Білім

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫНА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «Қарақұм» жалпы орта мектебінде әлеуметтік педагог Ә.Алпысбай мен педагог-психолог Ж.Жорабековтың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушылары арасында «Сан мамандық түрі бар, таңдап, талғап бірін ал!» тақырыбында кездесу кеш өтті.

Жастар жылына байланысты оқушыларға Болашаққа саяхаттау үшін тегін билеттер беріліп, алған билеттерінің нөміріне қарай «Күн», «Ай»,  «Жұлдыз» болып оқушылар үш топқа бөлінді. Постер қорғады. Шаттық шеңберін жасап, оқушылар алға қойған мақсаттары, хоббилері, болашақта қандай мамандық иесі болытыны жайында айтты.

Кеш қонақтарына арнайы көкейтесті сұрақтар қойылып, оқушылар өздеріне қажетті жауаптарын алды. Түрлі тренингтер ойнатылды, пайдалы кеңестер айтылып, бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Оқушылар алға мақсат қойып, сол мақсаттың жүзеге асырылуына, армандарының орындалуына еңбектеніп, талаптанып, көп ізденіп, көп оқу керектігін түсінді. Болашақта қандай мамандық иесі болса да, өз елінің өсіп-өркендеуі үшін бар күш-жігерін салу керектігін ұғынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close