Саясат

ТҰТЫНУШЫ ТАУАРДЫ АУЫСТЫРУҒА НЕМЕСЕ ҚАЙТАРУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Қожамұратованың қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Айман Ақанқызы онлайн сауда жасау кезінде мән беру керек ережелерді айтты.

– Онлайн сауда жасау кезінде Интернет-дүкеннің шын мәнінде барына, оның жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Телефоны, мекенжайы, реквизиті және мемлекеттік тіркеуін тексеріңіз. Төлем жүргізілген соң, міндетті түрде электронды чек жіберілуі тиіс. Бұл жағдайда тауарды ауыстыруға не қайтаруға болады. Себебі, кепілдік мерзімі тапсырыс жеткізілген сәттен бастап жүреді,– деді сала маманы.

Спикердің сөзінше, осы жылдың 3 тоқсанында 1309-дан астам арыз-шағым келіп түскен. Ол Департамент мамандарымен қаралып, Шымкент қаласы тұтынушыларына 31 000 000 теңгеден астам ақшалай қаражаты қайтарылған. Арыздардың басым бөлігі бөлшек сауда, көлік қызметтері және интернет саудасына қарасты.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа қауымдастығын құру қолға алынып жатыр. Ол Қазақстан тұтынушыларының біріңғай Ұлттық Қауымдастығы болып аталмақ.

Айта кетейік, департаменттің +7(747)936-41-84 нөмеріне хабарласып, консультация алуларыңызға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close