Саясат

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан «DentaFill Kazakhstan» ЖШС дәрі және гигиеналық заттар өндірісінің құрылысы барысымен танысты. Жоба құны – 2 500 млн тенге. Кәсіпорын жылына 10 млн дана дәрілік препараттар шығаруға қауқарлы. Жаңадан 90 жұмыс орны ашылады.
2020-2021 жылы іске асыру жоспарланған нысанның бүгінде 80 % құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айында құрылысы аяқталып, желтоқсан айының басында құрылғылар орнатылады.

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, импортқа тәуелділікті азайту үшін мұндай кәсіпорындардың маңыздылығын атап өтті.
– Шымкент қаласы фармацевтика өндірісінің орталығы болуы тиіс. Қазір медициналық мақсаттағы өнімдерге сұраныс артып отыр. Жастарды өндірістік практикадан өткізіп, кәсіби мамандар даярлауды қолға алған дұрыс. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі.

Айта кетсек, кәсіпкерлерге индустралдық аймақтан 1 га жер берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту жұмыстары атқарылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close