Без рубрики
ІІМ БЕТ-ЖҮЗДІ ТҰМШАЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАНЫН ЕСКЕРТЕДІ
Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда азаматтардың бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салынғанын ескертеді.

Бұл талап ауа райы жағдайларына, медициналық ұсынымдарға, қызметтік міндеттерді атқаруға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезіне қолданылмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабына сәйкес, алғашқы рет ескерту жасалады, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.



