ҚАЗАҚТАРДЫ “МАМБЕТ” ДЕГЕН КӘСІПКЕР 4,5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қарағандыда әлеуметтік желіде “Қазақстан мамбеттерімен” жобасы арқылы танылған кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Прокурор Фарида Сәдуова айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Прокурор: “Қылмыс қасақана және ауыр санатта”
Айыптаушы тараптың ойынша, Мұхамадиева өз әрекетін саналы түрде жасаған.
Прокурордың айтуынша, бұл іс ауыр санаттағы және қасақана жасалған қылмысқа жатады.
Сондықтан ол соттан айыпталушыға нақты жаза тағайындауды сұрады.
Сонымен қатар, прокурор жәбірленушілердің мүддесі қорғалуы тиіс екенін айтып өтті. Оның сөзінше, Мұхамадиева өзіне сеніп қаржы аударған азаматтардың сенімін теріс пайдаланған.
Айыпталушының баласы барын ескеріп,жазаны кейінге қалдыру ұсынылды
Прокурор Фарида Сәдуова айыпталушының 2023 жылы туған баласы бар екенін де ескерді.
Осыған байланысты ол жазаны дереу орындауға жібермей, төрт жылға кейінге қалдыруды ұсынды.
“Заң бойынша кішкентай баласы бар аналарға қатысты мұндай жеңілдік қарастырылған. Сондықтан жаза тағайындалған жағдайда оны кейінге қалдыруды сұраймын,” – деді прокурор.
Еске сала кетейік, “Қазақстан мамбеттері” жобасы арқылы танылған тұлға
Алика Мұхамадиева әлеуметтік желіде “Қазақстан мамбеттерімен” атты сатиралық жобасымен көпшілікке таныс болған.
Кейін ол өзін кәсіпкер, инфлюенсер ретінде таныстырып, әлеуметтік желіде түрлі сауда және жарнама жобаларын іске асырған.
Алайда уақыт өте келе бірқатар азаматтар Мұхамадиевадан тауар немесе қызмет алғанымен, уәде етілген өнімді алмағандарын айтып, полицияға шағымданған.
Кейбір зардап шеккендер бірнеше жүз мыңнан миллион теңгеге дейін қаржы жоғалтқанын мәлімдеген.
Тергеу барысында Мұхамадиеваның әрекеттерінде алаяқтық белгілері бар деп танылып, іс сотқа жіберілген.
Айыпталушы өзін кінәлі деп санамайды
Сот отырысында Алика Мұхамадиева өз кінәсін мойындаған жоқ.
Ол кейбір төлемдер кешіктірілгенін мойындағанымен, алаяқтық жасау ниеті болмағанын айтты.
“Мен ешкімді алдаған жоқпын. Кейбір тауарлар жеткізушілерден кешігіп келді, бірақ бәрін қайтаруға тырыстым,” – деген болатын ол сотта.
Оның қорғаушысы да дәл осы уәжге сүйеніп, клиентін ақтау немесе жазаны жеңілдету туралы өтініш білдірді.
Үкім жақын күндері шығады
Қазіргі таңда сот процесі жалғасып жатыр.
Сот алдағы уақытта тараптардың соңғы сөзін тыңдап, үкімді жарияламақ.
Қоғамда бұл іс үлкен резонанс тудырған, себебі Мұхамадиева – әлеуметтік желіде көп аудитория жинаған танымал тұлғалардың бірі.
Желі қолданушыларының бір бөлігі оны қолдап, ал екінші бөлігі зардап шеккен азаматтардың жағында.