Саясат

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қарашадағы №684 Жарлығымен наградталған Еңбекші ауданының 7 анасына «Алтын алқа», 37 анаға «Күміс алқа» алқаларын аудан әкімі салтанатты түрде табыстап құттықтады.

Құттықтауға «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстаның педагогикалық академиясының профессоры», «ҚР Білім беру ісіне еңбегі сіңген құрметті қызметкері» медалінің иегері, қалалық ардагерлер кеңесің мүшесі, «Әжелер алқасының» төрайымы – Құрманбекова Шарапат Қожахметқызы қатысып, аналарға деген өз әжелік ақылы мен кеңесін бере отырып, құттықтады.

Еңбекші ауданында жалпы 7192 көпбалалы ана бар. Оның ішінде: «Алтын алқа» иегері 556, «Күміс алқа» иегері 1646.
Жыл басынан бері аталған наградаға 174 көпбалалы аналар өтініш берген болса, 2020 жылы 124 аналардан өтініштер қабылданған болатын. Былтырғы жылмен салыстырғанда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларына үміткер алтын құрсақты аналардың саны 40%-ға артқан.

Ақпарат үшін: «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларына құжаттарды тіркелген мекен-жайыңыз (прописка) бойынша қарасты аудан әкімі аппаратына тапсырасыз. Егерде Сіз еңбекші ауданының тұрғыны болсаңыз Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімі аппаратына келіп тапсырсаңыз болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close