Қоғам

ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ-4

Қала тұрғындары мен қонақтары үш жүздің басын қосқан, береке мен бірліктің мекені болған Ордабасы ауданының мәдениет күндеріне ризашылықтарын білдірді. Келесі рухани-мәдени көшті Отырар ауданының өнерпаздары жалғайды.

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдениет күндері өтті. Шараға ауданның тумасы, әлем ақыны, Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов арнайы қонақ болып, ризашылығын білдірді. Алдымен «Киелі Отырардан – қасиетті Түркістанға» атты рухани керуен көші келді. Ұлы көште әлемге әйгілі ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби, күш атасы – Қажымұқан, этнограф Өзбекәлі Жәнібеков, Тәушен Әбуова, Мұхтар Шаханов, Әселхан Қалыбекова, Шәмші Қалдаяқов сынды тұлғалар бейнесі сомдалған. Біртуар азаматтар бастаған көштің қатарында Отырардың әнші-күйші, жыршы өнерпаз жастарыда бар.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы – Әділхан Мәліктің туындыларынан көркемсурет көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. Сонымен қатар, ауданның жетістіктері мен кітап көрмесі жасақталған. Отырарлық қолөнер шеберлерінің, ағаш ұсталарының және құмыра жасаушылардың көрмесі аясында шеберлік сағаттары өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі жәрмеңкеге ұласып, «Ұлы дала дәстүрі» айдарымен киіз үйлерде халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді.

«Сайын даланың сал-серілері» сазды композициясы ұсынылып, «Сырлы  кесе» биімен сахна шымылдығы ашылды. «Отырар – өнерлі орда» атты Өнер және саз мектебі, Балтакөл ауылдық «Дәстүр» әжелер ансамблі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Көпшілікке бие, түйе сауып көрсетілді.  «Ботаны қырқынан шығару», киіз басу, құрт жаю мен май пісу, тағы басқа ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтар ұлықталды. «Алтыбақан» жастар ойын-сауығы өтті.

Ал кешкі сағат 18:00-де «Керуен сарай» кешенінде елімізге белгілі өнерпаздардың қатысуымен «Өнерлі өлке – Түркістан» атты аудан өнерпаздарының гала концерті өтеді. Кеш қонақтары – сатира сардарлары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен айтыс ақтаңгері  Анар Жаппарқұлова және ән өнерінің жұлдыздары Хадиша Шалабаева, Берік Сексенбек, Ермахан Әшіров. Кешті белгілі журналист Қайырхан Мәулен мен Гүлімқұлжа Сейтқазы жүргізеді.

Түркістан қаласында отырарлық өнерраздар өнер көрсетті. «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен күмбірлеген күй, мың бұралған би де көрініс тапты.

Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов сөз алып, қасиетті қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.

– Ежелден «Ұлылардың Отаны» саналған киелі Отырар өңірі өзінің көптеген талантты, дарынды перзенттерімен мақтана алады. Кешегі ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби мен рух сардары Өзбекәлі Жәнібеков, тіл жанашыры Өмірзақ Айтбайұлы, Әлем ақыны Мұхтар Шаханов, ән падишасы Шәмші Қалдаяқов, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов, айтыстың ақберені Тәушен Әбуова, халық ақыны Әселхан Қалыбекова секілді тұлғалар сөзіміздің дәлелі болары анық. Бүгінде ұлы тұлғаларымыздың ізін басып келе жатқан талантты жастарымыз да аз емес. Бүгінгі Отырар ауданының мәдениет күндері аясында «Киелі Отырардан – қасиетті Түркістанға» рухани керуен көші Түркістан қаласына келіп отыр. Алдағы екі күн бойы отырарлық өнерпаздардың концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылып, қолөнер және қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалап, ежелгі көшпенділер мәдениетімен танысып, қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрпы көріністеріне куә боласыздар. Осынау шарада баршаңызды отырарлық өнерпаздардың өнері мен ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруына куә болып, рухани сусындап қайтуға шақырамын, – деді.

Кеш барысында сатира сардарлары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен айтыс ақтаңгері Анар Жаппарқұлова және ән өнерінің жұлдыздары Хадиша Шалабаева, Берік Сексенбек, Ермахан Әшіров арнайы қонақ болып, «Бақыт айдынында» бишілері, «Бастау» тобы мен «Қыздар» триосы және тағы басқа аудан өнерпаздарымен бірге өнер көрсетті.

Түркістанда биылғы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі Отырар ауданының мәдениет күндерімен қорытындыланды. Көше театры үлгісінде   Этноауылда «Ми палау» сахналық қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Мәдениет күндері аясында ұлттық ойындар да насихатталды. «Ұлттық ойын –ұлттың игілігі» атауымен арқан тарту, асық ату, қошқар көтеру, садақ ату және қазақша күрес, тағы басқа түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар халық фольклорынан Таусоғар, Алдар көсе, Қожанасыр және Желаяқ пен  Мешкейлер де қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық тағам түрлерінің дайындалу жолы көрсетілді.

Алғашқы күні «Киелі Отырардан – қасиетті Түркістанға» атты рухани керуен көші келіп, ауданның тумасы, әлем ақыны, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов арнайы қонақ болды. Суретші Әділхан Мәліктің туындыларынан көркемсурет көрмесі және ауданның жетістіктері мен кітап көрмесі жасақталды. Отырарлық қолөнер шеберлерінің, ағаш ұсталарының және құмыра жасаушылардың көрмесі аясында шеберлік сағаттары өткізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі жәрмеңкеге ұласып, «Ұлы дала дәстүрі» айдарымен киіз үйлерде халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Көпшілікке бие, түйе сауып көрсетілді.  «Ботаны қырқынан шығару», киіз басу, құрт жаю мен май пісу, тағы басқа ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтар ұлықталды. «Алтыбақан» жастар ойын-сауығы өтті.

Ал кешкісін «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертте ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен күмбірлеген күй, мың бұралған би де көрініс тапты. Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов сөз алып, қасиетті қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. Кеш барысында сатира сардарлары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен айтыс ақтаңгері Анар Жаппарқұлова және ән өнерінің жұлдыздары Хадиша Шалабаева, Берік Сексенбек, Ермахан Әшіров арнайы қонақ болып, «Бақыт айдынында» бишілері, «Бастау» тобы мен «Қыздар» триосы және тағы басқа аудан өнерпаздарымен бірге өнер көрсетті. Кешті белгілі журналист Қайырхан Мәулен мен Гүлімқұлжа Сейтқазы жүргізді.

Айта кетейік, Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өткізілген өнер фестивалі маусым айында басталған болатын. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырған фестивалдің басты мақсаты – мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Алғаш болып фестиваль шымылдығын күндері Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашып, 17 аудан, қала өнерпаздары бекітілген кестеге сәйкес екі күн бойы өнер көрсетті. Жеңімпаздар алдағы уақытта марапатталатын болады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close