Білім

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ТАРТУЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты
Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» аясында 1970-1971 жылы бітірген түлектер және 2000-2001 оқу жылында бітірген 20 жылдық түлектермен «Самғатқан сан қыранды алтын ұя» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында осы жылдар арасындағы мектептің жетістіктері, ұстаздар мен мектепке келген түлектердің балалық шақтары мен елімізге сіңірген еңбектері туралы бейнебаян түсірілді. 50 жылдық түлектер оқушыларға 120 мың теңге тұратын дербес компьютер сыйласа, 20 жылдық түлектер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында мектеп кітапханасына жаңадан кітап сөрелері мен столдар (1млн. 300 мыңға) жасатып сыйлады.
Ал, 20 жылдық түлектер 1-11 сыныптағы сынып жетекшілері Зүбайра Патима, Болсын Рысқұлбек, Зүбайра Айша, Сұлтанқұлов Шүкірбекпен кездесіп, «Менің мектептегі жылдарым» тақырыбында кездесу сұхбат өткізді.
Мектеп ұжымы мен ата аналар қауымы өз түлектеріне алғыстарын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close