Білім

«WORLDSKILLS KAZAHSTAN» ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНА 33 ҚАТЫСУШЫ ЖОЛДАМА АЛДЫ

«WorldSkills Kazakhstan — 2021» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатына 33 өңірлік конкурстың жеңімпаздары жолдама алды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.

Ұлттық чемпионат 1 қараша және 10 желтоқсан күндері аралығында Қазақстанның 7 өңіріндегі үздік колледждер базасы мен өндіріс орындарында өтеді. WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының миссиясы – жастарды Халықарылық стандарттар негізінде кәсіби-техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

Шымкент қаласының жеңімпаз қатысушылары сән технологиясы, графикалық дизайн, веб-дизайн және әзірлеу, өндірістік автоматика, бизнес үшін IT шешімдер, ұялы робототехника, жеңіл автомобильдерді жөндеу , мерчендайзинг және ағаш ұстасы, шатыр жұмысы, дизельді қозғалтқышқа қызмет көрсету және жөндеу, кірпіш қалау, плитка жапсыру, шаштараз өнері, қонақ үй әкімшісі, мектепке дейінгі тәрбие, медицина және әлеуметтік көмек және басқа да құзыреттіліктері бойынша қатысады.

Қатысушылардың дайындық жұмыстары тәжірибелік жұмыс алаңшаларында, өндірістік орындарда жүргізілді.
Елімізде техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесі қалыптастырылып, колледждер базасы «Жас маман» жобасы аясында Халықтаралық стандарттарға сәйкес құрал-жабдықтармен толықтырылып, мемлекет тарапынан жастардың осы заманғы үздік білім алуына жағдай жасалуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close