Қоғам

УЛЫ ӨСІМДІКТЕРМЕН ЖӘНЕ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН УЛАНҒАН КЕЗДЕГІ КӨМЕК-3

Симптоматикалық терапия. Бұл түрмен улануды емдеу калий перманга¬натмен (1:5000), 0,5% танин ерітіндісімен, белсендірілген көмірдің сулы жүзгіндерімен (бір стақан жылы суға 1 – 2 ас қасық) немесе магний оксидімен (20 – 30г) асқазанды жуып тазаладан басталады.

Іш өткізу үшін зонд арқылы 200мл вазелин майы енгізіледі. Ол болмаған жадайда тұзды іш өткізгіш құрал (100мл суға 20–40г на- трий сульфаты) белгіленеді. Сусыздану көрінісі орын алып улану ауыр өтетін жағдайларда көктамырға тамшымен тәулігіне 3 л. дейін плазмоалмастырғыштар (натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, полиглюкин) енгізіледі.

Бұдан әрі емдеу белгілердің басымдылыған байланысты жүргізіледі. Егер көз қарашығының тарылуы, пульстің нашарлауы, артериальді қысымның түсуі, қатты тершеңдік пен сілекей бөлінуі (мускаринді синдром) байқалса 30-40 мин. аралығында нәтиже болғанға дейін (қалыпты жағдайда 3-4 рет) тері астына 1мл 0,1% атропин ерітіндісі инъекциясын жасау ұсынылады.

АҚ қалыпты жағдайындагаллюцинация және сандырақтау, көз қарашығының ұлғаюы және тахикардия белгілері бар өткір психомоторлы қозу көрінісі орын алса тері астына 5мл 0,5% прозерин ерітіндісін енгізу ұсынылады. Атропин қарама-қайшы келеді. Психомотролы қозудың барлық жағдайларында,галлюцинация көрінісі орын алса бұлшықетке 2 – 5мл 2,5% аминазин ерітіндісі енгізіледі. Дене температурасы жоғары болған кезде зардап шегушіні ылғалды шүберекке орап, басына суық басады.

Жедел гастроэнтерит синдромын туғызатын саңырауқұлақтар

Улы саңырауқұлақтардың көптеген топтарымен жағдайлары жиі кездеседі, олардың негізгі көріністер жеделгастроэнтерит синдромы түрінде байқалады. Оларды кірпішқызыл және күкіртті-сары жалған түбіртектер, сары түсті шампиньондар, кейбір паутинник түрлері, дұрыс пісірілмеген күзгі түбіртектер, пісірілмеген және суға салып қойылмаған сүттектестер,груздилер мен волнушкалар туғызады. Бұл саңырауқұлақтар ішек-қарын жолдарының шырышты қабығын өршелендіреді.

Клиникалық картинсы. Улану белгілері саңырауқұлақтарды тамаққа пайдаланғаннан кейін 1-2 сағат ішінде білінеді және құсуға апаратын жүрек айнуы, іш өтуі, асқазан мен ішектік ауырсынуынан байқалады. Қатты улану кезінде организмнің тез сусыздануы қатты шөлдеу, сіңір тартылуын, қан айналымының бұзылуын, жүрек қызметінің әлсізденуін туындатады. Сау адамдардың осыған ұқасас уланулары жақсы аяқталады. 1-3 күн аралығында толық сауығады. Егер зардап шегуші бауыр, бүйрек, сүрек ауруларымен ауырса әлсіз қарт адамдар мен балалар арасында өлім жағдайы байқалады.

Симптоматикалық терапия. Бұл түрден улануды емдеу және жедел көмек көрсету токсиндармен улану нәтижесіндегігастроэнтериттер барысында қолданылатын жалпы әдістеме бойынша симптоматикалық құралдары арқылы жүзеге асырылады: асқазанды жуу, іш өткізетін құралдарды, адсорбенттер мен плазмалық сұйықтықтар белгіленеді.

Саңырауқұлақтардың токсинділігі мәселелерін қарай отырып, тамаққа жағымсыз жерлерден жиналған жеуге жарамсыз және улы саңырауқұлақтарды пайдалану барысында улану мүмкін екенін ескерту қажет.

Саңырауқұлақтардың адам денсаулығына қауіпті мөлшерде ауыр металдардың тұздарын және басқа да зиянды заттарды жинау қабілеті белгілі. Және де, қоршаған ортаны ластау көздері болып табылатын ірі автомобиль жолдары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жанынан саңырауқұлақтар (жидектер мен емдік өсімдіктер) жинауға болмайды. Ақауыздың бұзылу процесі бсталған пісіп кеткен, ескі саңырауқұлақтарда улану туғызады.

Улы өсімдіктермен улану Аконит

Аконит (бәрпі, көгілдір лютик, ыстықкөл тамыры) Ресейдің батыс аймағы мен шетелдік Европада, Сібірдің оңтүстік аудандарында және Қиыр Шығыста кеңінен таралған. Өсімдіктің барлық бөлігі әсіресе та- мыртүйнегі аса улы.

Халықтық медицинада аконит тамыртүйнегі тұнба ретінде (1: 400), буынның шығун, подагралар мен арттириттерді, радикулиттер мен невралгияны емдеуде сыртқа пайдаланылады. Әрекет ету бастамасы – алкалоид аконитин. Нейротоксинді (курареұқсас,ганглиотежеуіш), кардиоток¬синді әрекет. Өлім дозасы – 1г өсімдіктің, 5мл тұнба, аконитин алкалоидының 2мл.

Клиникалық картинсы. Улану симптомдары әр – түрлі: жүрек айнуы, құсу, тілдің, ерін мен беттің, аяқ-қол бармақтары мен башпай- ларының жанысздануы, бой түршігуі сезімі, кейіннен көздің көру қабілетінің бұзылуына (заттарды жасыл түсте көру), ауыз құрғауы, шөлдеу, бас ауруы, мазасыздану, бет бұлшықетінің, қол-аяқ сіңірлерінің тартылуы, естен тану. Тыныстау жиілейді, үстірткі, тыныс алу және шығару қиындай түседі, кенеттен тыныс алу тоқтауы мүмкін. Артериалді қысым төмендейді (әсіресе диастологиялық). Бастапқы кезеңде брадиаритмия, экстрасистолия байқалады, кейіннен – асқазан фибрил- ляциясына ауысатан пароксизмальді тахикардия байқалады.

Жедел көмек. Асқазанды жуып тазалау, ішке тұзды іш өткізгіш, белсендірілген көмір беру, форсирленген диурез, детоксикациялық гемосорбция.

Симптоматикалық терапия. Көктамырға 20 – 50мл 1% новкаин ерітіндісі, 500мл 5% глюкоза ерітіндісі. Бұлшықетке 10мл 25% магния сульфатының ерітіндісі. Сіңір тартылса көктамырға – диазепам (се- дук¬сен) 5 – 10мг внутривенно. Жүрек қарқыны бұзылса – көктамырға 10мл 10% новокаинамид ерітіндісі (қалыпты АҚ кезінде!) немесе 1 – 2мл 0,1% обзидан ерітіндісі, 20мл 40%глюкоза ерітіндісі 1мл 0,06% коргликон ерітіндісімен қоса. Брадикадия кезінде тері астына – 0,1% атропин ерітіндісі. Бұлшықетке 100мг кокарбоксилаз, 2мл 1% АТФ ерітіндісі, 5мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, 4мл 5% Вх және B6 дәрумендерінің ерітіндісі.

Тарғыл болиголдар (улы омег, тарғыл омег, жарқыраған омег, бас қатырғыш)

60 жылдары Қазақстан, Орталық Азия елдерінде де тарала бастады. Қоршаулар, құрылыстарда, бұталар астында, орман шеттерінде, жапы- рақты бөктерлерде және ауылшаруашылығы егістіктерінде арамшөп ретінде өседі. Өсімдіктің барлық бөліктері, әсіресе піспеген жемісінің құрамында (2% дейін) улы алкалоидтар бар, олардың ең қауіптісі кониин: ол жұлын параличін туындатады және аяқ-қол қозғалысы мен жүйке сезімталдығын параличтейді.

Ақжелкеннің, пастернактың, балдыркөктің, сәбіздің орнына боли- гол жапырақтары мен тамырларын, ал анистің орнына – жемістерін та- маққа пайдалану нәтижесінде улану туындайды. Болиголды анис иісі бар жеуге жарамды купырьмен (орман купырь – Anthriscussylvestris) шатастыруға байланысты балалардың улануы байқалады. Болигол- дардың ерекшелік белгілері – сабағындағы қызыл дақтар болуы, жапырағы дөңгелек, түсініксіз тышқан иісті және дәмі тіл күйдірерлік. Купырь жапырақтары төртқырлы, дәмі ащы, иісі сәбізді еске салады.

Клиникалық картинасы. Жеңіл улану барысында әлсіздік, бет өңінің қашуы, сілекей шұбыруы, тамақ «қырылы», кей кездері құсу мен іш өтуі байқалады. Аса ауыр жағдайларда: бастапқыда қозу мен сіңір тартылуы, кейіннен жабырқану мен ұйқышылдық, кей кездері – еріктен тыс өсімдік иісі бар несептің бөлінуі байқалады. Көру органының зақымдалуы симптомдары күшейе түседі: птоз (жағарқы қабақтың түсуі), аккомодация бұзылуы, көз қарашығының ұлғаюы, жарыққа әсер етпеуі байқалады. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі аз мөлшерде бұзылады. Қалыпты жағдайда сана айқын. Дене температурасы төмен. Оған тән симптом – аяқтан бастап парачичтің бастау алуы, оған кейіннен парестезиялар, тері сезімдалдығының жоғалуы, тыныс алудың нашар- лауы ілеседі. Өлімнің тікелей себебі – тыныстау бұлшықеттерінің параличі.

Ауыр жағдайларда тыныстау бұлшықеттері «қосылғанға» дейін тыныстау орталығының параличінен зардап шегуші көз жұмады. Барлық жағдайларда да өлім себебі тұншығу болып табылады.

Жедел көмек. Арнайы емі жоқ. Асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізші құрал мен зон арқылы вазелин майы белгіленеді. Тыныстаудың бұзылуымен күреске ерекше көңіл бөлінеді: қалыпты дозада тыныстау аналептигін (бемег- рид, коразол, этимизол) енгізеді, кислородпен тыныстауды қамтамасыз етеді. Қажетінше басқарылатын (жасанды) тыныстату қолданылады, уды шығаруды жылдамдату үшін осмотикалық диуретиктер немесе фуросемид пайдаланылады.

Кәдімгі утамыр

Кәдімгі утамыр (цикута, су болиголдары, су омегі) барлық Ресей аймағында таралған. Су қорымдарының жиектерінде, батпақты орман- дарда, суда да жиі өседі. Кәдімгі утамыр – аса улы өсімдіктердің бірі болып табылады. Негізгі әрекет етітін зат – цикутотоксин, ол өсімдіктің барлық бөліктерінде, әсіресе тамыр сабағында. Кәдімгі утамырмен улану көктем кезінде жиі байқалады. Негізінен бұл өсімдіктің күзде шығып, көктемге дейін жасыл болып тұратын балғын өскіндеріне, ақжелкен иісі бар жерден шығып тұратын тәтті тамырына қызығатын балалар зақым алады.

Тамыр сабағының аз мөлшері (2-3г) ауыр улану туғызуы мүмкін.

Клиникалық картинасы. Цикутотоксиннің әсер етуі өте жылдам байқалады. Алғашқы тамыр сабағы желінгеннен кейін бірнеше минут ішінде ауызда бастапқыда тәтті, кейіннен ащы дәм пайда болады, ағыл-тегіл сілекей, бас ауруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, іштің түйіліп ауруы, жүрек айнуы, құсу. Тері бозарып, көз қарашығы ұлғаяды, ұйқы келеді, тыныстау жиілейді, тахикардия өсе түседі. Әсіресе сіңір тартуы ұстамасы тән. Бас бұлшықеттерінің тартылуы басталады, барлық денеде тартылулар пайда болады. Бас артқа қарай итеріліп (опи- стотонус), аяқ күштеніп созылады, жақ тарылады. 20-30 мин. кейін тонустық тартылулар, аяқ, мойын, жақ бұлшықеттерінің тәртіпсіз клоникалық тартылуларымен жалғасады. Зақым алған адам айқайлап, тісін сықырлатады, аузынан көбік ағады. Ұстамадан кейін толық бұлшықет және жүйке әлсіздігі байқалады. Қатты улану барысында бірінен соң тартылу ұстамалары бірінен соң бірі қайталануы мүмкін. Олардың бірінде өлім орын алуы мүмкін. Жақсы аяқталған жағдайда тартылу ұстамасы тоқтайды, соңы психикалық тежелуге ілесетін терең адинамия басталады. Естен тану мен қарауыту жиі байқалады, уақытша жалпы паралич орын алуы мүмкін.

Жедел медициналық көмек. Арнайы емі жоқ.

Симптоматикалық терапия. Асқазан жуылып тазаланады, кейіннен зонд арқылы 20 – 30г натрий сульфаты (жарты стақан суда ерітілген) және 200мл вазелин майы беріледі. Тартылуды тоқтату үшін клизмамен 1г хлоралгидрат немесе бұлшықетке 5 – 10мл 5% барбамил ерітіндісі енгізіледі. Жүрекқызметін ынталандыру үшін қалыпты дозада строфантин, целанид, коргликон және басқа да осыларға ұқсас препараттар беріледі. Тыныс алу бұзылса жасанды (басқарылатын), кислородты тыныс алу және шығару қолданылады. Тартылуға байланысты аналептиктер (камфора, кордиамин) және симпатомиметиктер (норадреналин, мезатон) қарама-қайшы. Улыутамырдыңаса токсинділігін есепке ала отырып пайдалы және жеуге жарамды дәрі балдырған мен орман аюбалдырғанын айыра білу қажет, сыртқы белгілері бойынша олар бір — біріне өте ұқсас.

Үнді кенепшөбі

Үндікенепшөбі (гашиш, план, марихуана, анаша)– қауіптіулыөсімдік, құрамында есірткі заты бар.

Клиникалықкартинасы.Басындапсихомоторлықозу,көзқарашағы- ның ұлғаюы, құлақ шыңылдауы, айқын көругаллюцинациялары, кейіннен – жалпы әлсіздік, босаңдық, жылауықтық, ұзақ және терең ұйқы, пульстің ақырындауы, дене температурасының түсуібайқалады.

Жеделкөмек. Удыішкеқабылдау жағдайында асқазан жуылыптазаланады. Форсирленген диурез жасалады. Өткір қозу барысындабұлшықетке 4 – 5мл 2,5% аминазин ерітіндісі енгізіледі.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close