ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жұмыстың əр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ əртүрлі айрықша əсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге жəне көліктерге де жоғары талап қояды.
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге жəне көліктерге де жоғары талап қояды.
Олар келесі:
- қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік;
- жабдықталуға қолайлылық жасау;
- барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік;
- құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сəйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек.
ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет. Олардың ішіндегі төменде көрсетілгендері жиі қолданылады
Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сəтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сəйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын ра- диостанцияларды қолданады. Радиотəртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын жəне анық болу керек. Құтқарушылардың жабдықтануына жарық жəне дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет. Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мəліметтер мен болжам алу жəне т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының əкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара əрекеттесу мəселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, əскери қызметкерлер жəне жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Əдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты талап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.
Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау, барлау аспаптары құралдарымен жабдықталуы
Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар байланыс жəне хабардар ету қызметі Азаматтық қорғанысты басқару органдарын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты жəне басқару органдарын уақытында хабардар етуді ұйымдастыру, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдануды қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау қызметтің міндеттері:
Төтенше жағдайлар қаупі мен туындайы туралы, қазіргі заманғы зарарсыздандыру құралдарын қолдану, радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану қаупі туралы халықты хабардар ету;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, азаматтық қорғаныстың арнайы іс-шараларын бейбіт жəне əскери уақытта жалпы мемлекеттік, ведомствалық мекемелер мен байланыс арналарын пайдалануды қамтамасыз ету;
Кез-келген заңды тұлғаға тиесілі жұмыс істеп тұрған байланыс жүйелері мен түрлерінің үнемі дайындығын олардың ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне байланыссыз халықты төтенге жағдайлар туралы бейбіт жəне соғыс уақытында хабардар ету;
Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар басқару органдарымен бірлесе отырып халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың өтуі, территорияны жəне ұйымдарды қорғау, құтқару жəне шұғыл жұмыстарды төтенше жағдайлар аудандары мен зақымдану ошақтарында өткізу туралы байланысты жоспарлау мен ұйымдастыру;
Байланыс жəне хабарлар ету жүйесін дамыту мен жетілдіру;
Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар іс-шараларын автоматтандырылған басқару жүйесін құру;
Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар жөніндегі сигналдарды тарату (қабылдау) ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
Облыстардың, қалалардың, аудандардың Азаматтық қорғаныс бастықтарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Орталық атқарушы органның басшыларын, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының басқару пунктерінде байланыс құралдарының үнемі дайындықта болуын ұстау, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету;
Байланыс құрылымдарын құруды, ұйымдастыру мен тармақтауды, олардың дайындығын, жеке құраммен, техникамен жəне мүлікпен қамтамасыз етілуін басқару;
Байланыс желілері мен құрылыстарында апаттық жұмыстарды жүргізу;
Байланыс жəне хабардар ету құралдарының жағдайын, олардың тез арада қалпына келуі мен істен шыққан жағдайда жөнделуін жүйелі түрде бақылау мен сапалы қызмет көрсету;
Басқа министрліктер мен ведомостволардың байланыс құрылымдарымен Азаматтық қорғаныс күштерімен, апаттық – құтқару құрылымдарының қызметтерімен, Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар қызметімен, арнайы тұтынушылармен, жергілікті атқарушы органдармен бейбіт жəне соғыс уақыты кезінде төтенше жағдайларды басқаруда басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты ұйымдастыру;
Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдайлар жөніндегі басқару органдарына халықаралық (қалааралық) сөйлесулерді, телеграф жəне почта байланыстарын уақытында бөлуді қамтамасыз ету, олардың тапсырыстарына сəйкес белгіленген нормалар бойынша басқа тұтынушылармен байланысты, сонымен бірге келісім-шарт негізінде барлық деңгейдегі байланыс пен хабардар етуді пайдалану – техникалық жағынан қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
Байланыс қызметінің шұғыл дайындығын ұйымдастыру мен жүргізу;
Туындаған жағдай туралы деректерді жинау, оларға талдау жасау, қызмет бастықтарының шешім қабылдауы үшін ұсыныстарды əзірлеу, орындаушыларға дейін міндеттерді қою мен жеткізуді, уақытша жəне тұрақты сұлба бойынша байланысты қалпына келтіру, орындауды бақылауды ұйымдастыру;
Төтенше жағдайлар аймақтарында, зақымдану ошақтарында Азаматтық қорғаныс күштерінің қозғалысын байланыспен қамтамасыз ету, белгіленген бағыттар бойынша халықты жылжытуды қамтамасыз ету.
Такелажды жұмыстар
ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар. ТЖ зардабын жою кезінде құтқарушылар мынандай жұмыстарды жиі орындайды: əртүрлі жүктерді буады, оларды көтереді, орынын ауыстырады, түсіреді, тораптарды шешеді, болат жəне зығыр арқандарды жалғайды, шығырларды іледі, жүк көтеретін техникасын орнатады. Бұл жұмыстың барлығы такелажға қатысты. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстардың ерекшелігі жүктердің əртүрлігіне, басым көпшілігінде қоятын арнайы орынның жоқтығына, тұтас тұрмай бұзылуы салдарынан тасымалдау кезінде жүктің аяқ асты құлауына, жұмыс жағдайының əркелкілілігіне негізделеді.
Такелажды жұмыстың күрделі ерекшелігі жəне жауапкершілігі көп тонналы жүктердің астында қалған зардап шегушілерге көмек көрсету кезінде.
Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар болып:
- иінтіректер, лебедкалар, домкраттар, жүк көтергіштер, аспалы арқан тростар;
- жүк көтеретін крандар, тікұшақ – крандар жатады.
- Такелажды жұмысты орындау үшін:
- болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, орағыштар;
- жүкті іліп алатын құрылғы, ілмектер, полиспастар, анкерлі құрылғылар;
- аударғыштар, тартқыштар сияқты қосалқы құрылғылар жатады. Жүктерді шағын биіктікке көтеру жəне ауыстыру үшін (20-40 см)
құтқарушылар домкратты пайдаланады. Олар елеусіз мөлшерде жəне массада тасымалдаушы жүк көтеретін механизм. Домкраттар тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық, пневмогидравликалық, сына тəрізді болады. Олар мықты табандарға орнатылады жəне адамның бұлшық ет күшімен іске келтіріледі. Бір жүк көтергіш жетпеген жағдайда бір уақытта 2-3 домкратты қолдануға болады. Жүкті көтергеннен кейін оның астына ағашты немесе металды тіреуіш қою қажет. Содан кейін домкратты босату жұмыстары орындалады.
Жүктің массасы он шақты болған жағдайда кейде жүз тонна болса онда арнайы жалпақ пневмакөтергіштер қолданылады.
Жүктерді көтеру жəне ауыстыру лебедканың жəне жүк көтергіштердің (қол иінтіректердің, барабандардың) көмегімен жүзеге асырылады. Олар жерге ілінеді немесе орнатылады. Жүктерді бекіту үшін ілмек жəне арқандар қолданылады.
Такелажды жұмыстар көбінесе пневмодоңғалақтар немесе шынжыр табан сонымен қатар тік ұшақ – крандардың жүру кезінде жүк көтергіш крандардың көмегімен орындалады. Орау үшін (жүктерді орау) орағыш, болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, қамтығыштар, ілгектер қолданылады.
Такелажды жұмыстың маңызды элементіне жүктерді алып жүру жəне оларды ауыстыру, түсіру, орнату, орау жатады. Жүкті ауада ауыстыру кезінде теңселісті болғызбау мақсатында кеңістікте жəне кідірісте жүкті бағдарлау үшін жіп құрылғысы – тартқыш қолданылады оның бір ұшы жүкке ал екінші ұшы құтқарушының қолында болады.
Қауіпсіздік ережесі. Жүкті түсіргеннен жəне бекіткеннен кейін оны (орналастыру) орау жүргізіледі. Жүктің орауын жеңілдету үшің жəне құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамның қатысуынсыз орауды қамтамасыз ететін арнайы жартылай автоматты құрылғы пайдаланған дұрыс. Кранда істейтін жұмысшы жəне ораушы – құтқарушылардың арасындағы байланысты орнату үшін радиотелефонды байланыс жəне белгі беретін дабыл қолданылады.
Кейде зардап шеккендерді босатып алу үшін жүкті тек кана шамалы биіктікке көтеру қажет. Бұл жағдайда оның астына арнайы тіреуіштер немесе қолмен материалдан жасалған тіреуіштер қойылады. Тек содан кейін ғана зардап шегушіге көмек көрсету керек. Такелажды жұмысты жүргізу кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігі олардың қозғалыстарының сəйкестігіне, қолданылатын жабдықтардың жəне техникалардың сенімділігіне, шұғыл жағдайларда өздерін қалай ұстау ережелерін білулеріне байланысты.
Такелажды жұмысты жүргізуге қатысушылардың негізі қауіпсіздік ережесі – ешқашан жүктің астында тұрмау.
Тəжірбиелік сабаққа арналған оқу-əдістемелік нұсқаулар
Жоспар: Құтқарушылардың берілген тапсырмаларды табысты орындауы тек жұмыс бойында ақыл – ойының жəне дене күшінің қабілетті болуына қолдау көрсетіліп отырғанда ғана мүмкін. Бұның негізі теңестірілген тағамда жатыр. Тағамда тек қана ақуыз, май, көмірсутектердің дұрыс байланысуы ғана емес, сонымен қатар оларда міндетті түрде қолда бар басқа да биологиялық белсенді заттардың болуы маңызды.
Теңестірілген тағам. Құтқарушының күндізгі рационы дененің əрбір килограмм массасында 1,5 г ақуыздан аз болмау керек, соншама май көмірсутектен 4 есе көп, сонымен қатар 30-35 г ас тұзы, су жəне т.б. болу кажет.
Үдемелі жүктемелер кезіндегі рацион. Орташа жəне орташадан жоғары үдемелі жүктеме кезінде адам организмнің күш жұмсауы күніне 3200 ден 4000 ккал құрайды. Төтенше жүктеме кезінде жұмсалатын күш 4600-5000 ккал дейін көтеріледі. Сондықтан тағам рационы организмге қажетті барлық элементтен тұратын əртүрлі өнімдерден құрылуы керек.
Тағам рационы орман өнімдерімен (саңырауқұлақтар, жидектер, жабайы ағаштардың жемістері), ауланған аң, балық өнімдерімен толықтырылуы мүмкін. Тағам өнімдерін тұтыну белгіленген тəртіп бойынша жүзеге асады, ыстық асты күніне мүмкіндігінше екі – үш рет жəне бір мезгілде ішкен пайдалы. Түскі асқа күндізгі рационнан 40%, таңертеңгі асқа — 35%, кешкі асқа — 25% жұмсалады.
Ауыз суды пайдаланудың тəртібі. Жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін ұстау үшін құтқарушы ауыз суды оңтайлы пайдалануы қажет.
Организм жоғалтқан судың орны толтырылуы керек, əйтпесе дененің құрғауы басталады. Адам 1-2% массаға тең суды жоғалтса, денені қатты шөл қысады; 3-5% жоғалтса, лоқсу, қысылу, селқостық, шаршау болады; 10% жоғалтса, организм де қайтымсыз өзгеріс пайда болады; 20% жоғалтса, адам өледі.
Су мұқтаждығы жұмыстың орындалу қарқынына, температураға жəне ауа ылғалдығы мен адам денесінің массасына байланысты. Біркелкі температурадағы аудандарда шектеулі күш жұмсау кезінде суды тəулігіне тұтыну 1,5-2,0 л, шөл жəне шөлейт аймақтарда 4-6 л жəне одан да жоғары болады.
Артық күш жұмсау мен жүйке ауыртпалығы кезінде суды тұтыну 2-3 есе артады.
Табиғи жəне жасанды су айдындарындағы су қауіпсіз пайдаланудың талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан оны пайдаланар алдында қайнатқан дұрыс. Ластанған немесе лайланған суды қайнатар алдында марганцовкалы қышқыл калийімен немесе арнайы препараттармен тазалау керек. Сонымен қатар суды дымқыл жерді терең қазып, нығыздалған мата мен арнайы сүзгіштерді қолдана отырып, сүзуге болады. Егер су шамадан тыс ащы болса (теңіз, тұзды көл), онда оны булау мен конденсация тəсілі арқылы тұщыландыру керек. Тұз жетіспеген суларға (биік тау су айдындары, тау көлдері) тұз салуға болады.