АҒАШ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ӨРТ
Ағаш өңдеу кәсіпорындарын шығаратын өнімге байланысты келесі негізгі топтарға біріктіруге болады: орман кесу, шеберхана-жиһазды, ағаш қабатты және ағаш қабат пластикты, сол сияқты қалдықтарды өңдеу. Қазіргі заманғы ағаш өңдеу кәсіпорындары бөлек аймақтарда орналастырылады.
Ағаш өңдеуші комбинаттардың көбінде ағаш жоңқалы (ДСП) және ағаш талшықты (ДВП) плиталарды дайындайтын цехтер бар, оларда жабыстырғыш агрегат, ағаш жоңқалары үшін бункерлер, араластырғыш камера, жоңқа массасымен толтырылған жер асты қабатшалары, булы пресс және басқа да қондырылған орналастырылған. Кейбір ағаш өңдеу кәсіпорындарда басқа да цехтер болуы мүмкін: фанералық, шпондық, балталық. Ағаш өңдеу кәсіпорындарының негізгі мен көмекші цехтері және дайын өнім қоймалары, ереже бойынша, бір немесе екі қабатты түрлі от төзімділік дәрежелі ғимараттарда орналастырылады. Бір қабатты ғимараттардың биіктігі 10-15 м құрайды, ал ауданы бірнеше мың шаршы метрге дейін жетеді. Жинау және егеу цехтерінде өрт қауіптілігі жем пісіргіштер, лак, бояу, еріткіш және ағаш тозаңының әсерінен жоғарылайды. Ұсақ үгітілген құрғақ ағаштың көп мөлшеріндегі учаскелері өте өрт қауіпті болып табылады. Құрғақ және қатты ағашты өңдеу кезінде станоктарда ағаш тозаңының көп бөлігі қалып қояды. Станоктың қозғалмалы механизмдерінің және ауа ағындарының әсерінен ол салмақты күйге ауысады, ал содан кейін ғимарат конструкцияларына және технологиялық қондырғыларға қонады. Ұсақ фракциялы ағаш тозаңы (100 мк дейін) ауамен бірге жарылыс қауіпті қоспаны түзуі мүмкін, олардың төменгі тұтану шегі 12-25 г/м3 құрайды.
Жиһазды комбинаттарда көптеген мөлшерлерде қағаз қабатты пластик, полимерлі қабықшалар, пластмасса, соққыға төзімді полистирол, көбікполистирол, көбікполиуретан тәрізді қазіргі заманғы материалдарды пайдаланады, олар өрт жағдайларында жақсы жанады және улы жану өнімдерін бөледі.
Ағаш өңдеу кәсіпорындарының цехтеріндегі өрт ауыртпалығы әр түрлі болады: шеберханалық жинау бөлімдерінде ол жуық шамамен 50, машиналы жинау бөлімдерінде –150, фанералы өндіріс цехтерінде 140-170 кг/м2, дайындау және станокты цехтерде 200 кг/м2 жуық, ал кептіру камераларында әлдеқайда жоғары.
Цех ғимараттарында оттың таралу жолдары ретінде тек ағаштан жасалған өңделетін бұйымдар ғана емес, сонымен қатар ғимараттың ағаш конструкциялары мен түрлі қондырғылар қызмет етеді. Сондықтан да бұл цехтерде оттың сызықты таралу жылдамдығы 5 асады, І-ІІІ от төзімділік дәрежелі ғимараттарда 1-1,5, ағаш кесу және кептіру цехтерінде 2-2,5 м/мин құрайды.
Ағаш кесу цехтерін бір және екі қабатты ғимараттарда орналастырады, олардың бірінші қабаты мен жер төлелері ағаш қалдығын жинау ретінде қызмет етеді. Бұл бөлмелерден жоңқаларды ішкі транспорт жүйесі бойынша ДСП немесе ДВП жасаудың бункерлері мен циклондарына барады. Сондықтан да ағаш кесу цехтерінде өрттер пайда болған кезде от тек цех бойынша ғана таралмайды, сонымен қатар бірінші қабатқа немесе жертөлеге өтеді, ал содан кейін ішкі транспорт жүйесі бойынша бұл цехтерден бункерлер мен циклондарға өтеді (пневмотранспортта ауаның қозғалу жылдамдығы 15-16 м/с). Пневмотранспорт жүйесі бар ДСП және ДВП өндіретін цехтер басқа да ағаш өңдеу цехтерімен байланысқан.
Кептіру камераларында өрттердің дамуы кептірілген ағаштың көп мөлшерімен, табиғи және жасанды желдетуден ауаның еркін өтуімен, күштік және жарықтандырғыш электрқондырғысының бар болуымен сипатталады. Бұл ерекшеліктерден басқа ТВЧ кептіру камераларындағы өрттердің жағдайларына аллюминийден жасалған және жоғары кернеу астында орналасқан төменгі және жоғарғы қабырғалар бойынша индуктордың салынуы әсер етеді. Газды кептіргіштерде өрт тек кептіру камераларында ғана пайда болмайды, сонымен қатар жағу бөлімдерінде, сол сияқты жағылған газдардың өту каналдарында жану пайда болуы мүмкін. Петролатумды кептіргіш ванналар булы, отты немесе электрлі қыздырумен болуы мүмкін. Бұл кептіргіштердегі өрттер кезінде тек қана ағаш жанбайды, сонымен қатар мұнайды өңдеу кезінде алынатын парафин және церезинмен қоспасы бар петролатум да жануы мүмкін. Инфрақызыл сәулелермен ағашты кептіру кезінде кептіру камераларында ауа циркуляциясының бұзылуы немесе тоқтауында жарылыс қауіпті қоспалар түзіліп, жарылыс болуы мүмкін.
Ағаш өңдеу кәсіпорындарының барлық цехтерінде жанғыш материалдардың көп болуынан жану қарқынды болады. Жанғыш материалдардан, орман материалдары штабельдерінен жасалған құрылыстардың сыртқы өрттері кезінде от жылулық сәулеленудің, ұшқындардың ұшуы нәтижесінде көршілес ғимараттар мен имараттарға таралуы мүмкін.
Ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi кәсiпорындарындағы өрт кезiнде:
оттың ағаш құрылыстары, галереялар және транспортерлер, желдеткiш жүйелерi және эксгаустерлiк қондырғылар, сондай-ақ көптеген жану материалдары бойымен тез таралуы;
картон және қағаз жасайтын машиналардың барлыққұрғату бөлiгi арқылы оттың жедел таралуы;
ашық өртте көршi үйлерге және құрылыстарға ұшқындар мен шоқтардың түсуi;
галереялардың құлауы;
транспортер желілерінің үзiлуi және көлбеу галереяларда олардың ең төменгi белгiге құлауы;
хлордың және басқа уландырғыш заттардың бөлiнуi мүмкiн.
Бұл кәсіпорындарда өрттерді сөндіру үшін шаруашылық-өртке қарсы су құбырын қолданады, цехтерде ішкі өртке қарсы су құбырларын, спринкерлі және дренчерлі жүйелерді, ал кептіру камераларында – булы және газды сөндіру жүйелерін қолданады. Бұдан басқа дөңгелек орманды жуу үшін өндірістік су бассейндерін, сол сияқты ағаш өңдеу кәсіпорнының жаныда орналасқан табиғи су көздерін пайдалануға болады.