•Рухани жаңғыру

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының аясында «ORDA ертегілері» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, зиялы қауым өкілдері, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Әзімханқызы және қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай топтастырылған «ORDA ертегілері» кітаптарының тұсаукесеріне қатысқан Шыңғыс Мұқан жарыққа шыққан туындыны қолдайтынын, ұлттық құндылықтарды аңыздар мен ертегілер арқылы болашақ ұрпақтың санасына сіңіру жолындағы «OrdaGen» жобасының жұмысына сәттілік тілейтінін айтты.

Іс-шараны жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Мархабат Байғұт жүргізіп отырды.

Шара барысында ғалым, жазушы Бегман Ысқақ, ақын, Халықаралық «Алаш», К.Симонов атындағы сыйлықтардың иегері Нармахан Бегалы, фантаст жазушы Сарманбай Исақ, журналист Базаркүл Қалбыр, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы өз ойларын ортаға салды. Сондай – ақ, №78,80 мектеп оқушылары «ORDA ертегілері» кітаптарынан үзінділер айтып, кітап жайлы пікірлерін білдіріп, балаларды ORDA ертегілерін оқуға шақырды.

«ORDA ертегілері» кітаптарының бірнеше данасы Әл – Фараби атындағы қалалық ғылыми – әмбебап кітапханасына және қалалық балалар кітапханасына сыйға тартылды, шараға қатысушыларға таратылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close