Без рубрики
БЖЗҚ ЖИНАҒЫНЫҢ 100 ПАЙЫЗЫН БАСҚАРУҒА БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) салымшыларына зейнетақы жинақтарының 100 пайызға дейінгі бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігі ұсынылмақ.

Жаңа өзгеріс азаматтарға өз зейнетақы активтерін басқару бағытында кеңірек таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қаражат жеке инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың басқаруына беріліп, олардың инвестициялық стратегиялары негізінде жұмыс істейді.
Сонымен қатар мемлекет зейнетақы жинақтарына қатысты кепілдік беру тетігін жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл өзгерістер салымшылардың қаражатын басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.



