Спорт/Шоу-Биз

ЕРЗАТ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Шымкент мектептерінің оқушылары Халақаралық спорт додаларында ел мақтанышына айналып жүр. Сондай жас спортшының бірі — Ерзат Каналбаев. Ол қаламыздағы №23 мектеп-лицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы.

Ерзат Каналбаев «Дүниежүзілік мектеп ойындары» атты Сербия қаласында өткен таэквандодан ІІІ орын иеленді. Ол 20-25 мамыр аралығында таэквандодан Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 49 келі салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін дипломмен марапатталған.
Сондай-ақ, 2018 жылгы Шымкент каласында өткен республикалык спорт мектеп интернат арасындагы турнирінде 3-орын, 2019 жыл республикалык Астана ашык турнирде 1-орын иеленген. Қазіргі таңда Ерзат Каналбаев «кандидат мастер спорта» атағын иеленуде. Әлі талай байрақты бәсекелерде Ерзаттың жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім білдіреміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close