Қоғам

ТАБИҒАТҚА ҰҚЫПТЫ ҚАРАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласының полицейлері қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа "нөлдік төзімділікті" қалыптастыруға, "Заң және тәртіп" қағидатын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізіп келеді.

Аталған іс шара Түркістан қаласынан бөлек, облыс көлемінде Полиция департаментінің қалалық және аудандық бөлімдерінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу, жалпы пайдалану орындарын ластау, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде қоқыс тастайтын немесе ағынды суларды төгетін адамдарды анықтау бойынша жұмыс атқаруда. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 27 000-нан астам құқық бұзушыны жауапқа тартты. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 6314, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін — 16731 және жолдарды ластаған 4155 бұзушыға қатысты тиісті шаралар қабылданып, хаттама толтырылды.

Сонымен қатар полицейлер жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, абаттандыру ережелерін бұзуға, жасыл желектерді зақымдауға және қоршаған ортаны қорғау қажеттілігіне жол бермеу туралы халыққа түсіндірме жүргізуде. Өз кезегінде полиция қызметкерлері бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды өз қалаларын және туған өлкелерін абаттандыруға өз үлестерін қосуға шақырды

Түркістан –  Түркі халықтарының рухани астанасы. Соңғы жылда көне шаһар ерекше гүлденіп, көркейіп, нағыз облыс орталығына айналып шыға келді. Елбасы Жарлығымен облыс орталығы болып құрылыса сала мен де осында қызмет ауыстырдым. Алғашқыда рухани қалаға үйренісе алмай қиналғанымды жасыра алмаймын. Аптап ыстық, қысы-жазы бетіңді қарпып тұратын ыстық-суық желі, ауа-райы, климаты едәуір қиындық тудырғаны рас. Оның үстіне мұнда құрылыс жұмыстары бастау алып, тоқтаусыз жүріп жатты. Іле-шала  мен отбасыммен Түркістан қаласындағы 1-ші мөлтек ауданға қоныс аударып келдім. Сол кездегі ауланың сыйқын, ондағы қоғамдық тәртіп пен тазалықтың, қала тұрғындарының мәдениетіне үрке қарап таңғалғаным рас. Бәрі көзге оғаш көрінетін…

Ал, қазір ше? Қазір бәрі өзгеше. Соңғы 6 жылда қала қалай көркейсе, мұндағы тұрғындардың да мәдениеті мен ұстанымдары өзгеріп, қалыпты нағыз қалалық тұрмысқа бейімделе бастады. Ең бірінші, көшедегі көлік қозғалысы ретке келді. Ығы-жығы тәртіпсіз қойылатын көліктердің легі бүгінде көзге көрінбейді. Қала көшелері күрделі жөндеуден өтіп, барлық қоғамдық орындарда ескертпе, сақтық бағаналары, бейнекамералар орнатылды. Аула-аулаларда полиция бекеттері ашылып, қоғамдық тәртіпті сақтау ісі мықтап қолға алынды. Бүгінде облыс орталығындағы барлық аулаларда тәртіп сақшалары сәт сайын көлікпен бақылау жүргізіп отырады. Барлық мөлтек аудандарда түнгі жарықтандыру мен бейнебақылау бағаналары орнатылды. Бұл да болса, қоғамдық тәртіптің орнауына өзіндік септігін тигізуде. Қаламыздағы қоғамдық тәртіпті сақтауда «Қауіпсіз қала» болуына өзіндік үлесін қосып отырған мемлекеттік мекеменің бірі – Түркістан қалалық полиция басқармасы екені даусыз. Бүгінде мұнда  500-ден аса қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспектор қоғам тыныштығын сақтауға  үлес қосып келеді. Қалада қылмыстың азаюына соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. Сондай-ақ бүгінде тәртіп сақшылары өз қызметінде киелі қаланы қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала ету бағытына басымдық беруде.

Түркістан қаласының  бас полицейінің  мәлім­деуінше, жыл басынан бері от­басындағы жанжал бойынша 580 шақырту түскен. Оның 360-ы ішімдік ішіп алып, шаңырағында шу шығарғандардың үлесінде. Мас болып, жанжал шығарғандарға қатысты 11 қылмыстық іс тіркелсе, 153 дерек көлік тізгіндеуге байланыс­ты орын алған. Демек қылмыстардың көп тіркелуіне ішімдік едәуір әсер етуде деген сөз. Бұл орайда қаланың рухани болмысы мен тұрғындардың тұлғалық ерекшелігін айшықтау мақсатында «ішімдіксіз қала» мәртебесіне жету полиция қыз­меткерлері үшін де маңызды іс. Сондай-ақ басқарма бас­шы­сы «Керуен сарай» сауда әрі ойын-сауық кешенінің бас­шы­лы­ғы және «Бірлік» шағын ауда­нындағы кафе иелерімен қа­уіп­сіздікті сақтау бойынша бір­лесе жұмыс істеу жө­нін­­­де келісім жасалғанын жеткізді. Бұдан бөлек, басқарма қызметкерлері Түркістан қаласы бойынша сервистік полиция мо­­­де­лін қалыптастыру мақ­са­тында «Қауіпсіз қала», «Қа­уіп­­сіз жол» іс-шараларын тұ­рақ­ты түрде өткізіп, рейдтер ұйымдастырып отырады.  Қазіргі таңда бұл жұ­мыстар өз жемісін бере бастады.

Түр­кістан шаһарында тұрғындар­мен ашық әрі тығыз байла­ныс орнату, «сервистік полиция» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Облыстық поли­ция департаменті басшылығы­ның тапсырмасына сәйкес, тұр­ғындардың қауіпсіздігі мен құ­қықтарын қорғау жұмыста­ры барынша күшейтіле түсті. Қоғамдық тәр­тіпті сақтау, тұрақтылықты ту ету басты орынға шықты. Ша­һарда «Азаматтарға ар­нал­ған қабылдау» фронт-кең­сесі жұмыс істеп тұр. Жаңа орта­лықтың ашылуы арқылы полиция қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Кеңес беріп, жаңа форматта жұмыс істеуде. Соның бірі – арыз-шағымдарды бейнежазу арқылы қабылдау. Арнайы техникамен жарақталған бөлме бар, сол жерде шағымданушы­ның сөзін, айғақ заттарын таспаға басып алуға болады. Бұл өз ке­­зе­гінде іс қағаздарының бұр­маланбауына әсер ететін бір­­ден-бір фактор.

Сондай-ақ по­ли­ция басқармасының бас­шы­сы тұрғындарды қо­ғам тыныш­ты­ғын бірлесе қам­та­масыз етуге шақыруда. Жалпы, қала тәртібін сақтау, оны таза ұстау, қоғамдық орындардағы мүліктердің бүлінбейіне мән беру, ластамау, көшедегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау сынды жауапты істерде көне қала тұрғындарының басты міндеті болуы тиіс.

«Түркістан қалалық полиция басқармасы бірқатар маңызды жобаларды қолға алған.  Солардың бірі –  «Қауіпсіз жол» іс-шарасы.  Бір  айға жоспарланған республикалық «Қауіпсіз-жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жоғары деңгейде  өтті.  Аталған іс-шара барысында  жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қызметкерлермен бірге орталық көшелерде бірнеше рет рейд жүргіздім. Яғни, түрлі жол апаттарының алдын алу, болдырмау мақсатында Әмір Темір мен Тоқаш Бокина көшелерінің қиылысында жол қозғалысы ережесінің сақталуын қамтамасыз етті. Түркістан қаласының бас полицейі қауіпсіздік белдігін тақпаған, көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескен құқық бұзушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Оларға полицейлер тиісті заңды шара көру үшін әкімшілік хаттамалар толтырған.

Айта кетер болсақ «Қауіпсіз-жол» іс-шарасының алғашқы  10 күнінде Түркістан қаласы бойынша қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған 350-ге жуық азамат анықталған. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» 591-бабы « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 41 хаттама 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» 7 хаттама толтырылған.

Тәртіп сақшылары жайында қоғамда түрлі қөзқарас қалыптасқан. Бірі оларға дән риза болып мақтаса, енді біреулер үлкен реформа қажет деп есептейді. Айтқандай, қайта құру бұған дейін де талай рет жүргізілген еді. Нәтижесі жоқ деп айтуға келмейді. Себебі мамандардың сөзінше соңғы жылдары Түркістанда аты шулы қылмыстардың саны едәуір азайған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында полицияны бағалау өлшемдерін түбегейлі өзгерту, полиция қызметінің сервистік модельге көшу керектігін баса айтқан болатын. Осы бағытта Түркістан қалалық полиция басқармасы  қызметкерлерінің сервистік модельге көшуі қарқынды іске асырылып келеді.

«Біздің негізгі мақсат – қажеттіліктерге жауап беретін және қоғаммен серіктестікте жұмыс істейтін кәсіби, өкілді, жұртқа жақын, ашық әрі қолжетімді полиция қызметін құру және қалыптастыру.  Сонымен қатар сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негіздеу.

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы тарихи өңір болуымен қатар, ғасырдан ғасырға дейін жалғасып, өзінің кереметтілігімен туристерді тартып, олардың ағылып келуіне ықпал етуі тиіс. Ол үшін біздің рухани астанамыз нағыз қаіпсіз қалаға айналуы керек. Сондықтан қасиетті мекенді туризм орталығына айналдыру жұмыстары үзіліссіз жүзеге асырылып жатса, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, солардың тілінде еркін сөйлейтін полицейлердің қатарын арттыру ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан мықтап қолға алынды. Сондай-ақ, туристік аймақтарда «SOS» батырмасы орнатылды. Яғни өңірімізге келген турист, еліміздің азаматы полиция тарапынан жәрдемді қажет етсе немесе қауіпке тап болған кезде бірден көзге көрінікті орындарға қойылған «SOS» батырмасына қолын апарып басып, болған жайт бойынша хабар бере алады.

Арнайы хабарлама бірден полиция қызметкерлерінің жедел желісіне түседі. Оператор сол мезетте жақын маңдағы полиция қызметкерін көмек қажет орынға бағыттап, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алады.  Сонымен қатар осы қызметті мобильдік қосымша арқылы да алуға болады. Яғни батырма тақталарынан бөлек арнайы қосымшалар да жетілдіріліп, қолданылып келеді. Негізі мұндай жобалар өз кезегінде туристерге жайлылық пен қауіпсіздік береді.

«Сервистік полицияны дамытуда стационарлық бекеттер мен туристік полицейлерді де мысал ретінде айтып өтуімізге болады. Себебі бұл жобалар өз кезегінде халық пен мемлекет үшін маңызды әрі аса қажетті екендігі  дәлелденіп отыр. Стационарлық полиция бекеттері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда қала аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында адамдар көп шоғырланатын жерлерде  10-нан астам стационарлық бекеттер қойылып, жұмыс істеп тұр. Әрбір стационарлық бекетте қызметкерлер кезекшілікке түсіп, тәртіпті қадағалайды. Аталмыш бекеттердің барлығы заманауи техникамен, атап айтқанда портативті бейнетіркеуіштермен, радиостанциялармен және планшеттермен жабдықталған.

Тағы бір ерекшелігі, стационарлық бекеттер сыртқы бейнебақылау камерасымен жабдықталып, жедел басқару орталығына қосылған. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу бойынша қызмет атқаруда.

Түркістан қаласында  туристік полиция 2019 жылдан бері қызмет етіп келеді. Яғни рухани астанамыздағы тарихи музейлер орналасқан аймақтарда  туристік полиция қызметкерлері бөлінген. Үш жылдан бері Түркістан қаласында  туристік полиция қарқынды қызмет етіп келеді.

«Басты мақсат –  елімізге келіп жатқан шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекетіміздің имиджін арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау. Туристік полицейлер арнайы киім, қажетті техника және құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Тарихи нысандарды аралап жүруге өте ыңғайлы арнайы электромобильдермен жабдықталған. Негізі туристік полицияның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджінде туристік тартымдылығын арттыру, елімізге шетел азаматтарының келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету және оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету», – дейді Түркістанның бас полицейі.

Туристік полицейлердің ел тарихы мен шет тілдерін жетік меңгеруіне де  аса мән беріліпті.  Осы мақсатта бүгінде Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университеті жаңадан бой көтеріп, туристік орталыққа қажетті мамандарды даярлауға кіріскен. Соның ішінде полиция қызметкерлері де осы білім ордасында біліктіліктерін арттыруда. Мәселен, бұл университетте жыл басынан бері 492 полиция қызметкері білім алып шығыпты. Олар ағылшын, түрік тілдерін тереңдете оқып, алыс-жақын шетелдерден келген азаматтарға қамқоршы, қала тарихын жетік білетін білікті маман екенін көрсету бойынша курстан өтуде.   Ендігі мақсат осы жылдың соңына дейін аталған жоғарғы оқу ордасынан білім алған полицейлердің санын 1000-ға жеткізу. Олардың ішінде халықпен тығыз байланыста болатын Түркістан қалалық Полиция басқармасына бағынысты учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция және ювеналды полиция құрылымдарының қызметкерлері де бар.

Яғни тәртіп сақшыларымыз Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 3 күн бойы шет тілдерін тереңдете оқып білім алады. Одан бөлек келген туристермен қалай байланыс орнату керектігін үйренеді. Түркістан қаласының тарихын жатқа біледі. Содан соң осы алған білімдерін сынақ тапсыру арқылы дәлелдейді. Курс соңында полицейлерге арнайы сертификаттар табысталады.

Міне, осындай   іске асырылып жатқан тың жобалардың арқасында елімізге пайда әкеліп, әлемге танылуына себепкер болатын туристердің саны одан әрі көбейіп, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі және оларға көрсетілетін қызмет сапасы да арта түспек. Себебі біздің басты ұстанымымыз – қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қылмысты болдырмау.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close