Білім

Ұстаздар мен оқушылардың жетістігі айтылды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектепте жалпы республикалық бірыңғай ата-аналар жиналысы Zoom платформасында өтті.

Күн тәртібінде әрбір ата-ананы биылғы оқу жетістіктерімен таныстыру, мектепте жазғы мектептің қалай өтетінін түсіндіру болды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Жанаш  2020-2021 оқу жылынындағы ұстаздар мен оқушылардың жетістіктерін тілге тиек етті.

Бітіруші сыныптар үшін емтихан кестесін және Соңғы қоңырау мерекесіне санитарлық талаптарды сақтай отырып 9-11-сыныптардың ғана қатысатыны туралы айтты.

Келесі сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәңірберген Фаридаға беріліп, жазғы дема кезіндегі қауіпсіздік ережесі, судан сақ болуды, ата-аналар балалардың қараусыз қалмауы туралы ескертті. Жиналысқа жалпы 32 ата-ана қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close