Қоғам

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАҢЫЗ

Түркістан облысында өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шомылу маусымы кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке Түркістан  облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы капитан О. Дуйсен қатысты.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы О.Дуйсен өз кезеңінде «Суға шомылу маусымындағы» атқарылып жатқан іс-шаралар бойынша атап өтті. Ағымдағы жылы облыс су айдындарында суға түсу маусымын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді. Онда суға шомылу кезеңінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар кешені қарастырылды.

Қазіргі уақытта 1154 рейдтер жүргізілді, оған 3281 адам қатысты. Су айдындарындағы демалыс орындарын ұйымдастыру үшін 27 орын қарастырылған.

Облыс аумағында 111 суға түсуге тыйым салынған орын анықталып, облыстық маслихат шешімімен бекітілді. Өткен жылы ол жерлерге 256 тыйым салу белгісі орнатылды.

Балаларды жүзуге үйрету бойынша облыс аумағында  97 қаңқалы модульдік бассейн жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылы жазғы кезеңде облыстың су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 580 еріктілер мен жұмыспен қамту орталығынан 81 азамат үгіт-насихат жұмыстарына тартылуда.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close