Спорт/Шоу-Биз

БЕЛГІЛІ САЗГЕР АСҚАР МАМЫРБАЙ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚПЕН БӨЛІСТІ

Белгілі сазгер Асқар МАМЫРБАЙ фейсбук әлеуметтік желісінде сүйінші жаңалығымен бөлісті.

«Қазақ бәйгеге ұланын қосқанда, тақымын қысып отыратыны анық. Бәйгеден озса, бөркін аспанға атып, шын қуанған. Өткен олимпиада жарыстарында да тақымымызды қыса- қыса жауыр болды. Қоланы қанағат тұтып, көштің соңында келдік. Соның өзінде жеңімпаздар елге танылды, тиесілі марапаттарын алды… Олимпиадаға кеткен есемізді қайсар ұлдарымыз әлемдік сайыстарда қайтарып жатыр. Солардың бірі — Шымкенттің тұрғыны, Түркістан облысы, Келес ауданының тумасы Қасымбаев Қалдар.

Бөркіңді аспанға үш рет атсаң болады, қазақ! Өйткені, кеше ғана Киев қаласында аяқталған Жиу- Житсу сайысында Қалдар алтын медалді жеңіп алып, әлемнің үш дүркін чемпионы аталды! Қуанарлыққа, мақтанарлыққа тұратын жеңіс! Алайда облспорт, қалалық басқарма да, қоғам да тым- тырыс! Сүйіншілеу маған бұйырған тәрізді. Бұл да бір ғанибет!

Қалдар інімізді құттықтай отырып, ел билеген азаматтар мен қоғамға құлаққағыс: кім көрінген кеудесіне тағып жүрген ордендер мен құрметті азамат атағы осындай, елдің даңқын асырып жүрген азаматтарға ылайық деп ойлаймын! Жеңістеріміз жалғасын тапқай!», — деді сазгер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close