Қылмыс/Оқиға

«Қару» іс-шарасы барысында 73 құқықбұзушылық анықталды

Ағымдағы жылдың 4-қазан мен 4-қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін 3600 қару иелері және 42 күзет агенттігі тексерілді. 73 құқықбұзушылық анықталды. 13 қару және 1 оқ дәрі тәркіленіп алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 4-қарашаға дейін жалғасатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close