Без рубрики

KASPI GOLD ЕНДІ GOOGLE PAY ЖӘНЕ APPLE PAY АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Kaspi.kz клиенттері енді сатып алған заттың ақысын смартфон, смарт-сағат және NFC технологиясын қолдайтын өзге де құрылғылар арқылы оңай төлей алады.

Жаңа сервис Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді. Енді пайдаланушылар дүкендерде, мобильді қосымшаларда және интернет арқылы жасалған сатып алулар үшін байланыссыз төлем жүргізе алады.

Android құрылғыларын қолданатын клиенттер Kaspi Gold картасын Google Pay немесе Google Wallet сервисіне қоса алады. Ал iPhone пайдаланушылары үшін Apple Pay арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе компания клиенттерге барынша ыңғайлы төлем тәсілдерін ұсынуды жалғастыратынын айтты.

– Kaspi QR барлық смартфонда жұмыс істейді. Kaspi Alaqan телефонсыз-ақ төлем жасауға мүмкіндік береді. Енді Android қолданушылары Kaspi Gold картасын Google Pay немесе Google Wallet-ке қосып, Қазақстанда да, шетелде де смартфонмен, сағатпен немесе NFC қолдайтын басқа құрылғылармен төлем жасай алады, – деді Михаил Ломтадзе.

Kaspi Gold картасын қосу үшін пайдаланушылар Kaspi.kz қосымшасындағы «Жеке Банк» бөліміне кіріп, Kaspi Gold картасын таңдап, «Google Pay-ге қосу» батырмасын басуы қажет.

Сондай-ақ Android құрылғыларында Google Wallet арқылы, ал Apple құрылғыларында Apple Pay сервисі арқылы байланыссыз төлем жасауға болады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close