Білім

БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен ZOOM платформасында, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты мектеп, колледж директорларының және қаланың балабақша меңгерушілерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинар барысында оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы талқыланды. Семинарда, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысына сәйкес карантиндік режимді сақтау мәселелері көтерілді. Шымкент қаласының білім беру объектілерінің басшылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» жаңа санитариялық қағидаларымен таныстырылды.

Семинар соңында білім беру және тәрбиелеу объектілерінің барлық басшыларына балалар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды қатаң сақтау ұсынылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close