БілімҒылымҚоғамСаясат

ТҮЛКІБАСТА ЕР БАЛА ЗОРЛАНДЫ

Түлкібас ауданында 10-сынып оқушысы ата-анасына 5 жыл бұрын қорланғанын айтқан

Оның шындықты айтуына «әскерге барасың» деген бір ауыз сөз себеп болған. Осы оқиғадан кейін ата-анасы абдырап қалған. Кейіннен Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенқызынан көмек сұраған.

Нұрайым Шақимергенқызы:

«Ата-анасы келіп, маған жылағанда жерді тырмалап, тырнақтары қалмаған. Бала 5 жыл бойы қандай күй кешті?! Мектеп жасындағы балаларға буллинг дегеннің не екенін осы бастан айту керек», – деді.

Сонымен қатар депутат соңғы кездері дипломды сатып алған мұғалімдер балалармен жұмыс жасай алмайды деп ойлайтынын да айтты. Оның ойынша, психолог мамандарды тексеріп барып жұмысқа қабылдау керек екен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close