Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ДАМУ БАРЫСЫ

Медицина саласында орын алған маңызды өзгерістер мен нәтижелер

Өңірде 55 медициналық нысан бой көтеріп,пайдалануға берілді. Оның ішінде ауылдық жерлерде алғашқы медициналық көмек көрсететін 48 жаңа ғимарат ашылды. Бұл арқылы 100 мыңнан астам тұрғын сапалы қызметке қол жеткізіп отыр.

Заманауи техникалар мен құрал жабдықтар қолданысқа берілді.

‘Заң мен Тәртіп’ жобасы аясында атқарылған іс-шаралардың нәтижесі.

Облыста полиция департаменті бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелеріне арналған мәжілісте полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев баяндама жасады. Ол сөзінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 5,9%-ға төмендегенін айтып, ауыр дене жарақаттары 4%-ға, тонау 11,8%-ға, ұрлық 34,5%-ға, пәтер ұрлығы 30,9%-ға және мал ұрлығы 32%-ға азайғанын жеткізді. Сондай ақ есірткі тасымалдау бағыты бойынша заңсыз айналымнан полиция 260 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілегенін және екі есірткі зертхана қызметін тоқтатқанын ерекше атап өтті.

Түркістан өңірінде білім сапасын жақсарту жолындағы жетістіктер.

Білім беру саласы бойынша 44 мектеп жаңа оқу жылына дейін пайдалануға берілмек. Бұл мектептер 14 мыңға жуық оқушыны қамтамасыз етеді. 115 мектеп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кабинет жиһаздарын жаңалау жоспарланған. 30 жазғы лагерь жұмыс істеп, 320 641 бала жазғы демалыспен қамтылды.

Түркістанда жаңа жұмыс орындары ашылып, халықты еңбекпен қамту деңгейі артып келеді.

Алғашқы 4 айда жоспарланған 7 883 орын орнына, 12 031 жұмыс орны құрылды – яғни жоспардан асып орындалған. Осы орайда 10 мыңнан аса тұрғын жұмыспен қамтылды.

Түркістан облысында заманауи тұрғын үй кешендері мен өндіріс орындары бой көтеруде.

Жыл соңына дейін 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Инвесторлардың қолдауымен бірнеше зауыттар ашылады.

BNK Group – жылына 50 мың га суғару жүйелеріне арналған жабдықтар шығаратын зауыт;«Тұран су» – жылына 9 мың га жабдық шығаратын өндіріс орны;

Отырар ауданында тамшылатып суару қондырғыларын шығаратын шетелдік инвестордың зауыты;

Қорытындылай кетсек, Түркістан облысы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа жұмыс орындарын ашуда, әлеуметтік жағдайды жақсартуда, білім сапасын көтеруде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Жылдың соңына дейін, жоспарланған жұмыстар өз нәтижесін бермек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close