Қоғам

ЕҢ ШУЛЫ ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТКЕНІ РАС ПА?

Әлеуметтік желіде Шымкент ПД Потрульдік полиция полкының командирі Данияр Мейірханның қызметінен қуылғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратта командир мен екі орынбаары, арнайы ротаның екі командирік жұмысынан босады делінген.

Шымкент ПД-нің тәртіптік комиссиясы «полицияның беделін түсіретін теріс қылықтары үшін» осындай шешім шығарған.

Данияр Мейірханның өзі бұл ақпаратқа қатысты Facebook парақшасында жауап берді. Ол: «ІІМ-нен Шымкент ПД арнайы комиссия жіберуді сұраймын» деп жазба қалдырған.

Естеріңізде болса, өткен жылдың мамыр айында Данияр Мейірхан Түркістан облысы, Түлкібас аудандық ПБ бастығы қызметінен шеттетілген еді. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған болатын. Кейін оны 40 млн теңге кепілмен босатты.

Ал, 2022 жылдың қазан айында оған қатысты іс қысқартылып, Данияр Мейірхан сол кездегі ІІМ Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шымкент ПД Потрульдік полиция полкының командирі қызметіне тағайындалды.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close