#Құрылыс

Ғ.ИЛЯЕВ КӨШЕСІНДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ғ.Иляев көшесі — көлік ағынының қарқындылығына байланысты магистралды көшелердің бірі. Қазіргі уақытта мұнда Сасбұқаев көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралықта, жалпы ұзындығы 2,7 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаның сметалық құжаттарында жалпы аумаққа асфальтобетон қабатын фрезалау, тегістеу және қиыршық тасты мастикалық қоспамен жоғары қабатына төсеу қаралған.

Сонымен қатар, көше бойында ені 2 метрлік жаяу жүргінші жолы және Қонаев даңғылына Бейбітшілік көшесіне дейін 1,5 метрлік веложол қаралған.
Ғ.Иляев көшесінің құрылыс жұмыстары «Корпорация Береке–А» ЖШС-гіне жүктелген және техникалық қадағалаушы «Tech Build» ЖШС-гі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close