Білім

Шымкенттік полицейлер балаларға жол ережесін үйретуде

Шымкенттік полицейлер күнделікті бекітілген мектеп жанында тұрып, балаларды сабаққа күтіп алып, шығарып салады. Осыған орай, №14 жалпы орта білім беретін мектепте «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында арнайы іс-шара өткізілді.
Іс-шара – оқушылардың мектепке баратын, мектептен қайтатын жолдарында қауіпсіз жүріп-тұруларына жағдай жасап, балалардың қатысуымен орын алған жол апаттарына талдау жүргізіп, төтенше жағдайлар мен басқада өрескел құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылды.


Шара барысында жол-көлік оқиғаларын негізге ала отырып, «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқылып, профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция аға лейтенанты Әсел Бекдуалиева балаларға жол жүру ережелерін түсіндіріп, жолдан қауіпсіз өтуін қадағалады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close