Қоғам

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН БЕ?

Біз көтерген Ащысай маңындағы миллиардтардың темасынан кейін құзырлы органдар қимылдай бастағандай.

Білегін түріп, тау ішіндегі демалыс орындарын тексеруге кірісіпті. Бізде бардық. Тексерісті көзімізбен көрдік. Заңды деп жүргендері, заңсыз екен.

Осыдан бірер күн бұрын рұқсатым бар, құжатым түгел деп сұхбат берген демалыс орынының иесі бүгін буынып-түйініп, көшейін деп жатыр екен. Демалыс орынын ашуға ешқандай рұқсаты жоқ екенін енді біліпті. Тауда осындай демалыс орынының барын мамандар енді білгендей.

Елдің мұңын мінберден жеткізуі тиіс депутаттардан бұл мәселеге қатысты пікір сұрадық. Осы ауданнан сайланған депутат Баймахан Сүлейменов бұл демалыс орыны Сауранға қарамайды деп бет бақтырмады.

Сонымен, мамандардың жүргізген тексерісінен кейін бір демалыс орыны жұмысын тоқтатты. Ал қалған демалыс орындарының рұқсатын кім тексереді?

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close