Білім

ЖЕҢІСІМДІ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЙМЫН

Шымкенттегі Тоқсаныншы мектеп-гимназиясында мұғалім А.Амирова өз сыныбымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын» атты ақпараттық-танымдық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялылары мен батырларын атап өту; Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру; қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру; оқушылар бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар 1723ж. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихи оқиғасынан бастап, 1837-1847жж. Кенесары Қасымұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған ұлт — азаттық көтерілістерді айта келіп, 1925-1933жж. орын алған Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатына да тоқталды. Оқушылар қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ интелегенциясын да атап өтті. 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан, қазақтан шыққан Кеңес Одағы батырларына өлең шумақтарын арнап, 1986ж. орын алған Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-әпкелерінің ерліктерін паш етіп, Қ.Рысқұлбеков сынды батырымыздың соңғы хаты мен өлеңінен үзінді оқыды. Азаттық жолында құрбан болған батырлар рухына 1 минут үнсіздік жариялады.

Қазақстан Республикасының 30 жыл ішінде жеткен жетісіктерін хронологиялық кесте бойынша атап өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елімізді өркендетуге қосқан әрбір бастамасына тоқталды. Ақпараттық-танымдық сағат өз мақсатына жетіп, оқушылардың шығармашылық және жан-жақты ізденушілік қабілеттерін дамытты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close