Без рубрики

АҚШ КОНГРЕССМЕНДЕРІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АҚШ Конгресінің делегациясы Астанадағы Креативті индустрияларды дамыту қорына барып, Қазақстандағы шығармашылық саланың дамуы мен жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Америкалық қонақтарға қордың негізгі қызмет бағыттары, креативті индустрия өкілдерін қолдау тетіктері және осы салада іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.

Конгрессмендер қазақстандық шеберлер мен креативті кәсіп иелерінің еңбектерін тамашалады. Атап айтқанда, зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу, музыкалық аспаптар жасау, сән индустриясы, кілем тоқу, қыш және бейнелеу өнері бағыттарындағы жұмыстар ұсынылды.

Кездесу барысында қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттайтын музыкалық бағдарлама да көрсетілді.

Сапар аясындағы кездесу Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ креативті индустрия саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close