Қоғам

АҒАШ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРУ

Ағаш өңдеу кәсіпорындары көп мөлшерде өртке қарсы қызмет бөлімшелерін, сол сияқты олардың іс-қимылдарын жоспарлайтын құжаттар өңдемесін қажет етеді.

Өртке келісімен ӨСБ түрлі бағыттар бойынша бірнеше барлау топтарын ұйымдастыруға міндетті. Бұл жағдайда жану аймағында желдету жүйелерінің, галереялардың, транспортерлардың, технологиялық ойықтардың, пневмотранспорт жүйелерінің бар болуын және олардың жұмысын тоқтатуды ескеру қажет. Бұл мақсатта қызмет көрсетуші тұлғаларды жұмылдыру қажет. Барлау барысында анықтайды: ғимараттың жоспарлануын; қарқынды жану орындарын және оттың негізгі таралу жолдарын; желдету жүйелері, пневмотранспорт, коммуникациялар және технологиялық ойықтар бойынша көршілес бөлмелерге оттың таралу мүмкіндігін, сол сияқты объект аумағы бойынша ұшқындардың ұшу мүмкіндігін, сөндіру үшін стационарлы жүйелерді қолдануды.

Ағаш өңдеу кәсіпорындарының цехтеріндегі өрттерді, пайда болу орнына байланысты сумен, суландырғыштың сулы ерітінділерімен, түрлі қысқалықты АМК, су буымен және басқа да от сөндіргіш заттармен сөндіреді. Орман материалдары, ағаш қалдықтары және цехтің жанғыш конструкциялары бойынша оттың тез таралуы, қысқа уақыт аралығында қанат жаюды және сөндіруге қуатты оқпандардың берілуін қажет етеді. Өртке келісімен, автокөліктерді жақын арадағы су көздеріне орналастырады, магистралдық желілерді салады және сөндіруге лафетті, РС-70 немесе РС-50 оқпандарын береді.

Негізгі күштерді өрт ошағына, сол сияқты бірінші қабатты, цехтердің тасушы конструкцияларын қорғау үшін береді. Егер от пневмотранспорт жүйелері бойынша таралса, онда оқпандарды циклондар мен қалдықтарды жинағышқа береді, ал ауа каналдарында жануды болдырмас үшін оларды сумен жуады. Бірінші қабатта өртті сөндіру үшін су немесе орташа қысқалықты көбік қолданылады. АМК жанғыш материалдар деңгейін 0,5 м биіктікте жабатындай етіп береді. Көбікті берумен бір уақытта цехті және пневмотранспорт жүйелерін қорғауға оқпандарды енгізеді. Өртті сөндіру процессінде ішкі транспорттың көмегімен ағаш кесу цехінен ағаш материалдарын көшіруді ұйымдастырады.

Галереялардағы өрттер кезінде жаңқаларды және ағаштың басқа да қалдықтарын беру, ең алдымен олардың жұмысын тоқтатады және галереяның жоғарғы бөлігіне оқпандарды енгізеді, сол сияқты оқпандарды береді және отқа астынан шабуыл жасауды ұйымдастырады.

Кептіру цехтарындағы өрттерді сөндіру ерекшеліктері ағашты кептірудің технологиялық процессімен сипатталады. Жоғары жиілікті кептіру камераларында өрттерді сөндіру екі әдіспен жүзеге асырылады. Бірінші әдіс электр тоғының беруін тоқтатқаннан кейін ағаштарды сөндіру үшін шашыранды су ағыстарын берумен қорытындыланады. Жоғары жиілікті кептіру камераларында өрттерді сөндірудің екінші әдісі жанып жатқан камера ішінде ауаның жанғыш емес булар мен газдармен араласуымен қорытындыланады. Кептіру камераларының ішіне от сөндіргіш заттарды енгізумен бір уақытта су оқпандарын да береді.

Газды кептіргіштердегі өрттерді сөндіру ТВЧ кептіргіштеріндегі өртерді сөндіруге ұқсас. Негізгі от сөндіргіш зат ретінде жинақты және шашыранды ағысты суды қолданады. Жағу бөлімдеріндегі бұл кептіргіштерде өрттерді сөндіру кезінде АМК, от сөндіргіш ұнтақтарды пайдаланады. Қызған беттіктерге су ағыстарын беру ұсынылмайды.

Булы кептіргіштердегі өрттерді, ереже бойынша, су буымен сөндіреді. Петролатумды кептіргіштерде өрттерді сөндіру шашыранды су ағыстарымен жүзеге асырылады. Петролатумды сөндіру кезінде компактты су ағыстарын қолдануға тиым салынады, өйткені бұл шашырауға немесе жанғыш массаның лақтырылуына әкелуі мүмкін. Петролатумды сөндіру үшін АМК және от сөндіргіш ұнтақтарды тиімді қолданады. Контактты кептіру және инфрақызыл сәулелермен кептіру камераларында өрттерді сөндіру, сумен немесе қыздыру құрылғыларына берілетін электрэнергиясын ағытып жүзеге асырады.

Өрттерді сөндіру бойынша ең қиын іс-қимылдар, бірнеше ағысты кептіргіш желілері жұмылдырылғын ұзындығы 40 м орман кептіргіштерінде болып табылады. Сондықтан бұл кептіргіштерде өрттерді сөндіру кезінде желдетуді ағытады, оқпандарды бір оқпан әрбір ағыс желісіне есебінен бір уақытта тиеу және түсіру камераларынан енгізіледі.

Жиһаздық, фанералық, таралық, шеберханалық және басқа да цехтерде от қалдықтар, пневмотранспорт және шаң сорғыш жүйелері бойынша тез таралады, сондықтан да көршілес құрылыстарды, технологиялық қондырғыларды, тасушы құрылыс конструкцияларын сөндіру үшін оттың таралу жолдарында оқпандарды тез арада енгізу, бұл цехтерде өрттерді табысты сөндірудің бір шешуші жағдайы болып табылады.

Бояу ванналарындағы лактарды және бояулырды сөндіру, орташа қысқалықты ауа – механикалық көбікпен немесе шашыратылған сумен жүзеге асырылады, ал кептіру камераларының көлемдерін көбікпен толтырады. Сөндірумен бір уақытта оқпандарды дайын өнімдерді, сол сияқты ғимараттың конструктивты элементтері мен технологиялық қондырғыларды қорғау үшін береді және өнімдерді көшіруді ұйымдастырады.

Ағаш өңдеу кәсіпорындарында ашық өрттерді сөндіру кезінде ӨСБ учаскелерді тек өртті сөндіру бойынша ғана ұйымдастырмайды, сонымен қатар көршілес ғимараттарды, орман материалдары қоймаларын және дайын өнімдерді ұшқан ұшқындардан қорғау үшін де ұйымдастырады. Бұл мақсат үшін ол алғашқы өрт сөндіру құралдары бар посттардың қойылуын және күштер мен құралдар резервінің дайындығын ұйымдастыруы тиіс.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close