ӨРТ СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар.
Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады.
ҚОЛМЕН СӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӨРТ СӨНДІРГІШТЕР
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын Баллондардың сиымдылығы — 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады. ОХП-10 өртсөндіргіші (1-сурет) ішінде стақан орнатылған (2), шойыннан пісірілген корпустан (1) тұрады. Стақан күкірт қышқылды темір тотығымен толтырылған. Корпус мия экстракты бар екі көміртекті натрий қышқылының (сілті) қоспасымен толтырылады.
Тұтқаны (3) 180°-қа бұрған кезде, соташық (4) резенке тығынды жоғары көтереді де, түбін жоғары қаратып аударғанда қышқылдық және сілтілік бөліктері араласады. Нәтижесінде, көміртек қос тотығы көбік
ОХП-10 типті химиялық түрінде түзіліп, шашырау арқылы жану ошағына
бағытталады. Ағынның ұзындығы 8 м жетеді.
ОВП-5 және ОВП-10 типті қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар. Балонның (2) қысу тұтқасын (3) бұрған кезде көміртек қос тотықты көбік cұптама (4) арқылы жоғары еселік қоспа шашырайды. Өрт сөндіргіштің жұмыс істеу уақыты 20 секунд, ағын ұзындығы 4-5 м дейін жетеді.
Жоғары еселі ауа-механикалық көбік түзу үшін ПГП-50, ПГ-100, ГВП-20, ГВП-600 және ГВП-2000 көбік генераторлары қолданылады. Көбік генераторы – иілгіш құбыр соңына орнатылған су ағынды эжекторлы
аппарат. Ол тор таспалары бар металл корпустан тұрады. Көбік түзуші ауаны сору арқылы сулы ерітіндінің ағынын үлестіргіштен шашыратады. Көбік тор арқылы өткен кезде ұсақ көпіршіктерге бөлінеді.
Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді.ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді.
Өрт сөндіру автомобилі(ӨСА)
Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер
жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б.
мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құралжабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін
пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС)
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) – өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10 метірге дейін ұзарады. Автомобильдік ӨСС (ұз. 16, 30 және 45 метірге дейін жетеді) және иінді автокөтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ның жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртына орнатылады.
ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ӘРЕКЕТТЕР
Тұрғын үй секторында өрттер жиі болады. Өрттерде адамдар жиі қаза болады. Сондықтан біздің кеңестерімізді тағы да оқыңыздар, керегі болар. Егер сіз өрт көрсеңіз, әрине, бірден өрт сөндірушілерді шақырыңыз, 01 қызметінің телефонистінің сұрақтарына айқын жауап беріңіз. Қай жерде жанып жатқанын, өзіңіздің телефоныңыздың нөмірін, аты-жөніңізді және қабатты айқын айтыңыз. Басқа сұрақтар қойса да ренжімеңіз (мысалы, неше подъезд, қалай жетуге болады), өрт болған жағдайда қажетсіз сұрақтар қойылмайды. Мүмкіндік болса, өрт сөндіру көліктерің қарсы алыңыз. Осының бәрі артық минуттарды сақтайды. Егер сіз түтіннің исін сезсеңіз, сым немесе электр құралы жанып жатпағандығын тексеріңіз. Егер түтін подъезден келсе, дереу шаралар қолданыңыз. Не болып жатқанын анықтауға тырысыңыз. Бірақ абайлап қимылдау керек: пәтерден шыққан соң есікті жабыңыз, әйтпесе пәтеріңіз подъездің түтіні шығатын үлкен түтіндік болады және оның ішінде жөндеу жұмыстарын жасамай тұруға болмайды. Ал егер түтін демалуыңызға қауіпті болса, төменге түспеңіз – 01 телефонына қоңырау соғыңыз.
Өрт болған жағдайда адамның үйден жүгіріп шығу әрекеті зардапқа әкеліп соқтырады. Есікті жабыңыз, тесіктерді, желдету тесіктерді сулы шүберекпен жабыңыз да, өрт сөндірушілерді күтіңіз. Үйден шығуға тырыспаңыз (тек егер сіз бірінші қабатта тұрмасаңыз), тіпті лифтпен түспеңіз. Екі-үш баспалдақ
аралығынан өтіп, жану өнімдерімен улануға болады, ал лифтті өрт кезінде кез келген уақытта сөндіріп тастауы мүмкін. Егер басқалар өрт сөндіру күзетін шақырған болса да, өзіңіз де телефон соғып, қай пәтерде отырғаныңызда хабарлаңыз. Бұл ақпарат рация арқылы өрт орнына беріледі және қажетті жағдайда өрт сөндірушілер сізге көмегін тезірек көрсетеді: әр пәтердің (қонақ үй бөлмелерінің) есігін бұзып ашқаннан гөрі нақты адреспен
жүрген тезірек болады. Егер сіз есінен танып қалған адамды шығарсаңыз, оның үстін сулы шүберекпен немесе көрпемен жабыңыз. Адамның үстіндегі киім жанған жағдайда, оның жүгіруіне жол бермеңіз (от тез жанады), үстіне тығыз шүберекті жабыңыз, аса қажетті болса жығып құлатыңыз. Өрт сөндіргішті қолданбауға тырысыңыз, өйткені адамның терісі зақымданады. Егер сіз қолданған шараларға қарамастан, пәтерге немесе қонақ үйдің бөлмесіне түтін және ыстық кірсе, балконға шығып, құтқарушыларға белгі беру қажет.
Өрт сөндірушілердің дәстүрлі кепілдемелері:
— ешқашан төсекте жатып шылым шекпеңіз;
— балаларды отты қолдануға үйретіңіз; егер сіз оларға әбден сенбесеңіз,
олардың қолына сіріңкенің түсуіне жол бермеңіз;
— қосылған электрқұралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе үтіктерді, жылытқыштарды, теледидарларды;
— қолдан жасалған электр құралдарын қолданбауға тырысыңыз;
— бір розеткаға үлкен қуатты бірнеше тұрмыстық құралдарды қоспаңыз;
— электр сымдарының жағдайын байқап жүріңіз, өзіңіздің қауіпсіздігіңізге үнемдемеңіз, электр қалқанында “жучок” қолданбаңыз;
— газ плитаның үстіне лактарды және бояуларды қыздырмаңыз,
плитаның үстінде киімдерді кептірмеңіз;
— шатырларға, жертөлелерге, балкондарға, эвакуация жолдарына бөтен заттар қойып, шашпаңыз, балкондарда жанатын заттарды сақтамаңыз – бір пәтерден бірнеше қабаттарға барған тік өрттер
болу оқиғалары белгілі;
— тек өзіңіздің пәтеріңіздің қауіпсіздігіне ғана емес, үйдің, ауланың қауіпсіздігіне көңіл аударыңыз: шатырлар және жертөлелер кездейсоқ адамдардан жабық болу керек; тұрғын үйдегі кез келген шаруашылық
жұмыстар (жертөледегі шеберханалар, дәнекерлеу жұмыстары) қауіпті
– бұзушылық жағдайында өзіңіздің өрт қадағалау инспекторынан көмек сұраңыз.
ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өртсөндірушілерді шақырту.Егер өрт қатты жанып тұрмасада, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тезкету керек. Түтін өрттенде қауіпті болады.
СІЗДІҢ ӘРЕКЕТІҢІЗ :
Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап
ауызыңызбен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткен ітүтін жоғарыға
ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
Егер өрт кішкентай бөлмеде болса,онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз,ауa өртті күшейтіп жібереді. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса,онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалтсаңыз онда сізді арқанмен тартып өрттен алып шыға алады.Ауызбен мұрынды ылғалды шүберекпен жабыңыз. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері:
1.Бастың айналуы
2.Бас ауруы
3.Жиі дем алуы
4.Жүрек айнуы
5.Сананы жоғалтуы
ПӘТЕРДЕГІ ӨРТ
101 тел. бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз.
• Далаға балалар мен қарттарды шығарыңыз.
Электр автоматты ажыратыңыз (баспалдақ алаңындағы қалқаншадан}.
Терезелерді жабыңыз. Қою түтін кезінде есікті жабып дереу пәтерден кетіңіз.
• Еңкейіп немесе еңбектеп жүріңіз (төменде түтін аз).
• Басты және денені дымқыл матамен жабыңыз.
• Егер де баспалдақ арқылы шығу мүмкін болмаса балкон сатысын пайдаланыңыз; егер ол болмаған
жағдайда, есікті мықтап жауып балконға шығыңызда «Өрт!» деп айқалаңыз.
• Мүмкіндігінше өрт орны туралы айтыңыз.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның
пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық
құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою
үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
ЖИҺАЗ ЖАНУЫ .Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады. Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді. Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз.
АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ .
Адамды тез жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
ӨРТТІҢ ШЫҒУЫНАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!!!