АҚСУКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты қаралып талқыға түсті.

Атап айтқанда, бұл жолы әкім бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы мен жол жөндеу жұмыстарына көбірек ден қою керектігін айтты. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласына қатысты жоспарлардың да уақытылы орныдалуы, сондай-ақ Ақсукент ауылдық округі орталығындағы кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін талапқа сай ретке келтіру мәселелері де талқыға түсті.
Айта кету керек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамыту, елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды аймақ басшыларына тапсырған болатын.
Әкім жиын барысында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының баяндамасы тыңдады. Баяндамаға сәйкес, аудан бойынша ет тапсыру жоспары 9009,2 тоннаны құрауалы тиіс болған. Бірақ кәсіпкерлер межені артығымен арындапты. Нақтырақ айтқанда орындалған көрсеткіш 9277 тоннаға жеткен. Бұл ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамып келе жатқанын және жергілікті шаруалардың еңбегі нәтижелі екенін көрсетеді.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция саласы да жыл санап дамып келеді. Мысалы алдағы уақытта бір ғана ауылға 3,7 млрд теңгеге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Жиын барысында Ақсукент ауылдық округінің әкімі Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін заманауи LED жарық жолақтарымен жабдықтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда аталған даңғыл бойындағы 39 кәсіпкерлік нысан анықталып, олардың иелерімен келіссөздер жүргізілген. Кәсіпкерлерге сыртқы келбетті біріздендірудің маңызы түсіндіріліп, қажетті ұйымдастыру шаралары қолға алынған.
Бұл бастама елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заманауи жарықтандыру жүйелері кешкі уақытта көшелердің көркін ашып, қауіпсіздікті арттыруға да оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар LED технологияларын пайдалану электр энергиясын үнемдеп, коммуналдық шығындарды азайтуға ықпал етеді. Бұл – Мемлекет басшысы тапсырған энергия тиімділігі мен экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстардың нақты көрінісі.
Жиында сондай-ақ ауылдық округ аумағындағы саябақтар мен скверлерде жарықтандыру жүйесін жаңғырту мәселесі де көтерілді. Алдағы уақытта қоғамдық демалыс орындарына LED жарықдиодты шамдар орнату жоспарланып отыр. Нәтижесінде тұрғындардың кешкі уақытта қауіпсіз әрі жайлы демалуына жағдай жасалып, қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық келбеті айтарлықтай жақсарады.
Президент тапсырмасына сәйкес «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында жергілікті атқарушы органдар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруда. Сайрам ауданында қолға алынған бұл жұмыстар да тұрғындардың сұранысына сай инфрақұрылымды дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Жиын соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелердің шешімін ертрек шешуге тапсырма берді. Мұндай кездесулер жалғасын тапса қордаланып қалған мәселелердің түйіні ертерек шешіледі. Сол себепті кәсіпкерлер мен қатар халықтың да ұсынына құлақ асқан жөн деді әкім. Ал жиынға қатысқандар аудан басшылығына дән риза болып тарқасты.



