Қоғам

ГЕНДЕРЛІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Cимволикалық-семантикалық ілім, анимизм, антропомор- физм, ер тілі, əйел тілі, фемининдік рөл, маскулиндік мінез, «əйел тілінің тапшылығы» парадигмасы, «үстем етушілік» парадиг- масы, «айырмашылық» парадигмасы, əлеуметтік лингвистика, феминистік лингвистика, тілдегі феминистік сын, жыныстық диморфизм.

Тіл білімі тарихында тіл мен жыныстың өзара байланысын зерттеудің екі кезеңі бөліп көрсетіледі:

  • биологиялық детерминистік зерттеулер – жеке-дара дерек- терге негізделген, ретсіз (аралас ғылымдармен байланысы жоқ), жүйесіз ізденістер;
  • гендерлік зерттеулер – ХХ ғасырдың 60-жылдарынан ба- стап жүргізіліп келе жатқан кең көлемді, жүйелі зерттеулер. Тіл білімінің прагматика, əлеуметтік лингвистика салаларының қарқынды дамуы, ерлер мен əйелдердің қоғамда қалыптасқан дəстүрлі рөлдерінің елеулі өзгерісі лингвистикалық мəліметтерге жаңаша қарап, жаңа қырынан түсіндіруді қажет етті.

Тіл мен жыныстың өзара байланысын зерттеу тарихы со- нау антикалық дəуірден бастау алады. Жыныстың тілге қатысы жөніндегі мəселе алғаш рет грамматикалық тек (род) категориясы- на байланысты көтерілді [Шахмайкин 1996, 226-273 бб.]. Ежелгі символикалықсемантикалық ілім өкілдері мифологиялық ойлаудың анимизм жəне антропоморфизм қағидаларына сүйене отырып, грам- матикалық тек категориясын табиғи себептер əсерінен, яғни адам- дардың жыныстық əртүрлілігіне сəйкес туындаған деп есептейді. Соның нəтижесінде «ер тегі» (мужской род) күш, қуат, белсенділік ұғымдарына тəн келіп жоғары бағаланды да, «əйел тегі» (женский род), керісінше, əлсіздік, бағыныңқылық мағынасымен сипатталды. Сөйтіп, Эрнст Борнеманның пайымда- уынша, болмысты тану, қабылдау (грамматикалық текке қатысты) тілдің даму заңына сəйкестендірілді. Дегенмен табиғи жыныс (sexus) пен грамматикалық жыныстың (genus) байланысына шүбə келтірмейтін біржақты пікірді қолдаушылар (соның ішінде белгілі ғалымдар Гердер, Гримм, Гумбольдт, т.б.) көп болды. Сол себепті болар, табиғи биологиялық sexus категориясының genus категория- сымен сəйкестігі туралы ілім тіл білімінде ұзақ уақыт үстемдік етіп келді.

Кейінірек ғылымда тек категориясы жоқ тілдердің бар екендігі мəлім болып, бұл ілімге қарсы морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан күмəн тудыратын пікірлер орын ала бастады. Алайда тек категориясына жіктелген сөздер мен ұғымдардың адам сана- сында персонификациялануын (жансыз заттардың адам образында кейіптелуін) түсіндіру мүмкін болмады. Айталық, əйел тегі (жен- ский род) мен ер тегіне (мужской род) жататын сөздерге əйелге жəне еркекке тəн қасиеттер телінді. Сөйтіп, грамматикалық тек категориясы қарапайым санада биологиялық жыныс концептіне қатысты фреймдер қызметін арттырып, соған орай жағымды/ жағымсыз коннотациялар қалыптастыруға ықпал етті.

Тілдің жыныстық жіктелуіне байланысты зерттеулердің келесі кезеңі ХVII ғасырды қамтиды. Ғалымдар жергілікті тайпалар тілін зерттеу барысында жыныс өкілдерінің сөйлеу тілінен байқалған белгілерге назар аударады, себебі əйелдердің сөйлеу тілі ерлердікіне қарағанда өзгешеленіп, белгілі бір тəртіпке бағынған. Осыдан келіп, сөйлеу тілінің əйел нұсқасы, ер нұсқасы (1664 жылдан бастап) тіркеле бастады, бірақ арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жинақталған деректердің гендерлік əртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ сипаттама мынадай: ер нұсқасы тілдің қалыпты түрін, əйел нұсқасы нормадан ауытқыған түрін көрсетеді. Со- нымен байланысты көтерілген мəселенің негізгісі, ерлер не- месе əйелдер тілі туралы емес, тек əйелдер тіліндегі ауытқулар жөнінде болды [Кирилина 1999, 33 б.]. Бұл кезеңдегі ерекшелік ерлер мен əйелдердің ой-өрісі, когнитивтік қабілеттілігі, сөйлеу тіліндегі барлық айырмашылық биологиялық жынысқа қатысты деп есептелді. Тіл мен сөйлеу əрекетіндегі жыныстық димор- физм белгілерін түсіндіруде олардың табиғи негізіне байланысты- ру болды да, жыныс өкілдерінің білім, мəдениет, жас ерекшелігі ескерілмеді. Қорытындылар дəйектелмеген материалдар негізінде жасалды.

Тек ХХ ғасырдың басында лингвистер мен философтар біріге келіп, тіл мен жыныстың өзара əрекеттестігі жайын, сөйлеу тілінде кездесетін жыныстық айырмашылықтардың себептерін, тілде қордаланған жəне т.б. гендерлік мəселелер түйінін шешу үшін ал- дымен «өркениетті» еуропа тілдерін зерттеуді қажет деп тапты. Бұл ретте Ф. Маутнер, Э. Сепир, О. Есперсен еңбектерін атап өтуге болады.

Фритц Маутнер жыныс өкілдерінің түрлі əлеуметтік ортадағы тілдік қарым-қатынасына талдау жасай отырып, ер мен əйелдің сөйлеу əрекетіне тəн бірқатар айырмашылықтарды көрсетті. Мəселен, фабрика жұмысшылары арасында ерлер лексиканы нор- мадан тыс көп пайдаланса, жоғары ортада əйелдер эвфемизмдерді қолдануға бейім келеді. Əйелдер тілінде шетелдік сөздер жиі кездеседі, ал білімді ер адамдар ондай сөздердің орнына өз тіліндегі баламасын тауып қолданғанды дұрыс көреді. Ол əйелдердің ерлер- ге қарағанда, сауаттылығы аз, сондықтан тілдің дамып, жетілуі ер- лерге қатысты, ал əйелдер сол жасаған тілді тек қолданушы ғана дей келіп, тілдің жыныстық жіктелуін əлеуметтік жəне тарихи жағдайлармен байланыстырады. Соның ішінде «əйел тілінің» пай- да болуын антикалық театрдың тарихи дамуымен сабақтастырады. Онда бастапқыда əйелдер рөлін еркектер орындаған болатын. Сахнаға əйел келе бастағаннан бастап, драматургия техникасын- да өзгерістер бола бастады, тілдің əйелдер нұсқасын дыбыстауға мүмкіндік туды. Əйелдерге сахнаға шығып сөйлеуге құқық берілгенде ғана қоғам «əйел тілін» қабылдай бастады. Бұл тілдік əлеуметтену жағдайындағы жыныстар теңсіздігіне ықпал ететін тарихи тəсіл дейді ғалым. Жалпы алғанда, Ф. Маутнер идеяларын қолдап, жалғастырушылыр көп болмады. Эдуард Сепир нутка, каосати сияқты үндістер тіліндегі кейбір əлеуметтік ерекшеліктерге назар аударды. Ол жыныс пен мəртебе ұғымдарын, сөйлеу тіліндегі нормадан ауытқуларды əлеуметтік сəйкестендіруге теңестірілетін өлшемдер қатарына жатқызды. Сонымен           бірге бір  морфема шеңберіндегі фонологиялық ерекшеліктерді жыныстық айырмашылықтарға тəн таңбалық белгі деп түсіндірді. Э. Сепир пікірлері үнді жəне басқа тілдерді зерттеу тəжірибесінде дəлелденіп, одан əрі қарай жалғасын тауып отырды. Отто Есперсен болса, ерлер мен əйелдер тіліндегі кейбір айырмашылықтардың тамырын ескі салт-дəстүрлерді сақтап кел- ген көне тайпалар тілінен іздеу керек, себебі тілде қолданылып келе жатқан табу сөздер мен олардың орнына қолданылатын неше бір парафразалар ер мен əйел тілін ерекшелейтін белгілер ретінде танылуы мүмкін деген пікір айтады. Ол «Languare: its Nature, Devolopment and Origin» («Тіл: табиғаты, қалыптасуы, дамуы») атты еңбегінің үлкен бір тарауын «əйел тіліне» арнаған. Ұлыбритания, АҚШ елдері қолданысындағы ағылшын тілі мате- риалдары негізінде автор əйел тілінде жиі байқалатын гендерлік белгілерді  атап көрсетеді. Солардың кейбіреуіне тоқталып өтейік:

  1. Əйелдер тілінде эвфемизмдер көп. Қай халықта болса да, əйел жынысы адамның кейбір дене мүшелерінің аттарын атауға ұялады, оларды басқа сөздермен алмастырып, сыпайылап жеткізеді.
  2. Əйелдердің сөйлеу тілінде бұрынғы қалыпты сақтау (кон- серватизм) басым. Олар тілде болып жатқан өзгерістерге көп ден қоя бермейді, жаңа сөздерді игеруге аса ықыласты емес (тек жазу тілінде пайдаланады). Əйелдер – тек қалыптасқан тілдік дəстүрді сақтап, жалғастырушы.
  3. Ерлермен салыстырғанда, əйелдердің сөздік қоры аз. Əсіресе ер авторлардың шығармаларын оқып-түсіну əйелдерге қиынға соғады, өйткені ер авторлар шығармаларында əйел авторларға қарағанда, сирек кездесетін сөздер мен диалектілер, техникалық терминдер көп беріледі.
  4. Əйелдердің сөйлеу тілі шапшаңдығымен, эмоциялылығымен ерекшеленеді. Олар күшейту, ұлғайту мəніндегі сөздерді көп қолданады жəне айтайын деген ойын үзіп-жарып, толық жеткізе бермейтіндіктен, олардың тілінде грамматикалық жағынан аяқталмаған сөйлемдер орын алған.

Мұндай ерекшеліктердің болу себебін О. Есперсен жыныстар арасындағы еңбек бөлінісімен байланыстырады. Сонымен қатар ол қоғамдағы түрлі əлеуметтік жағдайлар əсерінен ер мен əйел жыны- сы арасындағы тілдік қарым-қатынас өзгеріп отыруы мүмкін деп топшылайды.

Алайда кейінгі зерттеушілер О. Есперсен тұжырымдары өте қарапайым, қалыптасқан таптаурындарға ғана негізделген, ар- найы тəжірибелік дəлелдер келтірілмеген деген сын айтады, бірақ тілдің жыныстық жіктелуіне байланысты деректерін жоққа шығара алмайды. Əрине, бұл кезеңде ағылшын тіліндегі гендерлік ерекшеліктерді дəл көрсету мүмкін емес еді. Оған біріншіден, еркек пен əйелдің əлеуметтік теңсіздігі; екіншіден, тұжырымды ғылыми тəжірибелердің аздығы себеп болды. О. Есперсен – еркек пен əйел тіліндегі ерекшеліктерге алғаш рет назар аударған лингвистердің бірі.

Сонымен, тілдегі гендер факторына байланысты жүргізілген алғашқы зерттеулер ер тілі – норма, ал əйел тілі – нормадан ауытқу дегенге саяды.

Аталған кезеңдерге тəн ерекшелік: 1) зерттеулер жүйесіз жүргізілді; 2) еркек пен əйелдің тілдік біліктілігін сипаттау бары- сында «əйел тілінің тапшылығы» тұжырымдамасы (концепция де- фицитности) қалыптасты. Дегенмен бұл кезеңде жинақталған жаңа деректер тілші-ғалымдар назарын ауда- рып, гендерлік зерттеулердің таралуы мен дамуына елеулі ықпал етті.

Əлеуметтік лингвистика аясындағы гендерлік зерттеулер

Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басынан бастап гендерлік зерттеулердің дамуына кең жол ашыл- ды. Тілдің гендерлік зерттелуі жүйелі түрде жүргізіле бастады. Мұндай өзгерістер ғылыми парадигманың ауысуы (структурализм- нен прагматикаға) мен əлеуметтік себептерден туындады.

Əлеуметтік лингвистика ғылымының қарқынды дамуы, постмодернистік таным теориясының қалыптасуы мен феминистік қозғалыстар үлкен рөл атқарды. Осы тұста бірнеше гендерлік лингвистикалық бағыт қалыптасты. Оларды зерттеу əдістері мен сипатына жəне тұжырымдық ұстанымдарына қарай жіктесек:

  • əлеуметтік лингвистикалық гендерлік зерттеулер;
  • феминистік лингвистика;
  • гендерлік зерттеулер (жыныс өкілдерін қатар алып қарастыру);
  • маскулиндік зерттеулер (ХХ ғасырдың 90-жылдарында қалыптасқан жаңа бағыт);
  • психолингвистикалық гендерлік зерттеулер. Соңғы уақытта нейролингвистикамен тығыз байланыста қарастырылып келеді. Бұл бағыт аясында биодетерминистік (еркек пен əйелдің табиғаттан берілген əр түрлі гормондық қасиеттері- нің когнитивтік ерекшеліктеріне əсерін қарастырады) жəне балалар тілін зерттеу мəселелері қамтылған.
  • лингвомəдениеттанымдық бағыттар жəне гендерлік субмəдени болжамдар.

Бұл бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, айырмашылығы шарттылық сипатта ғана болды. Сонымен, жоғарыда аталған бағыттар мынадай мəселелерді зерттеді:

  1. Тіл мен жыныстың тілдегі көрінісі: атауыштық (номинативті) жүйе, лексикон, синтаксис, тек (род) категориясы, т.б. Мұндай тəсілдің мақсаты – еркек пен əйелге қатысты қолданылатын тілдік амалдардың семантикалық таралу деңгейін анықтау, тілде жыныс өкілдерінің қалай сипатталатынын, бағаланатынын түсіндіру. Зерт- теулер бір тілдің өз ішінде жəне салғастырмалы сипатта жүргізілді.
  2. Еркек пен əйелдің сөйлеу əрекеті: тіл бірліктерін (лек- сикон) таңдаудағы гендерлік ерекшеліктер, қарым-қатынас кезінде жетістікке жету (сарапшы (эксперт) мəртебесін иелену, синтаксистік құрылымдарды таңдаудағы гендерлік басымдықтар) тəсілдері, белгілі бір мақсат-мүддеге жетуді айқындайтын гендерлікқатынастық ерекшеліктер.

ХХ ғасырдың 60-жылдары гендерлік зерттеулердің қарқынды əрі жүйелі дамуына əлеуметтік лингвистиканың ықпалы күшті болды. Əлеуметтік-лингвистикалық зерттеулер адамдарды жасы, жынысы, кəсібі жəне қалада немесе ауылда өмір сүру белгілеріне қарай топтастырып, көлемді статистикалық мəліметтер ұсынып отырды.

Əлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің бастапқы кезеңінде белгілі бір тілдік өлшемдерді белгілеу үшін алдымен сандық мəліметтер жинақталды. Бұл өлшемдер аудиотаспаға жазылып алынған ауызекі сөйлеу тілінің үлгілері арқылы жəне оларды (сөйлеушінің немесе жағдаяттың) əлеуметтік деңгейін өзара са- лыстыру арқылы анықталды. Еркек пен сөйлеу тілінен байқала- тын фонетикалық айырмашылықтар жөнінде алғашқы мəліметтер У. Лабов пен П. Траджилл еңбектерінен көрініс тапты. Олар қалыпты (стандартты) жəне қалыптан (нормадан) тыс қолданыла- тын фонетикалық тұлғалардың еркек пен əйел тіліне тəн ерекшеліктерін анықтаған.

У. Лабов Нью-Йорк тұрғындарының əлеуметтік диалектісін ауызша сұхбаттасу жазбалары негізінде зерттей келіп, тілдің жарыспалылығын сөйлеушінің əлеуметтік мəртебесі мен тілдік жағдаятқа сəйкес талдады. Ол əр түрлі əлеуметтік топ ішінде əйелдердің ерлерге қарағанда, нормадан тыс тілдік тұлғаларды аз қолданатынын көрсетті. Ауызша сұхбаттасудың үнтаспаға жазылған нұсқасын зерттеу көрсеткендей, əйел сөйлеуі орта тапқа тəн сөйлеу стиліне жақын, ол жұмысшы табы қарым-қатынасы стилінен ерекше болатыны анық. Сонымен, У. Лабовтың ұсынған гендерлік ерекшеліктерді зерттеу тəжірибесі төмендегідей болды:

  1. Зерттеу нысаны ретінде фонология алынды.
  2. Талдау жұмысы бір немесе бірнеше ақпарат беруші (инфор- мант) мəліметіне сүйену арқылы емес, адамдар тобындағы ауызша сұхбаттарға құрылды.
  3. Кез келген сөйлеуші адам тілді қолдануда құбылта алатынын (əсіресе, фонологиялық құбылтулар) жəне барлық жағдайда сөздің бір фонологиялық нұсқасын қолданып қана қоймайтыны дəлелденді. Гендер мəселесіне арналған     еңбектерде          еркектер             мен əйелдердің сөйлеу тіліндегі айырмашылықтар имплицитті (жа- сырын, көріне бермейтін) немесе эксплицитті (айқын көрінген) дəлелдерге негізделіп, биологиялық факторларға байланыстылығы имманенттік тұрғыдан сипатталуы жеткіліксіз болып табылды.
  1. Фонологиялық нұсқалар – сөйлеушінің саналы əрекетінен (бағалауынан) туындаған айтылым түрлері екені нақтыланды. Ғалымның квантитативтік талдау əдісі кейінгі кезде де де кеңінен қолдау табуда.

П. Траджилл Ұлыбритания, АҚШ жəне басқа елдер тұрғындары арасында түрлі əлеуметтік тілдік ортадағы ерлер мен əйелдердің тіл қолданысына сараптама жүргізген. Автор əйелдердің сөйлеу əдебі ерлерден жоғары түсіп, фонетикалық, грамматикалық нормаларға сай келіп, лингвистикалық сауаттылығымен ерекшеленетіндігін атап көрсетеді. Мəселен, Норвичте (Англия) əйелдер көп жағдайда мұрын жолды «ng» дыбысын қолдануды мəртебе санайды, ал ерлер «n» дыбысын қолданады. Сол сияқты жас деңгейі əр түрлі əлеуметтік топ өкілдерінен құралған Нориджа қаласының тұрғындарының тілін зерттеу барысында да əйелдердің сөйлеудің «мəртебелік», яғни қалыпты нұсқасын қолдануға бейім екенін анықтады.

Ғалым тілдегі гендерлік ерекшелікті ер мен əйелдің қоғамда белгіленген əлеуметтік орнымен байланыстыра қарайды. Əйелдерге фемининдік рөл – дəлдік, əлеуметтік жəне лингвистикалық нормалардың қатаң сақталуы тəн, ал ерлерге маскулиндік – батылдық, беріктік, дөрекілік тəн. Əйелдер атқаратын кəсіп түрлері (мұғалім, шаштараз, медбике, т.б.) əр түрлі əлеуметтік топ өкілдерімен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді, осының өзі кəсіп иелерінің тілдік қолданысын ерекшелейді. Маскулиндік мінез əсіресе төменгі əлеуметтік топтағы ерлер тілінен жиі байқалады. Олар «бүркеме мəртебе» таптаурынын қалыптастырып, тілдегі көп ауытқуларға жол беріп отырған.

Бұл кезеңде жүргізілген зерттеулерден алынған мəліметтер- дің қай-қайсысы болса да, гендерлік таптаурындар тұрғысынан түсіндірілді: ерлермен салыстырғанда, əйелдердің қалыпты (нор- маға сай) тұлғалардың басым қолданылу себептерін, біріншіден, кəсіби ортада əйелдердің өзін-өзі таныту, өзін-өзі мойындату мүмкіндігі аз болғандықтан, олар басқа символдарға, əсіресе сыртқы сымбаты мен сөйлеу əдебіне ерекше көңіл бөледі; екіншіден, əйелдер бала тəрбиесінде маңызды рөл атқаратын болғандықтан, олар балаларына «дұрыс сөйлеу» үлгісін үйретуге тырысады.

Кейінгі зерттеулердегі мəліметтер бойынша, сөйлеу тілінің қалыпты жəне қарапайым түрлерінің тұрақтануы сөйлеушінің жы- нысына қатысты анықталмайды, еңбек нарығындағы жағдаяттарға байланысты немесе топішілік əлеуметтік қатынастар күшіне байла- нысты жүзеге асады. Осы ретте П. Никольс «əйел» категориясының біржақты емес екендігіне алғаш көңіл аударған болатын: «Олар (əйелдер) барлық «əйел жағдайына» ортақ деп танылған жалпы əсердің нəтижесі арқылы емес, нақты əлеуметтік жағдаятқа таңдау жасайды. Зерттеулер нəтижесі сөйлеу тілінің стандартты түрі – əйел тіліне тəн деген қағиданың жалпыға ортақ емес екендігін көрсетті.

Сонымен, ілгеріде келтірілген дəйектемелерден байқағаны- мыздай, еркек пен əйелдің сөйлеу əрекетінен байқалатын айырмашылық белгілері олардың тек əлеуметтік гендерлік рөліне байланысты деу жеткіліксіз. Сондықтан тілдің жарыспалылығы себебін анықтау гендерлік рөлмен шектеліп қалмай, сол гендерлік рөлді қалыптастыратын сөйлеу тəжірибелерін де зерттеуді қажет етті. Бұл идеялар бірнеше жылдардан соң Д. Танненнің еңбектерінде жалғасын тапты. Ол еркектер мен əйелдердің қарым-қатынасы стиліндегі айырмашылықтарды жұптық қарама-қарсылық (бинар- лық оппозиция) тұрғысынан түсіндірді. Əйелдердің көпшілігі үшін қарым-қатынас – бұл достық қатынасты, ортақ мүдделерді қалыптастыру, ниеттестік білдіру құралы болып саналады. Олардың өзара қарым-қатынасы иерархиялы емес, ал еркектердің көпшілігі үшін қарым-қатынас – бұл бəсекелестік, мəртебелік иерархиясын өзінің білімімен, күшімен көп ақпараттанғандығын жариялап көрсету жəне күшейту болып табылады. Осы ұстаным тұрғысынан ғалым еркектер мен əйелдер арасындағы қарым-қатынас стилін бір жыныс өкілінің екіншісіне үстемдік етуімен емес, жағдаятты əр түрлі түсіну, əр түрлі нəтиже күту, яғни қарым-қатынас стиліне байланысты екенін айқындайтын көптеген дəлелдер келтіреді.

Еркек пен əйелдің сөйлеу əрекетін əлеуметтік-лингвистикалық тұрғыдан зерттеу гендер туралы түсінікті тереңдетіп қана қойған жоқ, сондай-ақ жеке лингвистикалық білімнің жетілуіне негіз болды. Гендерді жас ерекшелігі, мəртебе, этникалық құндылықтар сияқты əлеуметтік өлшемдер санатында қарастыру тілдік жарыс- палылық себептері, сөйлеу ерекшеліктері, тұлғаралық жəне мəдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері (сыпайылық стра- тегиясы, өзара түсініспеушілік мəселелері, қарым-қатынастың бұзылуы), нақты сөйлеу актілері (қошемет білдіру, т.б.) мен жанр- лары (сұхбат, т.б.) туралы түсініктерді кеңейте түсті. Қарым- қатынастағы сəтсіздік, басымдық таныту, үстемдік ету (сөйлеу- шінің əңгімесін бөлу, ойын аяқтауға мүмкіндік бермеу, сөйлеу тақырыбынан ауытқу) жəне басқа да өлшемдер жаңа қырынан анықталды.

Дегенмен, аталған зерттеулердің   көпшілігінің   əдіснама- лық жағынан кемшіл тұстары да баршылық. Себебі, олардың қорытындылары тар көлемде, шағын материалдар негізінде ғана жасалып, жалпыға тəн белгілер ретінде ұғынылды. Сондықтан гендерді əлеуметтік-лингвистикалық бағытта қарастырған алғаш- қы еңбектерде ұсынылған зерттеу нəтижелері (еркектік пен əйелдік белгілерін (қасиеттерін) өзгермелі, көп категориялы деп тану) ғаламдық деңгейде тұжырымдау үшін жеткіліксіз болды.

1970-1980 жылдардағы гендер мен тіл мəселесін зерттеу ба- рысында əйелдер мен еркектердің сөйлеу əрекетіндегі айыр- машылықтар аксиома деп танылып, лингвистикалық зерттеулерге бастапқы негіз болды. Нəтижелерді түсіндіру (интерпретациялау) үш идеологиялық парадигма шеңберінде жүргізілді: тапшылық (дефицитность), үстем етушілік (доминирование) жəне айыр- машылық (различие).

Тапшылық парадигмасы тілдегі əйелдер рөлінің жетіспеу- шілігін басты нысан етіп алады: еркек тілі норма ретінде қабылданып, ал əйел тілі нормадан ауытқушылық деп түсініледі. Осындай тəсіл гендерлік зерттеулердің бастапқы кезеңдеріне тəн болды. Бұл О. Есперсен мен Ф. Маутнер, Р. Лакофф еңбектерінде көрініс тапқан.

Үстемдік ету парадигмасында тілдік формалар мен үлгілер əлеуметтік патриархаттық тəртіптің көрінісі ретінді түсіндіріледі. Соған сəйкес қарым-қатынастағы гендерлік асимметрия еркек- тердің дəрежесін күшейту ретінде танылады: мысалы, əңгіме бары- сында сөзді бөлу билік пен бақылау жүргізудің көрінісі деп санала- ды. Үстемдік ету парадигмасына қатысты Ч. Крамери, Д. Спендер, П. Фишман, В. Де Франсиско, т.б. еңбектерінде қарастырылды.

Үшінші парадигманың, яғни айырмашылық парадигмасын танытатын өкілдер қатарында Д. Таннен мен «екі мəдениет» («əр түрлі, бірақ өзара тең») тұрғысынан əйелдер мен еркектер арасындағы қарым-қатынасты қарастырған басқа да зерттеушілер бар (Д. Мальц, Р. Боркер). Бұл ұстаным Д. Танненнің зерт- теу тəсілдері арқасында əлеуметтік тіл білімі саласында да өзінің жақтастарын тапты. Д.Таннен кейін əлеуметтік тіл білімі қағидалары тұрғысынан еркектер мен əйелдер қарым-қатынасы стиліне берілген ой-пікір, бағалауларынан бас тартты.

Аталған парадигмалардың ортақ кемшілігі – көрсетілген гендерлік айырмашылықтардың біржақты болуы. Бұл біріншіден, əйелдер мен еркектердің сөйлеу əрекетіндегі ұқсастық белгілерін зерттеу шеңберінен тыс қалдырғанынан болса, екіншіден гендерлік сəйкестілікті статикалық (өзгермейтін) түрде қарастырудан болды. Еркек пен əйелді үстемдік ету, бағыну, сыпайылық таныту, өзін- өзі ұстау, зияттылық, қабілет жəне т.б. қағидалар бойынша қарама- қарсы қоятын болса, онда бұл анықтамалардың рөлі топішілік айырмашылықтарды тануда жеткіліксіз болып білінбей қалады.

Еркек пен əйелді ішкі байланыстар бойынша əр түрлі етіп көрсету, қарама-қарсы күйде түсіндіру тілді құрылымдық тұрғыдан қарастыру тəсілінен бастау алады жəне гендерді эссенциалистік тұрғыдан, яғни ішкі (табиғи) əйелдер мен еркек- терге тəн қасиеттер жиынтығы тұрғысынан ұғынумен байланысты болады. Осыған ұқсас түсініктер тіл мен гендер байланысының əлеуметтік гендерлік таптаурындарға қатысын зерттеу барысында ғылыми таптаурындардың үстелуіне себеп болды. Таптаурындар тіл мен гендер туралы аялық білімнің бөлігі бола отырып, ғылыми ақиқаттың негізі ретінде қабылданады.

Əлеуметтік құрылымдау тұрғысынан гендер – бұл еркек пен əйелдің күнделікті қарым-қатынас əлемі; бұл қарсы тұруға келмейтін, бас тартуға болмайтын əлеуметтік тəртіптің жүйелі сипаты; ол сана құрылымында əрдайым өңделіп, қалыптасып отырады [Гриценко 2005, 67 б.]. Зерттеушінің міндеті – еркек пен əйелдің қарым-қатынасында осы əлеуметтік тəртіптің қалай қалыптасатынын анықтау. Осылайша тіл мен гендер əлеуметтік тəжірибеде берік орын алған деуге болады. Бұл дегеніміз жеке адам өз мақсаттарына жету үшін тілдік таңдау жасап қана қоймайды, сондай-ақ белгілі шектеулерді (институционалды жəне идеологиялық) ескере отырып, əрекет етеді.

Феминистік лингвистика жəне тілдегі феминистік сын

ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдардың ба- сында Америка мен Германияда пайда болған «əйелдердің жаңа қозғалысы» əсерімен гендерлік зерттеулер феминистік сипат алды. Тіл білімінде феминистік лингвистика немесе тілдегі феминистік сын деп аталатын өз алдына арнайы бағыт пайда болды.

Феминистік лингвистика патриархатты, яғни қоғамдық жəне мəдени өмірдегі еркектердің басымдығын сипаттайды. Бұл зерт- теу нысанына сəйкес, өзіндік əдіснамасы бар, адам туралы ғылым салаларының (психология, əлеуметтану, этнография, антрополо- гия, тарих, т.б.) нəтижелерін лингвистикалық зерттеулерге кең пайдаланатын, тіл саясатын жетілдіру идеяларын берік ұстанған, ғылыми пікірталасқа құрылған бағыт [Кирилина 2005, 21-27 бб.].

Феминистік лингвистика өкілдері Робин Лакофф, Джени- фэр Коатс зерттеулерінде əйел тілі жан-жақты талданды. Атап айтқанда, Робин Лакофф 1973 жылы жарияланған «Language and Woman’s Place» («Тіл жəне əйелдің тілдегі орны») атты зерттеуінде əйел тіліне тəн лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді сара- лап, ағылшын тіліне «Women’s language» (əйелдер тілі) терминін енгізді. Зерттеушілердің көпшілігі (У. О’Барр, Б. Аткинс, Дж. Ко- атс, т.б.) Р. Лакофтың тілдік амалдар қызметін шектеп, «əйелдер тілін» ғана бөліп көрсету ұстанымын сынға алып, «Women’s Language» («əйелдер тілі») терминін, соған ұқсас, «Pawerless Language» («əлсіз тіл») атауымен алмастыруды ұсынды.

Р. Лакофф жыныс өкілдерінің бірдей сөз қолданысы стильдік тұрғыдан əр түрлі қабылданады, себебі адамның психикасы мен сөйлеу ерекшелігі арасындағы байланыс лексикалық, синтаксистік жəне семантикалық материалдар арқылы тілде көрініс табады. Соған сəйкес, ер адамның сөйлеу стилі нормаға сай, айқын əрі салмақты болып келсе, əйелдің сөйлеу стилінде өзінің табиғатына лайық сыпайылық басым деп түсіндіреді [Антинескул 2000, 73- 76 бб.]. Сонымен қатар автор лингвистикалық сезімталдық жəне бақылау əдістерін негізге ала отырып, əйел тілінің бірқатар айы- рым белгілерін анықтады, соның ішінде:

  • əйелдер мүддесі мен қызмет ету ортасына байланысты ар- найы сөздік;
  • айқын, дəл сипатталған түр-түс белгілері;
  • жай-күйді, эмоционалды қатынасты бейнелейтін сын есім түрлері (сүйкімді, тамаша, керемет, т.б.);
  • сенімсіздік мəнін білдіретін айырым сұрақтар (солай емес пе? солай сияқты еді ғой?)
  • əңгімені бəсеңдету, мойындату мəніндегі сөздер мен фраза- лар (сол тəрізді, қалай айтсам болады екен, сол сияқты);
  • эвфемизмге бейімділік жəне асыра сыпайылық білдіру;
  • аса биязылық.

Осы аталған белгілердің біразы əлеуметтік тіл біліміндегі зерттеулерде эмпирикалық талдаулардың нысаны болды. Зерттеушілердің бірқатары Р. Лакоффтың қорытындысын мақ- ұлдаса, кейбірі келіспейтіндіктерін білдірді, теріске шығарды. Айталық, ерлі-зайыптылар арасындағы əңгіме жазбасына талдау жасау, студенттер ортасындағы семинар сабақтардағы сұхбаттарға талдау жүргізу, ересек, егде жастағы кісілердің əңгімелеріне талдау жасау барысында айырым сұрақтарын əйел қауымы жиі қолданатыны байқалды; ал конференцияларда, пікірталастарда, кəсіби ортадағы əңгімелесу барысында айырым сұрақтарын еркек- тер көп қолданатыны анықталды.

Соңғы жылдары əйел тілін зерттеу басқаша бағытта, яғни əйелдер тобындағы қарым-қатынасты талдауға көшті. Бұған дейін əлеуметтік тіл білімінде респондент рөлінде тек əйелдер алынған бірде-бір зерттеу болмаған еді.

Дж. Коатс өзіне дейін жарияланған зерттеу еңбектерге шолу жасай келе, тілде жинақталған көлемді эмпирикалық материалдар негізінде «əйел тіліне» қатысты дəстүрлі ұғымға жаңаша түсінік берді. Ол алдымен, қоғамда қалыптасқан əйелдердің сөйлеу стиліне көпсөзділік пен боссөзділік тəн деп есептеп, олардың əңгімеге араласпауын тиімді қатынастық саясат санайтын тап- таурын белгілердің мəнін ашуға тырысты жəне əйел тіліндегі сыпайылық, əдептілік нышанын білдіретін тілдік құрылымдарды (қыстырма сөздер, риторикалық сұрақтар, қайталаулар, т.б.) нақты атап, олардың əрқайсысының стильдік қызметін талдап көрсетті [Коатс 2005, 146-148 бб.].

Қоғамдағы еңбек бөлінісі əсерінен əйелдер тілінде бола- тын нормалық өзгерістер Р. Маколое, С. Ромейн, П. Никольс еңбектерінде тəжірибелік зерттеулер арқылы дəлелденген болатын [Антинескул 2000, 86 б.].

Жалпы алғанда, феминистік лингвистикалық зерттеулер екі бағытта жүргізілді. Біріншісі – əйелдерге қарсы бағытталған1 тілдік асимметрияларды анықтау мақсатындағы зерттеулер. Зерттеушілер Сепир Уорф тұжырымына сүйене отырып, бұған дейін патриархал- ды мəдениетте белең алып келген маскулиндік қалыпты өзгертіп, тілдік нормаларды қайта қарап, жаңа тілдік саясат жасауды өздеріне міндет етті.

Феминистік лингвистиканың екінші бағыты ер мен əйел арасындағы тілдік қарым-қатынаста байқалатын патриархалды таптаурын белгілерді анықтап, соған сəйкес гендерлік зерттеулер жүргізуді мақсат еткен. Зерттеулер телевизиялық ток шоу, дəрігер мен емделуші арасындағы диалогтар, отбасындағы қарым-қатынас, т.с.с. əңгіме түрлерін қамтыған [Кирилина 2005, 17-18 бб.].

Тіл білімінде феминистік лингвистиканың теориялық қағидалары төңірегінде талас пікірлер, айтыстар көп. Əсіресе,

1 Бұл жерде əйелдерді төмен санап, жағымсыз қасиеттерін баса көрсететін, тілде кең етек жайған патриархалды таптаурын туралы болып отыр. Еркектер мен əйелдердің тілдік қатынастың ақиқат бөлігі (пре- суппозициясы) күрделі сынға ұшырады [Кирилина 2005, 21-27 бб.]. Солардың қатарына Х. Коотхофф мыналарды жатқызады: ынта (интенционализм), жыныс факторына телінген жалпыға бірдей мəнділік (омнирелеванттық), мəн-мəтін рөлін ескермеу, этнолингвистикалық белгілерді жеткілікті бағаламау, гендерлік бейімделу кезеңдерін (бала жас, жасөспірім шақ) тым əсірелендіру [Коттхофф 2005].

а) Феминистік лингвистика өкілдері патриархаттық үстемдік ықпалымен əйелдердің өздерін тəуелді етіп ұстауы, ерлердің өздерін жоғары бағалауы олардың сөйлеу əрекетінен аңғарылады дейді. Көп жағдайда əйелдерге қарағанда, еркектер əлеуметтік мəртебеге жəне билікке ие болады. Еркектік үстемдік нақты сөйлеу əрекетінде көрініс береді. Оны бірқатар микрофеномен- дер деңгейінде түсіндіруге болады: ойды не сөзді бөлу, реплика- ларды қосарластыру, дискурстық-тақырыптық бақылау жасау, т.б. Осының барлығы феминистік лингвистикада анықталғандай, еркектер тарапынан билік үшін күрестің саналы түрде көрінуін дəйектейді.

С. Хиршауер гендерлік мəртебені нығайту үшін үздіксіз ынта (интенционалдық) талап етілмейді дей келіп, И. Гоффманның əлеуметтік конструктивтілік (конструктивизм) идеясын алға тар- тады. Ынтаны жақтаушылар гендердің орнығуы мен жоралануын, бүтіндей алғанда əлеуметтік құрылымның жоғары мəнге ие болаты- нын ескере бермейді. И. Гоффман атап көрсеткендей, еркектік пен əйелдік белгілер орнығады, дағдыға айналады, жоралық сипатқа ие болады. Осыдан келіп, əлеуметтік институттар (мектеп, шіркеу, əскер, т.б.) өз ішінде гендерлік саты қалыптастырады. Ал оны жеке адам үнемі барлық жағдайда жүзеге асыруды қажетсінбейді [Кири- лина 2005, 20-23 бб.] .

ə) Бастапқы феминистік зерттеулер жыныс – тұлғаның өзін- өзі жекелендіретін жалпыға бірдей мəнділігін айқындаушы деген тұжырымды негізге алды. К. Уэст пен Д. Зиммерманның пікірінше, жеке адамның гендерлік сəйкестілігі оның əрбір əрекетіне еніп, көрініс тауып отыратын үздіксіз үдеріс [Уэст, Зиммерман, 1997]. С. Хиршауер қоғамда жынысқа қатыссыз жағдайлар мен əрекеттер жетерлік, жас ерекшелігі, этникалық, əлеуметтік деңгей, білім дəрежесі, кəсіби факторлар тұрғанда гендерге ерекше мəн берудің, яғни жеке адамның күллі əрекетіне жаппай қатысты етудің қажеті жоқ дейді. Оған қоса аталған өлшемдердің өзара тығыз əрекеттестігі олардың бірінің екіншісіне ықпал ету шекара- сын анықтауда қиындық тудырады, сондықтан ғалым «гендерлік бейтараптық» факторын ескеруді ұсынады. Гендерлік сəйкестілікті қалыптастыруда оның үздіксіз қасиетін жою үшін үздіксіз емес (дискреттік) сипатының болуын талап етеді.

Х. Коттхоффтың пікірінше, сыпайы, əдепті тіл – əйелдің сөйлеу əдебіне тəн ерекшелік, бірақ ол жоғары əлеуметтік мəртебелі тұлғалардың қарым-қатынас стилін айқындайтын белгілердің де бірі. Сондықтан ғалым гендерлік тұрғыдан өзін-өзі таныту əрекетін эмпирикалық жағынан анықтау өте қиын дей келіп, осы үдерісті та- нытып белгілеу үшін «сатылық мəнділік» (градуированная релевант- ность) терминін енгізген жөн деп есептейді.

Кейбір ғалымдар феминистік бағыттағы гендерлік лингвис- тикалық зерттеулер тіл саясатын түбірлі өзгертуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді деп есептейді. Сөйтіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап тіл білімінде (АҚШ пен Германияда) тілдік феминистік сы- нау немесе феминистік лингвистика бағыты пайда болды жəне де ол бүгінге дейін жалғасуда. Феминистік лингвистика өкілдері тіл жалпы адамға қатысты болмай, андроөзектілік сипат алып, тек ер адамдық бағытты ұстанады деген тұжырымды сынға алады. Олардың тұжырымдауынша, тілде кемсітушілік басым, жыныстық шектеу бар, соның ішінде ерлерді үлгі ретінде бейнелейтін тілдік тəсілдер жеткілікті, ал əйелдер нысан түрінде, екінші реттік мəнде ұғынылады. Көптеген тілдерде еркек жəне адам ұғымдары теңдестірілген, əйелдер жағымсыз реңкте бағаланады. Жыныс тілдік қарым-қатынаста да шешуші фактор болып табылады.

Феминистер өздерінің саяси бағытын ашық жариялады: тілдегі патриархаттық пен жынысқа тəуелділіктің белгілерін айқындап, олар- мен батыл күресуді жəне тілді түбірлі өзгертуді талап етті. Дегенмен олардың «дүрліктіру» кезеңіндегі батыл қадамдарының біразы жүзеге аспады, тек кейбіреулері ғана шешімін тапты. Кейіннен феминистік пікірлер толқуы біртіндеп сейіліп, байыпты зерттеулерге орын берілді. Гендерді жас ерекшелігі, мəртебе, этникалық құндылықтар сияқты            əлеуметтік    өлшемдер           санатында                қарастыру     тілдік жарыспалылық себептері, сөйлеу ерекшеліктері, тұлғаралық жəне мəдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері (сыпайылық стратегиясы, өзара түсініспеушілік мəселелері, қарым-қатынастың бұзылуы), нақты сөйлеу актілері (қошемет білдіру, т.б.) мен жанрлары (сұхбат, т.б.) туралы түсініктерді кеңейте түсті. Қарым-қатынастағы сəтсіздік, басымдық таныту, үстемдік ету (сөйлеушінің əңгімесін бөлу, ойын аяқтауға мүмкіндік бермеу, сөйлеу тақырыбынан ауыт- қу) жəне басқа да өлшемдер жаңа қырынан анықталды.

Дей тұрғанмен, аталған зерттеулердің көпшілігінің əдіснама- лық жағынан кемшіл тұстары да баршылық. Себебі, олардың қорытындылары тар көлемде, шағын материалдар негізінде ғана жасалып, жалпыға тəн белгілер ретінде ұғынылды. Сондықтан гендерді əлеуметтік-лингвистикалық бағытта қарастырған алғашқы еңбектерде ұсынылған зерттеу нəтижелері (еркектік пен əйелдік белгілерін (қасиеттерін) өзгермелі, көп категориялы деп тану) ғаламдық деңгейде тұжырымдау үшін жеткіліксіз болды. 1970-1980 жылдардағы гендер   мен   тіл   мəселесін   зерт- теу барысында əйелдер мен еркектердің сөйлеу əрекетіндегі айырмашылықтар аксиома деп танылып, лингвистикалық зертте- улерге бастапқы негіз болды. Нəтижелерді түсіндіру (интерпре- тациялау) үш идеологиялық парадигма шеңберінде жүргізілді: тапшылық (дефицитность), үстем етушілік (доминирование) жəне айырмашылық (различие).

Тапшылық парадигмасы тілдегі əйелдер рөлінің жетіспеушілігін басты нысан етіп алады: еркек тілі норма ретінде қабылданып, ал əйел тілі нормадан ауытқушылық деп түсініледі. Осындай тəсіл гендерлік зерттеулердің бастапқы кезеңдеріне тəн болды. Бұл О. Есперсен мен Ф. Маутнер, Р. Лакофф еңбектерінде көрініс тапқан. Р. Лакоффтың пікірінше, əйелдер тілінің ерекшелігі оны «əлсіз», «сенімсіз» жəне «биліксіз» етіп танытады, мұның өзі əйелдің қоғамға толықтай тəуелді, бағынышты екенін көрсетеді. Қазіргі əйелдердің осындай сөйлеу стилін жалғастыра беруінің себебін ғалым қыз бала тəрбиесімен байланыстырады: «Отбасын- да, қоғамда қыз балаға қойылатын талаптар, олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіндегі мадақталатын не сыналатын жағдайлар əсері- мен бірте бірте айырым белгілері де жинақтала бастайды.

Үстемдік ету парадигмасында тілдік формалар мен үлгілер əлеуметтік патриархаттық тəртіптің көрінісі ретінді түсіндіріледі. Соған сəйкес қарым-қатынастағы гендерлік асимметрия еркектер- дің дəрежесін күшейту ретінде танылады: мысалы, əңгіме бары- сында сөзді бөлу билік пен бақылау жүргізудің көрінісі деп санала- ды. Үстемдік ету парадигмасына қатысты Ч. Крамери, Д. Спендер, П. Фишман, В. Де Франсиско, т.б. еңбектерінде қарастырылды.

Үшінші парадигманың, яғни айырмашылық парадигмасын танытатын өкілдер қатарында Д. Таннен мен «екі мəдениет» («əр түрлі, бірақ өзара тең») тұрғысынан əйелдер мен еркектер арасындағы қарым-қатынасты қарастырған басқа да зерттеушілер бар (Д. Мальц, Р. Боркер). Бұл ұстаным Д. Танненнің зерт- теу тəсілдері арқасында əлеуметтік тіл білімі саласында да өзінің жақтастарын тапты. Д. Таннен кейін əлеуметтік тіл білімі қағидалары тұрғысынан еркектер мен əйелдер қарым-қатынасы стиліне берілген ой-пікір, бағалауларынан бас тартты.

Көп сөйлеу немесе вербалды ашу білдіру, үнсіз қалу, ойын жасы- рын білдіру бір жағдайларда əйелдерге тəн деп түсінілді де, ал келесі бір жағдайларда бұл ерекшеліктер еркектерге тəн деп танылды.

Аталған парадигмалардың ортақ кемшілігі – көрсетілген гендерлік айырмашылықтардың біржақты болуы. Бұл біріншіден, əйелдер мен еркектердің сөйлеу əрекетіндегі ұқсастық белгілерін зерттеу шеңберінен тыс қалдырғанынан болса, екіншіден, гендерлік сəйкестілікті статикалық (өзгермейтін) түрде қарастырудан болды. Еркек пен əйелді үстемдік ету, бағыну, сыпайылық таныту, өзін- өзі ұстау, зияттылық, қабілет, т.б. қағидалар бойынша қарама- қарсы қоятын болса, онда бұл анықтамалардың рөлі топішілік айырмашылықтарды тануда жеткіліксіз болып білінбей қалады.

Еркек пен əйелді ішкі байланыстар бойынша əр түрлі етіп көрсету, қарама-қарсы күйде түсіндіру тілді құрылымдық тұрғыдан қарастыру тəсілінен бастау алады жəне гендерді эссенциалистік тұрғыдан, яғни ішкі (табиғи) əйелдер мен еркектерге тəн қасиеттер жиынтығы тұрғысынан ұғынумен байланысты болады. Осыған ұқсас түсініктер тіл мен гендер байланысының əлеуметтік гендерлік таптаурындарға қатысын зерттеу барысында ғылыми таптаурындардың үстелуіне себеп болды.

Гендерлік айырмашылықтарды анықтаумен айналысқан тілші-ғалымдар үшін кейбір таптаурындардың мəнін түсіндіру қиынға соқты. Өйткені олар дайын гендерлік түсініктерді жеткізуге қолайлы болды. Дегенмен аталған мəселелер тағы ту- ындап, ғалымдардың қайтақайта қарастыруына тура келді. Бұл қарастырулардың қорытындылары кейде дəйексіз болды, кейде теріс нəтиже берді. Алайда, зерттеу барысында тұрақты ұстаным- дар берілгеннің өзінде де осы мəселеге арналған жұмыстың құрылымы, сілтемелері, дəйектемелері мен дəлелдері нəтижесі оң, мазмұны дұрыс тұжырымды дəлелдеуге тырысты: таптаурындар тіл мен гендер туралы аялық білімнің бөлігі бола отырып, ғылыми ақиқаттың негізі ретінде қабылданады.

Еркек пен əйел тілін таптаурындарға сүйене отырып талдаудан бас тартқан П. Эккерт пен С. Мк Коннел-Джине тіл мен гендердің байланысын жергілікті қауым арасында күнделікті тəжірибеде зерттеу керек дейді. Оның себебі: 1) гендерді əлеуметтік сəйкес- тендіру мен əлеуметтік қатынастардан бөліп алып қарастыру мүмкін емес; 2) гендер əр түрлі қауымда/мəдениетте бірдей мағына бере бермейді; 3) гендердің лингвистикалық сипаты əр қауымда/ мəдениетте түрленіп, өзгеріп отыруы мүмкін.

Д. Камерон тіл мен гендерді нақты (еркек пен əйелді нақты мəн-мəтіндерде зерттеу) жəне кешенді (гендерлік өлшемдерді əлеуметтік қатынас типтерімен жəне сəйкестендірудің басқа да түрлерімен өзара байланыста зерттеу) түрде зерттеуді ұсынады. Бұл реттегі талдау үлгілері құрылымдау мен тəжірибеге негізделеді.

Бұлармен қатарласа тіл ғылымында гендерді əлеуметтік лингвистикалық, психолингвистикалық, лингвомəдениеттанымдық тұрғыдан зерттеуді нысана еткен өзге де бағыттар пайда болды. Тағы бір атап өтерлігі сол – кейінірек ер адамға қатысты маскулиндік зерттеулер де бой көрсете бастады. Олар қоғамда қалыптасқан ер адамдық нормалар мен талаптарды ажыратып, белгілі бір мəдениет аясында ерге тəн тілдік белгілердің ерекшеліктерін анықтап, ер жынысының əлеуметтік құрылымдануын айқындауды көздеді.

Əлеуметтік құрылымдау тұрғысынан гендер – бұл еркек пен əйелдің күнделікті қарым-қатынас əлемі; бұл қарсы тұруға келмейтін, бас тартуға болмайтын əлеуметтік тəртіптің жүйелі си- паты; ол сана құрылымында əрдайым өңделіп, қалыптасып отыра- ды. Зерттеушінің міндеті – еркек пен əйелдің қарым-қатынасында осы əлеуметтік тəртіптің қалай қалыптасатынын анықтау.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close