Без рубрики
62 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ ИНТИМДІК ЖЕРІНЕ ЖАСЫРЫП ӨТКІЗБЕК БОЛЫП ШЕКАРАДА ҰСТАЛДЫ
Шекара қызметі Каспий теңізі арқылы қатынайтын Әзірбайжан бағытындағы паромда күдік тудырған жолаушыны тексеру барысында ірі заңбұзушылықтың бетін ашты.

62 жастағы әйел ел аумағына 34 дана алтын зергерлік бұйымды заңсыз алып өтпек болған. Мәліметтерге сәйкес, әйелдің жүріс-тұрысындағы күмәнді әрекеттер шекарашылардың назарын аударған. Ол өзін жайсыз сезініп, жиі іш тұсын ұстаған. Осыған байланысты қосымша тексеру жүргізіліп, күдік расталған.
Тексеру нәтижесінде оның денесінен сақина, білезік және сырға секілді 34 зергерлік бұйым табылған. Барлық бұйымдар тәркіленіп, заңсыз тасымалдау әрекеті тоқтатылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша құқықтық тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.



