ЕЛ АНАСЫНЫҢ ЕСІМІНЕ СЫНЫП БЕРІЛДІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудан әкімі Н.Тұрашбеков ауданның зиялы қауым өкілдерінің мектеп бітірушілермен кездесулерін ұйымдастыру жөнінде тапсырмасына сәйкес, білім ұяларында кездесулер өтті. Кездесу барысында еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталып әңгімелер жасалды. Коммунистік парияның басқаруындағы Кеңес Одағы құрамындағы Республика халқының жағдайын Тәуелсіз мемлекетті мекендеп отырған халықтың құқықтарын салыстыра отырып, сараптамалар берілді. Ата- бабаларымыздың армандап өткен Тәуелсіздіктің тұғырлы, баянды болуы жастардың еншісінде екені аталды. Озық технологияларды меңгеру, мамандық таңдауда жаңылмау, өз ісінің маманы болу, өз ұлтының ұлттық салт- дәстүрлерін тануы, елдің тарихын тануы, өз тілін, өз дінін білуі, өз елінің патриоты болу заман талабы екеніне көңіл қойылды. Жастардың тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды.
Мұндай шара жастардың ойында ұзақ уақыттарға сақталады деп ойлаймын
Жастарға тәрбие беру шарасының игі мақсатта екеніне куә болып, ауданның басшысына риза болдым.
Жастарға тәрбие берудің тағы бір форматында өткен іс шараға қатысып, өте орынды деген ойдамын.
Аудан орталығынан жаңа ашылған «Бәйтерек» мектебінің бір сыныбы Айымхан апайдың атымен аталатын болды. Ағылшын пәні сыныбын талапқа сай жабдықтап, Ай апаның өмір жолы мен еңбек жолын баяндап, бейнелейтын көрнекіліктер ұйымдастырылған. Осы сыныпқа кірген, сабаққа қатысқан әрбір азаматтың, жастардың танысып, білуіне, өнеге алуына мүмкіндік жасалған. Ападан алар тәлім- тәрбиенің терең боларын күмән жоқ!!
Осындай ізгі шараны ұйымдастыруға ниет жасаған мектеп директорының міндетін атқарып отырған Самат Сарсенбекұлына, пән мұғалімі Дана ханымға рахмет!
Ай апамызға осындай үлгілі шараларды жалғастыра беруге АЛЛА қуат берсін! Ұл-қыздарының жақсылығын көрсін, көрер қуанышы көп болсын деген тілегімді білдіремін!!!