке экспонаттар мен декоративты материалдар жанған кезде адам өміріне қауіпті жанғыш өнімдердің көп мөлшері бөлінеді.

Кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарындағы өрттер кезінде кітап сақтау бөлмелерінде қуатты конвективті ағындар түзіледі. Кітаптар, журналдар, құжаттар жанған кезде түтін көп мөлшерде бөлінеді. Кітап сақтау орындарындағы өрттер стеллаждардың бұзылуына және олардың арасындағы өтпелердің құлатылуына әкеледі. От пен түтін көтергіштер шахталары, конвейерлер және басқа да коммуникациялар бойымен тарала алады. Әсіресе ең қауіптісі оттың сирек кездесетін әдебиет, қолжазба, микроқабықша қоймаларында таралуы болып табылады.

Өртке келісімен ӨСБ қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысты орнатады және барлауды бір немесе бірнеше бағытта ұйымдастырады. Барлауда ӨСБ өртпен қамтылған адамдардың бар болуын, құтқару қажеттілігі мен әдістерін; құдылықтардың орналасу орнын және оларға қауіп төнуін; өрт сөндіру үшін қандай жергілікті құралдарды пайдалануға болатынын; материалдық құндылықтарды көшіру ретін және қажеттілігін, сол сияқты оларды оттан, түтіннен және төгілген судан қорғауды анықтайды.

Барлауды өткізу процесінде бөлмелердің түтіндеуін болдырмай, түтінді сыртқа шығарады. Ескі құрылыс ғимараттарында бостықтар және конструкциялар, желдету каналдары бойынша оттың таралуын шектеу шаралары қабылданады. Желдеткіш және калориферлі жүйелерді сөндіреді, кітапханалар мен мұрағат сақтау орындарының конвейерлерін тоқтатады.

Если создается угроза людям, РТП немедленно организует их эвакуацию из залов и других помещений с помощью обслуживающего персонала и принимает меры к предотвращению паники.

Егер көшіру жолдары және адамдар орналасқан бөлмелер отпен шектелген немесе түтінденген болса, онда бұл бөлмелерден адамдарды өрт сөндірушілер құтқарады. Адамдарды құтқаруды ұйымдастыру және әдістері көрме мекемелеріндегі құтқаруға ұқсас. Жең желілерін салу үшін, ереже бойынша, резеңкеленген жеңдер қолданылады, бірінші кезекте құрғақ құбырлар. Келушілерді көшіріп болғаннан кейін, сол сияқты жұмыс жоқ уақытта өрттер пайда болған кезде, қанат жаюды өткізу үшін сөндіруге оқпандарды еі тиімді жолдармен енгізеді.

Материалдық құндылықтарды көшіру.

 Егер өрт экспонаттарға және басқа да құндылықтарға қауіп төндірсе, онда от сөндіргіш заттарды бір уақытта енгізумен қатар, өңделген жоспарға сәйкес көшіруге кіріседі.

Көшіру кезінде қызмет көрсетуші тұлғалардың нұсқауларын қатал түрде сақтайды. Кішірек экспонаттарды жәшіктерге, қаптарға және басқа да ыдыстарға салады және қауіпсіз жерлерге апарады. Көшірілмейтін үлкен экспонаттарды брезентті жабындылармен жабады және қажет болса сумен суландырады. Үлкен құндылықты экспонаттарды қызмет көрсетуші тұлғалармен қауіпсіз бөлмелерге шығарып, бірінші кезекте көшіреді және оларды күзетуді ұйымдастырады.

Кітапханалардағы өрттер кезінде жанбайтын кітаптарды тек өрт сөндіру бойынша бөлімшелердің жұмыстарына бөгет келтірген кезде көшіреді. Жанбайтын стеллаждарды берзентті және басқа да материалдармен жабады, қажет кезде оларды қорғауға оқпандар енгізіледі. Егер өртте қолжазба, сирек кітаптар, микроқабықша, каталогтар қоймаларына қауіп төнсе олардың көшірілуін ұйыдастырады. Кітаптар, қолжазбалар және түрлі құжаттарды қапшықтарға салады, қауіпсіз жерлерге апарады және күзет қояды. Көшіру процесінде мүмкіндігінше жүк лифттерін, көтергіштерді және конвейерлерді пайдаланылады.

Жергілікті өрттерді сөндіру үшін көмір қышқыл қондырғыларды және басқа да жергілікті арнайы сөндіру құралдарын, суландырғышы бар суды, ауа- механикалық көбікті, от сөндіргіш ұнтақтарды, судың шашыранды ағыстарын қолданады. Дамыған өрттерді сөндіруге суды беру үшін, ереже бойынша, өте қуатты оқпан-шашыратқыштарды және жабылмалы оқпандарды пайдаланады. Экспонат қоймаларында, шеберханаларда және басқа да қойма бөлмелерінде өртті жою және сөндіру үшін от сөндіргіш көбіктер қолданылады.

Күштер мен құралдар бір уақытта құндылықтарды құтқаруға және өрт сөндіруге жеткіліксіз болған жағдайда, ал келушілер жоқ болса, негізгі күштер мен құралдарды құндылықтарды көшіруге бағыттайды. Өрттегі жағдайға байланысты күштер мен құралдарды пайдаланудың басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайларда да өрт сөндірушілер қамтамасыз етулері тиіс:

  • келушілерді көшіру, көшіру жолдарын от пен түтіннен қорғауды;
  • экспонаттардың, бағалы кітаптар мен құжаттардың;
  • қоймаларда және басқа да бөлмелерде отты сөндіру үшін күштер мен құралдарды тез енгізу, сол сияқты оларды төгілетін судан қорғауды.

Үлкен құндылықты ғимараттарда өрттерді сөндіру кезінде, ӨСБ конструкцияларды, бағалы тұқымды ағаш едендерді және басқа конструкцияларды қорғау шараларын қабылдайды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close