Без рубрики
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БОСАНУ КЕЗІНДЕ ӘЙЕЛДІҢ ЖАТЫРЫНАН АЛТЫ МИОМА ТҮЙІНІ АЛЫНДЫ
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері күрделі операцияны сәтті жүргізді.

35 жастағы жүкті әйелге жоспарлы кесарь тілігі жасалып, босану барысында жатырдағы алты миома түйіні алынды.
Дәрігерлердің мәліметінше, миома жүктіліктің ерте кезеңінде анықталған. Соған қарамастан мамандардың тұрақты бақылауының арқасында әйел жүктілікті 37 аптаға дейін жеткізіп, дені сау нәрестені дүниеге әкелді.
Алдымен хирургтер сәбиді аман-есен босандырып алған. Одан кейін бірден миомэктомия операциясын жасап, көлемі 4-тен 10 сантиметрге дейін жететін алты түйінді алып тастаған.
Мамандардың айтуынша, операцияның күрделілігіне қарамастан, жатырды сақтап қалу мүмкін болған. Қазіргі уақытта ана мен баланың жағдайы жақсы.



