Білім

ШЫМҚАЛАДА ҰЛТТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНЕ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Академиясы мен республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтетін Ұлттық дебат турниріне әдістемелік орталық және Оңтүстік Қазақстан Университеті жанындағы “АҚИҚАТ” пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен аталған университеттің базасында 15 қазан күні білім басқармасына қарасты жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында “МӘҢГІЛІК ЕЛ, МӘҢГІЛІК МҰРА” тақырыбында іріктеу турнирі басталды.

Оған үш лига бойынша әр ауданнан 16, барлығы 48 команда қатысып бақтарын сынауда. Әр ауданның сенімін арқалаған үміткерлеріміздің сайысы шынайы өтетініне, жүзден жүйріктің әділ түрде анықталатынына сенімділік білдіре отырып, жас дебатшыларымызға СӘТТІЛІК тілейміз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close