Қылмыс/Оқиға

Шымкенттік тұрғын пәтер аламын деп, ақшасынан айырылды

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы мемлекет тарапынан берілетін пәтер алып беремін деп, сеніміне кірген. Алайда аталған пәтерді алу мақсатында кепіл ретінде 900.000 теңге салып, алаяқтық жолмен алданып қалғанын жазып көрсеткен.
Абай ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер, Сіз, алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close