Білім

АУДАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының Б.Төлепбаев атындағы білім ордасында «Мектепалды балаларының коммуникативтік — тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру жолдары» атты аудандық тәжірибелік семинар өтті.

Мақсаты — мектепалды даярлық сынып педагогтарының кәсіби шеберліктерін арттыру, өзара тәжірбие алмасу шығармашылық жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беру болып табылады.

Орыс тілі пәні бойынша Ж.Қалдыбекова «Огонь друг и враг человека» тақырыбында ашық оқу іс- әрекетін жүргізді. Сөйлеуді дамыту, сурет салу кіріктірілген оқу қызметі бойынша Г.Сарманова «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталатын «Ұлттық киім киген қуыршақтар» тақырыбында сабақ өтті.

Сауат ашу пәні бойынша тәрбиеші Э.Жұмабекова «Вв дыбыс мен әрпі» тақырыбында ашық оқу іс- әрекетін  өткізді. Көркем әдебиет, жапсыру кіріктірілген оқу қызметі бойынша «Көктем сәні, Ағаштар бүр жарды» тақырыбында С.Амиралиева кіріктірілген оқу қызметін көрсетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close