#Жастар

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӘҢІР БЕРГЕН ТӘТТІ СЫЙ» 

Шымкент қалалық Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік — тәңірдің берген сыйы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік қазаққа қанмен, жанмен келген қасиетті де киелі ұғым. Көк аспанның астында көк тудың күнделікті желбірегенін көріп жүрген бізде де арман жоқ. Тарихтың тереңіне көз салар болсақ, бабаларымыз еңселі ел болуды ертеден-ақ ойлаған.

Сол жолда талай қан төгіліп, қанша жас қыршын кетті. Арғысы көк түріктің сарынынан, бергісі Махамбеттің жырларынан Көк бөрі ұрпағының көкке ұмтылысын айқын көре аламыз.

Ісшарадан үлкен әсер алған жастар «Бүгінгі күнге мың шүкір!» десті. Ендігі тәуелсіздікті сақтап қалу бүгінгі жас буынның қолындағы дүние екенін білді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close